7


С дыбысы мен әріп

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

С с дыбысы мен әріп

Сабақтың мақсаты: 1. Өткен сабақтарды пысықтай отырып, С с дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздердегі С с дыбысының орнын табуға үйрету.

2.С с дыбысы бар сөздерге сөйлем құрату, сөздік қорын дамыту.

3.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру арқылы әсемділікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, текшелер, буындар, дидактикалық материалдар т.б

Әдісі: бекіту,оқыту,жеке қайталау, талдау жұмыстары, түсіндіру, жаңа

ақпараттық технология әдістері

Түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен материалдарды пысықтау. «Кім білгіш?» ойыны.

3.Дидактикалық материалдар тарату.

4.Жаңа сабақ. Жұмбақ

5.Әліппе- дәптерімен, кітаппен жұмыс

6.Сабақты бекіту.Шығармашылық жұмыстар.

7.Қорытындылау

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа дайындығын және қатысуын қадағалау.

Психологиялық сәт (қимыл-қозғалыспен көрсету)

Қуан,шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

2.Өткен материалдарды пысықтау: «Кім білгіш?»ойыны

А,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш,Й,О,Қ,Д,М,Б.

-Тақтадан әріптерді көрсетемін.

-Текшелермен дыбыстарды ажырату.

-Дауысты дыбыстарға қызыл текше

-Дауыссыз дыбыстарға-көк текше көтереді.

-Осы кезге дейін қанша дыбыспен таныстық?

-Нешеуі дауысты?, нешеуі дауыссыз?

-Дыбыстарды: естиміз, оқимыз,айтамыз.

-Әріптерді: жазамыз,әріп таңбасын көреміз.

АС дыбысы мен әріпС дыбысы мен әріп,Т,П,Н,Ғ,Р,Л,У,Ш,Й,О,Қ,Д,М,Б.

С дыбысы мен әріпС дыбысы мен әріп

Дауыссыз дыбыстар

дауысты дыбыстар

Тақтамен жұмыс:

1.Кеспе әріптермен сөздер жазу:аға, ара, бала.

2.Тақтаға бормен жазу: шана,таға, жаға.

3.Дидактикалық материалдар тарату(өткен материалдарды бекіту)

а) Сөздерді буынға бөлу, неше дауысты дыбыс бар?

ә) Сөйлемдер құрастыру, неше сөзден тұрады?

б)Дыбыстық талдаулар жасау.

Жұмбақ шешу:

Өмірді өлшейді,

Ешкімнен сұрамай.

Тіліңді алмайды,

Тетігін бұрамай. (сағат)

Мүйізі айдай иірілген, М

Мұрынын көкке шүйірген.

Ірімшік пен құрт майы

Жегенде тілді үйірген.

Бұл қай жануар? (сиыр)

4.Жаңа сабақ: Ендеше бүгін , балалар, Сс дыбысы мен әрпін өтеміз.

-С дыбысы дауыссыз дыбыс Неліктен?

-Қандай текшемен белгілейміз?

-С әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.

-Ауада жазып қолдарын жаттықтыру.

-Сағат, асық, қас сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Сергіту сәті: (қимыл- қозғалыс арқылы көрсету)

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы атқарған.

Мынау менің оң қолым.

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған,

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

5.Әліппе- дәптермен жұмыс:

Үзік сызықтарды қоса отырып, сауатты таза жазу.

Әліппе- кітаппен жұмыс.

Сөздерді буынға бөліп оқу.

«Сандыққа сал» ойыны:

1сандыққа 2сандыққа 3сандыққа

С... ...С... ...С.

сақина арыстан қас

сағат тасбақа бас

Тірек схемамен жұмыс:

С дыбысы мен әріпС дыбысы мен әріпС дыбысы мен әріп? Сұраулы сөйлем

Бас әріппен басталып жазылып, соңына сұрақ белгісі қойылады.

Сағат неше болды? Сен оқисың ба?

С дыбысы мен әріпС дыбысы мен әріпС дыбысы мен әріпХабарлы сөйлем.

Бас әріппен басталып жызылып, соңына нүкте қойылады.

Сағат он болды. Мен сабақ оқимын.

Ойлан, тап: тапсырманы орындау

С дыбысы мен әріпС дыбысы мен әріппан б

АС дыбысы мен әріпс т ас

қар қ





6. Сабақты бекіту.Шығармашылық жұмыстар:

Өлең жаттау:

Сс дыбысына байланысты өлең жаттаймыз.

а) «Сазан»

Қармақ салсаң сазанға,

Бар өзенге азанда.

Оңайлықпен сазаның,

Түсе қоймас қазанға.

б)Жаңылтпаш айтамыз (тез айтып үйрену)

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.

Суға сақалын сала сілкті,

Суға сақалын сала сілкті.

в)Мақал-мәтелдер үйрету.

1.Сиырдың сүті тілінде.

Сиырлының үйі- айран,

Сиырсыздың үйі-сидаң.

7.Қорытындылау.

Сақинаны, сағызды,

Сарымсақты, сәбізді,

Бастап тұрған қай әріп?

Сапсыз орақ тәрізді...(С)

Сонымен бүгін С с дыбысы мен әрпімен таныстық.

-Сс дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.

-Сс дыбысы сөздің басында, ортасында,соңында да кездеседі.Сабаққа белсене қатысқан балалар білімін геометриялық фигуралар арқылы бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал