- Учителю
- Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алпамыс батыр» жырының құрылысы (6-сынып)
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Алпамыс батыр» жырының құрылысы (6-сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырының құрылысы
Сабақтың мақсаты:
а) Алпамыс батыр жырынан мәлімет бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: «Батырлар жыры» кітабы, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген «Алпамыс батыр» жырының мазмұнын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Алпамыстың туған жерінің аты қандай?
2. Алпамыстың руы не?
3. Байбөрі біздің ауданымыздағы қандай әулиеге келген?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Алпамыс жырын құрылысына қарай талдатамын.
1. Басталуы: Байбөрінің Ұлтанды асырап алуы
2. Дамуы: Алпамыстың дүниеге келуі.
3. Шиеленісуі:
4. Шарықтау шегі:
5. Шешімі:
Кітаппен жұмыс: «Алпамыс батыр» жырын құрылысына бөлген бөлімдерін мәнерлеп оқытқызамын.
. Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
-
«Алпамыс батыр» жыры қазақ әдебиетінің қай түріне жатады?
-
Батырлар жыры дегеніміз не?
-
Алпамыс жоқта Байбөрінің жылқыларын кім айдап әкетті?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «Алпамыс батыр» жырындағы теңеулерді тауып келу