7


Про казахский язык

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: В этой статье говорится о казахском языке. Родной язык – душа нации, первостепенный и наиболее очевидный ее признак. В языке и через язык выявляются такие важнейшие особенности и черты, как национальная психология, характер народа, склад его мышления, самобытная неповто
предварительный просмотр материала

Жасай бер, менің Қазақ тілім!



Тіл - қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны бізге белгілі. Демек, тілдің, сөздің адамзат қоғамында орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Ана тіліміздің мәртебесі жылдан-жылға өсіп, абыройы арта түсуде.

Ел аспанына тып-тыныш күйде тәуелсіздік туы ілінгеннен-ақ тұңғыш Президентіміз әңгімені ұлттық тілден бастады. Елбасының аузынан шыққан жалғыз ғана «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген айбарлы сөзі бүкіл қазақстандықтарға арналып айтылған тұңғыш үндеу еді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы туған халқына қазақ тілінің құдіреттілігін айқындайтын, айғақтайтын маңызы аса зор, мәні тіптен биік әңгімелерін айтып ауқымды жауапкершілік жүктеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған көптеген шаралар, сайыстар өтті. Өзге ұлт өкілдері арасынан қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарды анықтап, оларға қолдау көрсетіліп жатыр. Менің ойымша, Қазақстан Республикасында тұрған әр азамат қай ұлттың баласы болсын ең алдымен, қазақ тілін құрметтеп ол тілде сөйлеу қажет. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Тіл - халықтың жаны. Тілі құрыған халықтың өзі де жер бетінен құриды. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін жоғалтып алуынан туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлт өзінің тілінен, ділінен, дінінен айырылады. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов секілді азаматтардың еңбектері осының барлығының айғағы.

ХХ ғасырдың ұлы жемісі - қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыз көксеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз - ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде - ұлт та жоқ.

О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы - туған ана тіліміз. Ол - қазақ тілі. Қазақ тілін құрметтеу оны биік ұстау әрбір азаматтың парызы.

Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы - домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі - шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, бірінші ырысымыз, біз сондықтан "Ана тіліміз" дейміз. Қазақтар "Ананың тілі" деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу - әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.

Адамзаттың Абай мен Мағжан сынды асқар алыптарын туғызған, әкелері мен аналары болған ұлтымыздың тірегі сенсің, туған тілім. Бірақ, менің терім "туған тілім" сен үшін ғана төгілсін, менің өмірім сен үшін ғана өрілсін! Олай болса, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтейік, ардақтайық! Сонда ғана туған тіліміздің туы биіктерде желбіреп тұратын болады. Әрбір «қазақ» деп жүрегі соғып тұрған азамат өз тіліңде сөйлеп, өз тіліңде жазып, ойлай білсе ана тіліміздің мерейі үстем болары анық. Жасай бер, менің Қазақ тілім!

Анель Таскалиева

«Филология: қазақ тілі» мамандығының 3-курс студенті



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал