- Учителю
- Сабақ жоспары 'Жалғаулық шылаулар' 6-сынып
Сабақ жоспары 'Жалғаулық шылаулар' 6-сынып
| Пән:қазақ тілі | Сынып: 6 | Күні: | |
| Тақырып: | Жалғаулық шылаулар | ||
| Оқыту мақсаты | Оқушыларға жалғаулық шылаулар және оның түрлері жайлы толық мәлімет беру. | ||
| Күтілетін нәтиже:
| Ынтымақтастық топтық жұмыстар арқылы жалғаулық шылауды меңгереді және оны ажырата алады | ||
| Модульдер
Әдіс -тәсілдер
| 1.СТО- «Топтастыру» стратегиясы 2. ОүБ - топ жұмысын бағалау 3. Көшбасшы - топ жұмысын ұйымдастыру
| ||
| Ресурстар | Оқулық, постер, стикер, маркер, интербелсенді тақта | ||
| Бағалау | 1.Сұрақтарға жауап беру 2. Әр топ мүшесінің тапсырманы түсіндіре білуі 3. Әр топ мүшесінің өзіндік ой-пікір айтуы 4. Ортақ шешімге келу 5. Қорытынды жасай алу | ||
| Жоспар
| |||
| Кезеңдер | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы әрекеті | |
| Ұйымдастыру кезеңі | 1. Оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтиже айтылады. 2. Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу. 3. Музыка әуенімен параққа қолдың суретін салып, өзін мадақтап жазу. 4. Топқа бөлу, көшбасшы тағайындау. | Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінеді | |
| Үй жұмысы | «Микрофон» әдісі бойынша сұрақтар қояды | Көшбасшы үй жұмысын тексереді | |
| Қызығушылықты ояту | Жалғаулық шылаулардың септеулік шылаудан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар? | Сұрақтарға жауап береді; Өз ойларымен бөліседі | |
| Мағынаны тану
| Постер жасау. Жалғаулық шылаулар. «Қытайша ет» бойынша оқушылар 328-жаттығуды орындайды. «Қытайша десерт» бойынша 329-жаттығу | Әр топ бірлесе отырып, жұмыс жасайды, өзара бағалайды | |
| Сергіту сәті | «Көңілді күн» | Оқушылар қимылды орындайды | |
| Ой толғаныс
| Сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру. | Әңгіме құрастырады, ішінде жалғаулық шылаулар болу керек. | |
| Кері байланыс | Алты қалпақ арқылы ой қорыту. | ||
| Бағалау
| Топ жұмысын бағалау (бағалау парақшасы). | Көшбасшы бағалайды. | |
| Үйге тапсырма | Ереже жаттау, Ереже жаттау, 330- жаттығу. | ||
| Мұғалім рефлексиясы Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? |
| ||