7


Сын есім (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік .

а) білімділік: сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру;

ә) дамытушылық : түрлі эдістерді пайдалана отырып, оқушылар-дың ойлау кабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық касиеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Абай өлеңдерін, эндерін жатқа айткызып, талдау барысында әдемілікті,

әсемдікті түсінуге, туған табиғатқа камқорлық жасауға тәрбиелеу, эстетикалық тэрбие беру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка.

Сабақтың көрнекіліктері: Абайдың табиғат лирикаларынан буклет, әндері, аудармалары, плакат.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптар бойынша сүрақтар коямын.

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  2. Зат есім деген не? Мысал.

  3. Жалқы есім мен жалпы есім дегеніміз не?

  4. Деректі және дерексіз зат есімдер деген не?

  5. Зат есімнің қандай жалғаулары бар?

Үйге берілген ережені тексеріп болғаннан кейін, өткен сабақты қорытындылау ретінде I, II нұсқалы перфокарталар таратылады. Уақыты - 2 минут. Оқушылар орындап болғаннан кейін жұптарымен жұмыстарын алмастырып тексереді. Өздері бағалайды.

  1. О-қате-"5"

  2. 1-2қате-"4"

  3. 3 қате-"3"





I нусқаЗат есім

жалпы

жалқы

деректі

дерексіз

негізгі

туынды

күрделі

Қойшы Көкшетау Сезім Айтыс балдырған































II нусқаЗат есім

жалпы

жалқы

деректі

дерексіз

негізгі

туынды

күрделі

Жомарт Ой Қостанай Білім

Мөлдір бүлақ



















I Ой қозғау:

Үнтаспаны косып «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің үзіндісін тыңдатамын.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, Кабырғалы, жоталы, болса күшті. Мойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, Тояттаган бүркіттей салқы төсті. Кімнің өлеңі? Бүл өлең не туралы?

Түсініксіз сөздермен жүмыс жасаймыз. Оқушыларға осы өлеңнен сын есімдерді дәптерлеріне теріп жаздыртамын.

II.Мағыныны таныту: Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ тілі - өте бай тіл. Оның қүрамында элденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер мағынасына, сұрағына, атқарылатын қызметіне карай тоғыз топқа бөлініп, соның бір тобы зат есім деп аталса, келесі бір тобы сын есім деп аталады. Зат есім заттың, құбылыстың атын білдірсе, сын есім сол заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді.

Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:

1) затгың түрін, түсін білдіреді: ақ (қағаз), сұр (бүлт), қызыл (алма) т.б.

2) заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), ұзын (ағаш);

  1. заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), тентек (бала),

    зерек (окушы), ақылды (адам);

  2. заттың дәміне, иісіне сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (күрт), тэтгі

    (тағам), жүмсак, (нан);

  3. затқа, кимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер), көтеріңкі

    (көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам), білімді (жігіт) т.б.

Сын есім қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде жарыц ай. Мүнда желсіз, жарьщ сөздері түн жөне ай деген зат есімдердің сынын, сапасын білдіріп, қандай деген сұраққа жауап береді. Қандай түн? Желсіз түн. Қандай ай? Жарық ай.

Заттың сынын, сипатын, сапасын,түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? Кай? деген сүрақтарга жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.

(Оқушылардан жекелей кайталатып сұраймын).

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Тағы қандай жыл мезгілдері бар?

  • Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең шығарған қазақтың, қандай ақынын білесіңдер?

  • Дұрыс айтасыңдар. Абай - қазақтың ұлы ақыны. (Плакатқа жазылған "Абай - акын"

    тақырыбын іліп коямын). (Буклет пайдаланамын).

  • «Поэзия минуты» оқыта үйрету ойыны

  • Кім Абайдың"Күз" туралы өлеңінен жатқа үзінді айтып бере алады? Оқушыға өлеңді

    жатқа айтқызып, сын есімдерді тапқызып,

тақтаға жазғызамын.

Сүр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді баскан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие ашқан, тай жарысқан.

"Қыс" өлеңінен үзіндіні жатқа айтқызып, сын есімге талдату.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды. "Көктем" туралы үзінді айтқызып, сын есімге талдату.

Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,

Жан-жануар қуанар тойға еліріп,

Азалы ақ көрпесін сілке тастап

Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.

"Жаз" туралы үзіндіні айтқызып, сын есімге талдату.

Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бэйшешек

Ұзарып өсіп толғанда

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда.

Міне осылайша Абайдың эр өлеңін оқытып, соның ішінен сын есімдерді табу арқылы бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтаймын да, жаттығу жұмыстарын жүргізуге кірісеміз.

118-жаттығу .Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді атап, қай сөзбен байланыста тұрғанын түсіндіріңіз.

Келесі тапсырма: 120-жаттығу жұмысының шарты : Өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасау.

Жаманмен-сын есім, мен -көмектес септігінің жалғауы

Келесі тапсырма: 121-жаттығу жүмысы. Берілген мәтінді көшіріп жазып, сын есімдердің астын сызу

III Ой қорыту: «Диалог ертегі құрастыру» жұптасып диалог құру./ ауызша /

Оқушылардың білімдерін бағалау

Үйге тапсырма: 131-жаттығу жүмысы. Бұл жаттығу жүмысының шарты мынадай: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрамындағы сын есімдерді тіркескен сөзімен қоса теріп жазыңдар.













































</<br>












 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал