7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: 'Талаптығы нұр жауар'

Сабақ тақырыбы: 'Талаптығы нұр жауар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: Өзін- өзі тану Сыныбы: 4 Уақыты: Сабақтың тақырыбы: «Талаптыға нұр жауар» Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:А) ақпараттықӘ) комуникативтікБ) проблеманы шешу Оқушылардың «білім», «өнер», «талап», «ізденімпаздық» секілді құндылықтары т
предварительный просмотр материала

Пәні:

Өзін- өзі тану

Сыныбы:

4

Уақыты:


Сабақтың тақырыбы:

«Талаптыға нұр жауар»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат міндеттері:

А) ақпараттық

Ә) комуникативтік

Б) проблеманы шешу


Оқушылардың «білім», «өнер», «талап», «ізденімпаздық» секілді құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;


−Талаптану,ізденімпаздық секілді адами баға жетпес құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру ;

− оқушылардың өзара шығармашылық қабілеттерін дамыту;

−Талаптануға,ізденуге,шығармашылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі:

Жаңа материалды түсіндіру

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Түсіндіре отырып оза оқыту, дамыта оқыту технологиялары;

Сабақтың әдісі

Түсіндірмелі−иллюстративті, практикалық

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, бейнелеу өнері, музыка

Оқу құралдары:

Оқулық, дәптер,үнтаспа,қағаз

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Күтілетін нәтиже

1I.Ұйымдастыру бөлімі

II.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға кіріспе


III.Жаңа материалды түсіндіру


IY.Сабақты бекіту

Y.Қорытынды

−Сәлеметсіздерме оқушылар?

−Бүгінгі көңіл−күйлерің қалай?

−Сабаққа дайынсыңдар ма?


Оқушылар сабағымызды әдеттегідей

«Шаттық шеңберінен» бастаймыз.

−Барлығымыз шеңбер құрып, оқулықтағы М.Әлімбаевтың сөзіне жазылған, И,Нүсіпбаетың әні «Біз қалай өсеміз» әнін орындайық.

Біз қалай өсеміз

М.Әлімбаев

И.Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Қайырмасы

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.


Әңгімелесу

−Балалар, сіздер өткен сабақта «» тақырыбын өтіп, сол турасында әңгіме қозғаған болатынсыздар. Ендігі біздің бүгінгі сабағымызда талаптылық,ізденімпаздық сынды адами құндылықтарды тереңірек талдағалы отырмыз. Ол үшін мен сіздерге ең алдымен сұрақтар қоямын сол сұрақтарға өз ойларыңды жеткізе отырып жауап берулеріңізді сұраймын.


−Талаптылық дегенді қалай түсінесіңдер?


−Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндіңбе.

«Мәтінмен жұмыс»

−Енді оқулықта берілген Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат» әңгімесін оқып берем, ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Соңында берілген сұрақтарға өз пікірлеріңізді айтып жауап берулерің сұралады.


Жанат үшіншіге өтті.Қанат біріншіні бітірді.Екеуінің мінезі екі басқа.Жанат көрсеқызар,ұшқалақтау да,Қанат ойлы,салмақты.Ауылдағы атасының үйіне қыдырып келген.

Бір күні қонақ келді.Қанжығасына бөктерген дорбасы бар.Шоқша сақалы бар.Атасы қуана қарсы алды,құшақтасып көрісті....


−Жанат пен Қанаттың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

− «Талаптыға нұр жауар», «Талаптансаң алмайтын асу жоқ»деген сөздердің мағынасын түсінесіңдер?

«Дәйексөзбен жұмыс»

«Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,өнерсіз болады ақыл түл» деген Шәкәрім Құдайбердиевтің нақыл сөзіне назар аударып және оның мәнін ашып,түсінік алайық.

−Дұрыс айтасыңдар балалар.Талапты бала бала көбірек білсем,үйренсем деп армандайды.Құштар болған нәрсеге,арманына жетпей қоймайды.Адам қойған талабына жету үшін шыдамдылық,ұқыптылық танытып,көбірек еңбектенуі тиіс.Сонда ғана қандай кедергі болса да жеңіп шығады.


«Сергіту сәті»


Домбырам күмбірлеп,(Сол қолын жанына көтеріп,домбыра тартады)

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,(Екі қолын кезекпен көтеріп би қимылдарын жасайды)

Сурет те саламын(Қылқалам ұстаған қимл көрседі.)

Ұқсатып кілемге(Ауада төртбұрышты сызады)

Кесте де тігемін.(Ине ұстап,тігін тіккен қимыл жасайды)

Актерше рөлде

Ойнай да білемін.(Күліп,қабағын шытып,қолымен шашын әдемілейді,киімін түзейді)

Жалықпай талай күн,

Жасаймын мүсін де.(Ермексаз илегенді қимылмен көрсетеді)

«Жүректен жүрекке»

−Қанеки, бәріміз шеңберге тұрып, әркім өзінің орындалса екен деп жүрген арманын «алтын сақаны» қолдарында ұстап тұрып,іштей қайталайды.Ол да сол әрекетті қайталап,көршісіне береді.Соңында «алтын сақа»айналып менің қолыма түседі.


−Бүгінгі сабағымыз өз мақсатына жетті. Талаптылық - адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Әрдайым осы қасиеттерді бойымызға дары білейік.


−Сонымен сіздерге сабақ ұнады ма?

Барлықтарыңыз өте жақсы қатыстыңыздар. Сабақ аяқталды.

−Сау болыңыздар!

−Сәлеметсізбе!

−жақсы

−ия


Оқушылар шеңбер құрып, «Біз қалай өсеміз» әнін орындайды.


Біз қалай өсеміз

М.Әлімбаев

И.Нүсіпбаев

Суда жүзіп өсеміз,

Қырды сүзіп өсеміз.

Күнге қызып өсеміз,

Құмда шыжып өсеміз.

Қайырмасы

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Таулар көріп өсеміз,

Баулар егіп өсеміз.

Жеміс теріп өсеміз,

Жеңіскер боп өсеміз.

Қайырмасы

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.

Талаптанып өсеміз,

Қанаттанып өсеміз.


Оқушылар тақырып төңірегінде мұғалімнің қойған сұрақтарына толық әрі нақты жауап береді. Белсенді қатысып отырады.

−Талаптылық адам бойындағы баға жетпес рухани құндылықтардың бірі. Бұл қасиеттері бар адам көп нәрседе жақсы нәтижеге жетеді.

−Иа,бұл қасиеттерді өз бойымнан сезіне алдым.

Мәтінді мұқият зейін қойып тыңдап, берілген сұрақтарға тиянақты жауап береді.


−Жанат домбыраны шерте алмағанына ыза болып,көңілі қалды да,домбыраны ұстамай қойды.Ол Қанат секілді шыдамдылық таныта алмады.Ал Қанат өзінің шыдамдылығының арқасында домбыра үйренуге қол жеткізді.

−Адам қойған талабына жету үшін шыдамдылық,ұқыптылық танытып,көбірек еңбектенуі тиіс.Сонда ғана әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізе алады.

Дәйексөзбен барлығы дерлік жұмыстанады.

− Бойында шыдамдылық,ұқыптылық,талаптану секілді құндылықтары бар адам еш мойымайды. Себебі, бойында аталға құндылықтар болған жағдайда ғана адам алға қарай еш қорықпастан ұмтыла түседі.

«Сергіту сәті»


Домбырам күмбірлеп,(Сол қолын жанына көтеріп,домбыра тартады)

Күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,(Екі қолын кезекпен көтеріп би қимылдарын жасайды)

Сурет те саламын(Қылқалам ұстаған қимл көрседі.)

Ұқсатып кілемге(Ауада төртбұрышты сызады)

Кесте де тігемін.(Ине ұстап,тігін тіккен қимыл жасайды)

Актерше рөлде

Ойнай да білемін.(Күліп,қабағын шытып,қолымен шашын әдемілейді,киімін түзейді)

Жалықпай талай күн,

Жасаймын мүсін де.(Ермексаз илегенді қимылмен көрсетеді)

Барлығы шеңбер құрып «алтын сақаны» қолдарына ұстап,әркім өз армандарын іштей қайталайды.

−Ия

−Сау болыңыз!

Қарым−қатынас орнату үшін белсенді іс−әрекет жасауға дайындалады.Сабаққа деген қызығушылықтары артады.


Оқушылар әнді орындау арқылы бейбіт елдің өнерлі де, білімді ұландары екенін сезініп, әрдайым алдарынан жақсы арман, бақытты күндер күлім қағып тұратынын бір сәт ұғына түседі .


Әрбір оқушы өз пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіріп, өзін толғандыратын сұрақтарды қоя алады. Тақырыпқа орайлас талаптылық турасында қойылған сұрақтарды талдау арқылы әрбір бала аталған адами ізгі, баға жетпес құндылықтарға қарай ұмтылады. Бұл қасиет адам баласы үшін үлкен маңызға ие екендігін тереңірек ұғынады және оқушылардың сұрақтарға жауап беру барысындва ойлау қабілеттері шыңдала түседі.

Оқушылардың тыңдай және ести білуді,сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен пайымдай

алуды үйренеді. Әңгімедегі Қайраттың Әдемі әжесін шаршаса да алға қарай талпындарған төзімділік пен табандылықтын мән - мағынасын тереңірек ұғына түседі. Адам бойында бұл екі қасиеттің болуы, адамды еш қорықпауға, төзімді, табанды болуға жетелейтінін ұғады.


Өз беттерімен пайымдап, жаңа ақпараттан алған білімдерін қалай қолданатынын үйренеді. Сабақта қаралып отырған мәселе түйінделеді. Оқушылардың назары «Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,өнерсіз болады ақыл түл» деген Шәкәрәм Құдайбердиевтің нақыл сөзіне аударылып, ондағы айтылатын астарлы ойды кеңінен талдап, дәйексөздің мағынасын ашады. Оқушылар өздерін жақсы қасиеттерге қарай бағыттап, бойларына дарытуға тырысады.


Оқушыларға ұйымдастырылған бұл сергіту сәті олардың білімге,өнерге, қарай ұмтылуға деген талпыныстарын шыңдай түседі.


Жылы лебіз танытылады. Оқушы мен оқытушы арасында қарым− қатынас орнатылады.

Оқушылар бүгінгі сабақтан өздеріне керекті көптеген мағлұматтармен танысып, шыдамдылыққа, талаптылыққа, ізденімпаздылыққа қарай ұмтылады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал