7


  • Учителю
  • Конспект по казахскому языку на тему 'Байдалы бидің көңіл айтуы'

Конспект по казахскому языку на тему 'Байдалы бидің көңіл айтуы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Байдалы бидің көңіл айтуы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Байдалы бидің көңіл айтуы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Шешендік сөзер. Тайкелтірдің төрелігі туралы мазмұндау.

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

1.Шешендік сөздер деген не?

2.Шешендік сөздер қандай сөздерден жасалады?

3.Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні неде?

4.Төле би Тайкелтірді қалай сынады?

5.Тайкелтір даукестерге қандай төрелік сөз айтты?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Байдалы бидің көңіл айтуы

Шоқанның атасы Уәлихан қайтыс болғанда астында аты, үстінде тоны болмағандықтан Байдалы би жаназаға бара алмапты. Бір күндері Байдалы Уәлиханның бәйбішесі Айғанымға келеді. Өкпелі Айғаным шешенді аттан түсіріп алуға шыға қоймады. Сондағы Байдалы бидің айтқаны:

-Ер қартайды, мал тайды

Екеуледі, ей, ханым!

Қатын жалқау, ұл ынжық,

Төртеуледі, ей, ханым!

Келін қатал кер болды,

Ағайын жат ел болды,

Алтаулады, ей, ханым!

Кәрілік пен кедейлік,

Егіз келді, ей, ханым!

Мұның бәрін санасаң,

Сегіз болды, ей, ханым!

Қайсаған жақ, иек бар,

Саудыраған сүйек бар,

Ауыл алыс жер болды,

Тоқсан темір жер болды,

Оннан асты , ей, ханым!

Шығар жолды осыдан

Өзің тапшы, ей, ханым!

Құла бие құлындап,

Келе алмадым, ей, ханым!

Келдім енді кетемін,

Ықылассыз ордаға,

Ене алмадым, ей, ханым!

VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

1.Байдалы бидің жаназаға бара алмау себебі неде?

2.Уәлиханның бәйбішесі Айғаным Байдалы биге неге өкпеледі?

3.Айғанымға Байдалы биге айтқан сөзі?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Байдалы би Шоқанның атасы Уәлиханның үйіне неге келді?

  • Шоқан Уәлиханов кім?

  • Айғаным ханым қалай қарсы алады?

  • Байдалы би не деді?

  • Байдалы бидің көңіл айтқан шешендік сөзін тап.

  • Айғаным ханым өкпе - назын қандай сөзбен білдірді?

  • Би қалай жауап берді? Түсініп, оқып бер.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Байдалы бидің көңіл айтуы туралы мазмұндау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал