7


  • Учителю
  • «Жақсылықпен жаным дос.» Өзін-өзі тану сабағының жоспары

«Жақсылықпен жаным дос.» Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала















«Жақсылықпен жаным дос.»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары







































</







Орындаған: «№3 Күршім гимназиясының» КММ

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі-

Маликова Нургуль Рафхадқызы

2016-2017жыл





Мектеп №3К8рш3м гимназиясы Мерзімі: 24.10.16 № 8 сабақ

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық, қамқорлық.

Мұғалім: Маликова Н.Р Сынып - 5 «д»сынып



Сабақтың мақсаты: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың дұрыс әрекет құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

  • оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;

  • жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

  • мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.



Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 5Т ережесін еске салу

Жайлы, баяу музыка қойылады.

  1. Тыныштық сәтi. Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: АРҚАҢЫЗДЫ ТІК ҰСТАП ОТЫРЫҢЫЗ. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)



  1. Үй тапсырмасын тексеру

Жақсылық жасаған кездеріңді суретке түсіру

Көрме жасау



  1. Әңгімелеу.

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе … мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Жағада адам қандай көріністің куәгері болды?

Адамның «Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсын» деген пікірмен келісесіңбе?

Баланың бойында қандай қасиетті байқадың?

Баланың орнында болсан не істер едің?



Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.





4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.



Оқушылар «Дұрыс әрекет» практикасын жасайды.

Жағдаяттар келтіру:

Апаны жолдан өткізу; бұлақ көзін қоқыстан тазалау,



Өзіңнің жасаған жақсылықтарын туралы шағын әңгіме жаз.



6. Үй тапсырмасы

7-8 сабақ. Жұмыс дәптерінен 23 беттегі 4- тапсырманы орындау.



Өз тілектерінді жазып, қыйып алып, сыйға ұсын.

Өзіме тілегім:

Мектебіме тілегім:

Отаныма тілегім:

Отбасыма тілегім:

Өз сыныбыма тілегім:

Достарыма тілегім:





7. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып турады.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал