7


  • Учителю
  • Научная работа+презентация для защиты

Научная работа+презентация для защиты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«№2 Успен жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі






ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС


Тақырыбы: «Есімдер сыры»













Орындаған: 7 сынып оқушылары

Ахимова Камилла

Гриценко Оксана

Жетекшісі: Косыбаева Меруерт Жұматайқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі









2015 оқу жылы



Зерттеу нысаны: қазақ есімдері.


Тақырыптың өзектілігі:
Бұл тақырып мені өзімнің, өз сыныптастарымның және сынып жетекшімнің есімінің сырын білуге деген қызығушылығымды арттырды. Сол себепті есімдердің негізгі мағынасын білу мақсатында «Есімдер сыры» тақырыбын таңдап алдым.
Гипотеза: Егер мен бұл тақырыпты қозғасам, көп адамдардың өз есімінің мағынасын білуге деген қызығушылығы оянады.


Зерттеу мақсаты:
● Бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау;
● Есімдер ұғымына талдау жасау;
● Сауалнамалар арқылы өз сыныбымның оқушыларының есімдерінің сырын білу деңгейлерін байқау;
Зерттеудің басты кезеңдері:
● Аталмыш мәселе бойынша материалдармен танысу;
● Бақылау, зерттеу, сауалнамалар жүргізу;
● Қорытынды жасау;

Күтілетін нәтиже:
● Есімінің сырын білу арқылы өзін - өзі тануға жол ашу;

Жобаның мақсаты мен міндеттері. Қазақ азаматтарының аты-жөнін жаңа ұстаным негізінде реттеу үшін саяси маңызы бар бұл мәселені шешу жолдары қарастырылуда, ғалымдар көп еңбек етуде. Қазақ есімдерінің, яғни антропонимдердің мағыналық құрылымы мен қолданылу формаларын бір ізге түсіру сияқты осынау күрделі іске аз да болса үлес қосу мақсатында осы ғылыми жобаны қолға алып отырмыз. Осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегідей міндеттерді алға қойдық:

- қазақ есімдерінің қойылу себебін, қазақ халқының ат қоюдағы ұлттық таным-түсінігін анықтау;

- көркем әдебиет кейіпкерлері мен қазіргі кезде қойылып жатқан есімдердің мән-мағынасын ашу;

- қазақ есімдерінің сауатты ресімделу жолдарын көрсету.

Зерттеу әдістері: сипаттама, талдау, салыстыру


МАЗМҰНЫ


1.КІРІСПЕ БӨЛІМ

І.Орыс және қазақ филологтарының ономастика және антропонимиканы зерттеуі.

ІІ.Ат қоюдағы қазақ халқының танымы

2.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

І.Жанама есімдердің мағынасы

3.ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
































КІРІСПЕ БӨЛІМ

Қазақ тіл білімінде антропонимия деген термин бар. Антро+пос - «Адам, оним//онима - «Есім», «Ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегеніміз - «Кісі есімі», антропонимика дегеніміз - ономастиканың кісі есімдерін зерттейтін саласы.
Бала - адамның бауыр еті. Қай ата - ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата - ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша. Осы адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.

І.Орыс және қазақ филологтарының ономастика және антропонимиканы зерттеуі.

Адам тағдырына есімнің әсер ететіні жайлы көп үлес қосқан Павел Флоренский. Ол «Имена» атты өз жұмысында адамға берілген есім оның тағдыр жолына тікелей қатысты екенін айтты. Сонымен қатар осы туралы орыс ойшылдары С.Н.Булгаков пен А.Ф.Лосев көп еңбектер жазған. Олар адамның есімі оның қоғамда алатын орнына әсер етеді деген. Кейбір есімдері бірдей адамдардың өмірінде болған оқиғалар бірдей қайталанып отырған. Есіммен байланысты түрік антропонимикасы туралы көптеген теориялық ізденістерді Н.И.Ашмарин, Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов т.б жүргізген. Бұл зерттеулердің бастауы болды. Осы ғалымдардың еңбектерінен кейін К.Г.Малицкийдің, Х.Жұбановтың, С.К.Кеңесбаевтың еңбектері жарық көре бастады. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары түрік антропонимикасындағы ерекше еңбектер шықты. Қазақ есімдерін зерттеуші ғалым Телқожа Жанұзақтың пайымдауынша, қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен заманнан бастап күні бүгінге дейінгі мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді [1,11].

Лексикалық тұрғыдан алғанда, олардың көне қабаттары негізгі тірек болып табылады. Есімдерді таңдап, талғап қоюда түрлі белгі, нышан, жағдаяттар, ырым мен дәстүрлердің уәжділігі байқалады. Кейбір есімдердің мән-мағынасы мен дыбыстық сипаттары арқылы қай тілден енгенін, тілдік ерекшелігін аңғаруға болады. Қазақ халқы өмірінде болып жатқан әлеуметтік, саяси, ғылыми, техникалық, экономикалық және мәдениет саласындағы күрделі өзгерістердің сөздік қорымыздың лексикалық қабаттары, оның ішінде антропонимдердің баюына игі ықпалын тигізіп жатыр. Осыған байланысты жаңа есімдердің пайда болуы, олардың семантикалық мәні, орфографиялық ерекшеліктері, ресми ресімделуі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

ІІ.Ат қоюдағы қазақ халқының танымы

Қандай да бір іс-әрекет, қарым-қатынастың басы «Есіміңіз кім?» деген сұрақтан басталады. Тіпті өзіміздің дүниеге келуімізге де осы сұрақтың дер кезінде қойылуы себеп болуы мүмкін. Сонымен бірге бұл сұрақты қай уақытта қойсаңыз да кез келген адамның мүдірмей жауап беретініне күмәніміз жоқ. Ал енді сіз осы сұраққа жауап бере аласыз ба, яғни өз есіміңіз туралы, оның мағынасы туралы білесіз бе? Алдымен есім сөзіне түсіндірме берсек.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011 жылы жарық көрген 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» 5-томында бұл сөз туралы былай делінген: «Есім. зат. Адамға туылған кезінде қойылған ат» [2, 438]. Есім - жеке тұлғаны басқалардан ажыратуға арналған белгі. Бұл белгі арқылы адамның өзімен етене араласпасаң да, есімін бір естігеннен-ақ біраз мәлімет алып үлгересің. Мысалы, Мейрамбекпін деген жігіттің қандай да бір мереке күні туғанын аңғарасыз. Ал Жеңіс деген адамның тіпті қай мерекеде туғанын бірден біле қоясың. Сол секілді Бейсенбаймын деп танысқан адамның бейсенбі күні туғанына талас болмайды. Қандай да бір Олжаспен таныса қалсаң, бірден бұдан басқа таныс Олжастарды есіңе түсіріп, салыстырып, іштей оған қысқаша мінездеме беріп үлгересің. Алдымен сол кісінің аты-жөнін біліп алған соң, онымен ары қарай қарым-қатынас жасау тәсілін де ойластырып қоюға болады. Адам баласына есім дүниеге келген сәтте-ақ беріліп, соңғы демі шыққанға дейін сақталады. Кейбір адамның өзі о дүниелік болып кетсе де, өз есімін мәңгілікке осы жалғанда қалдырады. Қазақ халқы мұны бір ауыз сөзге сыйғызып «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген.

Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін әдет-ғұрыптарының бірі - өмірге жаңа келген сәбиге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сол себепті ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешендер, ел бастаған билер, жез таңдай, күміс көмей әнші-күйшілердің аттарын қоюға тырысады. Балаға ат қойған кезде тағы да сол ырым деп кез келген адамға емес, көпті көрген ел ағаларына, халқына қалаулы, еліне елеулі, сыйлы, аузы дуалы кісілерге баласының атын қойғызуды мәртебе есептеген. Үйіне келіп қалған қонағына «Қырықтың бірі - қыдыр» деп ат қойғызған екен. Халқымызда ат қойғанда азан шақыру салт-дәстүрі бар. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Азан шақырып қойған ат - ең алғаш қойылған есім; шын аты», - деп берілген [3,20]. Баланың атын қояр кезде үш қайтара «Аллаһу акбар» деп азан шақырып, содан кейін баланың құлағына қойылған атты үш рет айтады. Бұл - баланың есінде сол есім қалады, құлағына сол есім сіңеді деген ырым.

Басқа елдердің тәжірибесіне зер салайық. Мысалы, орыс халқы, негізінен, христиан дінін ұстанғандықтан, жаңа туған балаға көбінесе Христос үшін, христан діні үшін қиналумен өткен қасиетті кісілердің есімін бергенді қалайды. Мәселен, Иван, Петр, Павел, Анастасия, т.б. Ал араб жұртындағы бір тұлғаның есімі толық айтылғанда оның әкесі ғана емес, арғы атасы, жалпы, шығу тегі жайлы бірқатар мәлімет алуға болады.

Жаңа туған нәрестеге дұрыс ат қою кез келгеннің қолынан келе беретін іс емес. Олай деуіміздің мәнісіне тоқталсақ. Есім адамға туған кезінде ғана беріледі. Ал есейгенде өз аттарын атауға намыстанатындар да кездеседі. Кейде ол жастар өздеріне ұнамаған аттарын ресми түрде өзгертіп алып жатады. Мысалы: Қызтуған, Итбай, Ошақбай.

Қазақ халқында адам аты өмірінде бір-ақ рет қойылады. Ал енді кейбір елде адам баласының өсіп-өнуінің әрбір сатысына қарай ат қойылып отырады. Мұндай дәстүр көршілес Қытай Халық Республикасында әлі күнге дейін сақталған.

Ата-анасының перзенті алдындағы борышы баласына ат қоюдан басталады. Хадисте әкенің бала алдындағы міндеті - жақсы ат қою мен жақсы тәрбие беру делінген. «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» деген халық мақалы бар. Отаны бар адамның бойында ата тәрбиесімен, ана сүтімен бойына сіңген отаншылдық сезімі болады. Ата салтымызды ардақтап, ұл-қызымызға ежелден қалыптасқан нағыз қазақ есімдерін қою - отаншылдық рухта тәрбиелеуде маңызы зор екендігінде сөз жоқ. Оған қоса сол қойып отырған есімнің мағынасын білу айрықша маңызды. Басынан кешкен небір зобалаңнан халқымыз көптеген рухани құндылығынан айырылды. Қазір соның орнын толтырудамыз. Өкінішке орай, батысқа еліктеушіліктің салдарынан кейбір қазақ ата-аналардың ішінде өз балаларына берген есімдердің мән-мағынасын түсіндіре алмайтындары кездеседі.

Қазақ бұрынғы заманда жаңа туған нәрестеге тіл, көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен әдейі Жаман, Қиқым, Тышқанбай, Тезектерген, Қосқұлақ, Итемген, Шоқпыт секілді ұсқынсыз аттарды қойған. Балалары тұрмай шетіней берген ата-ана сәбиіне Аман, Есен, Жүрсін, Тоқтасын, Тұрар, сонымен бірге Екатерина, Клара сияқты орыстың аттарын қойса, қызы көп, енді ұл туса деген арманмен Ұлтуған, Ұлбала, Ұлжан, Ұлту, Тойдық, т.б. есімдер қоятын болған

Қазақ сонымен бірге баласына ел ішіндегі қол бастаған батырлар мен сөз бастаған шешендердің, ақындар мен билердің, қолбасшылардың, қысқасы, беделді, сыйлы кісілердің аттарын қоюға тырысқан. Абылай, Әбілқайыр, Едіге, Жәнібек, Алпамыс, Абай, Әлия, Мәншүк, Олжас, Бауыржан, Мұхтар, Фаризалар арамызда баршылық. Ал атақты Индира Гандидің елімізде он мыңнан астам аттасы бар көрінеді.

Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілерінің бірі Ю. Бошняков: «Баламның аты затына сай болсын деп небір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін беретіндер балаларының есімін ол ержеткенше жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере алмай, өліп қалуы ықтимал деп жорыған», - дейді.

Философтардың пайымдауынша, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс бар. Кісінің есіміне оның тағдыры жасырылған. Есімнің құпиясы мен мағынасы адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Мұны антропонимика ғылымы да растайды.

«Адам есімінде оның тағдыры жасырылған» деген пікірді растау үшін ғалымдар зерттей келіп, көптеген қорытындыға келген. Соның бірі, мәселен, Қайрат есімді ерлердің көбіне денсаулықтары мықты, белсенді және алаяқтыққа біртабан жақын болса, Әділ есімді жігіттер табиғатынан сақ, достыққа адал, Мұхтарлар алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын, іскерлік қасиеті мол, кез келген тығырықтан шыға алатын жандар болып келеді екен.

1970 жылы жарыққа шыққан «Антропонимика» жинағында былай деп көрсетіледі: «Барлық атаулардың түрлері тарихи: әрбір атау белгілі бір дәуірде, белгілі бір халық арасында, нақты бір ортада пайда болған» [6,3]. Өткен ғасырларда қазақтар өмірінде байлық ұғымы мал санымен, жылқы үйірімен өлшенді. Қазіргі таңда байлық тіптен басқаша көрсеткіштермен белгіленеді. Сондықтан жылқы, қой, түйе, т.б. лексикалық компоненттермен келетін есімдер өте аз. Есесіне, кеңестік заманда сирек қойылған діни есімдер көп кездесуде. Қалай болғанда да қазақ есімдерінің әлеуметтік ерекшелігі тілек, қалау мәнімен айқындалады. Ата-анасының сәбиіне ұнамды, жағымды ат қоюы олардың перзентіне ұзақ өмір, бақыт, байлық, батылдық, ержүректілік, сұлулық, т.б. толып жатқан жақсы қасиеттер тілеу ниетінен құралған.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

І.Жанама есімдердің мағынасы

Туыстық қатынасты анықтайтын халқымыздың тұрмысымен байланысып жатқан ғұрыптың бірі - жанама ат қою, ат тергеу салты. Сөзге тыйым салу, астарлап жасырын сөйлеу дәстүрі кісі аттарына да әсерін тигізбей қалмаған. Есім сөзіне тіркескен жанама сөзінің мағынасы ҚТТС «қосымша, қосалқы, үстеме» деп түсіндіріледі [3,263]. Ат тергеу немесе аттеріс жанама атты қоюдың әлеуметтік негізі жасы үлкенді қадірлеуден, жастарды ізеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеуден шыққан. Жасы үлкен кісілерді өз атымен атау ерсі болып көрінген.

Мифтік наным-сенім бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздерді тіл білімінде табу деп атайды. Осындай тарихи оқиғаның нақты бір айғағы ретінде «Аталардың аты» деп аталатын аңыз баршамызға аян [7,121]. Халық арасында өз ойынан жанама ат қою жаңа түскен келіншектерден сыпайылық, әдепті мінез талап етілгендіктен туындаған. Жаңа түскен келіндер күйеуінің ауылындағы адамдардың үлкен-кішілерінің өз аттарын еш уақытта атамай барлығына жанама ат қойған. Тек өзі түскеннен кейін туған балаларды ғана өз ата-анасы қойған атпен атаған. Жанама ат әрқашан адамның түріне, мінезіне, кәсібіне қарай қойылған. Мәселен, Ұста қайнаға, Арбашы ата, сері, аңшы болса, Аңшы жігіт, Сал жігіт, Мырза жігіт, оқыған болса, Молда жігіт, қайын сіңлілерін Еркежан, Үкіліжан, Тетелес дейді. Қайын ініге қоятын аттар көбінесе (Қалқанқұлақ, Алақанкөз, Қарабала, Сарбас т.б.) сықақ, әзілмен келеді. Егер аты дөрекілеу болса, аттеріс деп атаған. Жасы үлкен адамдардың аттары басқа зат атауларымен аттас болып келсе, онда келін оларға да басқаша жаңа ат ойлап табатын болған. Мәселен, аты Бүркітбай болса, Үлкен құс деп, Тышқанбай болса қаптесер деп айтатын болған.

Бір затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атаумен атай тек табумен байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздай, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Мұндай құбылыс лингвистикада эвфемизм деп аталады [7,123]. Эвфемизм сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кезде қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі таңдағы өскелең халқымыздың қалыптасқан әдебі мен талғамын көресетеді.

Кейбірде жанама есімдер азан шақырылып берілген есімдердің орнын басуы жиі кездеседі. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шын есімі - Ибраһим. Абай деп оны әжесі атаған. ХІХ ғасырда өмір сүрген Мұса Байжанұлының екі есімі болған. Бірі: Жаяу Мұса , екіншісі Мырза кедей. Жаяу Мұса дегені ауылдарды кезіп сайран салып, ән айтып жүргенде жалғыз атын сұлтан Мұстафа Шорманұлы алып қойған. Сөйтіп ол Жаяу Мұса болып кеткен. . Ал Мырза кедей дегені - кедей болса да, қолы ашық адам болғандықтан. Бұны ақынның өлең жолдарынан да байқауға болады: «Байжанның мен баласы «Мырза кедей»»/ Байжана сын я , «Щедрый бедняк».

Балуан Шолақтың шын аты - Нұрмағамбет. «Шолақ» деп ол оң қолы күйіп, шолақ болған соң атанған. ХХ ғасырдың көрнекті ақындарының бірі Мағжан Жұмабаевтың шын есімі - Мұхаметжан болған

Мысалы академик Қаныш Сәтбайұлының шын есімі - Ғабдұлғани. Сазгер - Шәмші Қалдаяқұлының өзінің есімі де, әкесінің есімі де басқаша. Өзінің шын аты - Жәмшид. Әкесі Әнәпия аяғындағы қалына байланысты Қалдаяқ атанып кеткен. Мысалы: әнші Күләш Бәйсейітова - Гүлбаһрам, биші Шара Жиенқұлқызы - Гүлшара.

Адам табиғатының жақсы мен жаманды, дос пен қасты, адал мен арамды, ақ пен қараға теңейтіні белгілі. Ақкөңіл, ақжүрек, қаражүрек, қаратас ұғымдары ұлттық тіл мен ділден хабардар әр адамға таныс. Бір-біріне үнемі қарсы тұратын осы ақ пен қара ғана емес, басқа да түр-түс атаулары бейресми кісі есімдерінен орын алып, өздеріне белгілі бір шамада мағыналық, эмоционалдық жүк артып, өз бойларына күшті ұлттық әлеуетті шоғырландырған жоғары ассоциациялық таңбалық белгілер болып табылады.

Қаныш Сәтбаевтың анасы Әлиманы ауылдастары аппақ өңі, ақжарқын мінезі, ұтқыр әзіл-қалжыңы мен ерекше тазалығы үшін Ақ Әлима атап кетеді [8].

Ақ, аппақ есімдерін иеленушілердің сыртқы сұлулық пен жан дүниесі жарасымдылық тапқан, көңілінің ақтығы мен ниетінің тазалығы ұштасқан, жан-жақтарына жарық сәуле тарататын шапағат иелері екендіктері талассыз. Дүниедегі бар жақсылықтың ақтан басталатыны, ақ жүрген жерде адалдық пен әділдік, тазалық пен пәктік жүретіні анық.

Түр-түс уәж болған, танымның жоғары сатысында тұрған тағы бір есім - Қоңыр. Бір қызығы, осы есім кісінің төл есімінде де, бейресми лақап, бүркеншік есімдерде де көрініс береді.

Қоңыр - ұлы жазушы М. Әуезовтің бүркеншік есімі. Халқымыздың момын, жуастықты қойға телитіні, сол себепті де моп-момақан, монтиып қана отыратын қара домалақ баласын жақсы көргенде «қоңыр қозым» деп айналып-толғанатыны шындық. Кезінде бала Мұхтардың да осындай ықылас-мейірімге бөленуінен Қоңыр лақап есіміне ие болып, санасына сіңген әрі табиғатына жақын осы есімді кейін бүркеншік есім етуі әбден мүмкін. Өйткені бүркеншік есімді алушы автор өзіне бұрыннан таныс, өз кеңістігіне енетін атауларды алатыны белгілі.

Қазақ халқының сыпайылық, сыйластық, әдептілік көрсету мақсатында жанама ат қоюы ұлттық болмысымыздың тілдегі көрінісі мен халықтық танымым-талғамын айқындайды. Қазақ есімдері қарым-қатынас құралы ретінде ғана қолданылмай, қазақ халқына тән тума қасиеттерді жинақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал ретінде танылады.

Назар аударыңыз!
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады.
Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттер


А-Ә-1
Е-5
Л-2
Р-2
Х-5
Ы-І-1
Б-2
Ж-2
М-4
С-3
Ц-3
Ь-1
В-6
З-7
Н-Ң-5
Т-4
Ч-7
Э-6
Г-Ғ-3
И-Й-1
О-Ө-7
У-Ұ-Ү-6
Ш-2
Ю-7
Д-4
К-Қ-2
П-8
Ф-6
Щ-9
Я-2

1. Күн: көсем, тәкаппар, астамшыл.

2. Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.

3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист.

4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады.

5. Меркурий: көпшіл, епті, бастамашыл, сыншыл, мойымаушылық.

6. Шолпан: сезімтал, сүйкімді, тәкаппар, іскер, жолы болғыш.

7. Нептун: жұмсақтық, сезімтал, ымырашыл, қайырымды, философ.

8. Сатурн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады.

9. Марс: қайратты, қызба, басынан сөз асырмайды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне сенеді.

Сыныптас құрбым - Айна

1+1+5+1=8

8. Сатурн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады.

Cыныптасым - Назымгүл

5+1+7+1+4+3+6+2=2

2. Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.

Мұғалімім -Меруерт

4+5+2+6+5+2+4=28=2+8+10=1+0=1

1. Күн: көсем, тәкаппар, астамшыл.
Ең аз кездесетін қазақ есімдері:

10. Марзия

9. Күміс

8. Курышбала

7. Шәрбан

6.Нұрғайша

5. Меир

4. Маймуна

3. Mиiз

2. Перуза

1. Куласия

Қызықты ақпарат

Ең көп кездесетін қыз балалардың есімдері - Айзере, ал ұл балалар - Әлихан. Одан басқа көп кездесетін есімдер Ерсұлтан, Аяна.

Ең іөп кездесетін ер балалардың есімдері: Алихан, Ерасыл, Нұрасыл, Санжар, Нұрислам, Айсұлтан, Мирас, Амир, Диас , Ислам, Али және Арсен.

Ең сүйікті қыз балалардың есімдері: Айзере, Інжу, Айару, Кәусар, Айша, Аружан және Амина.

Сегізінші және тоғызыншы орындарда Аяулым және Іңкәр, Нұрай, Мадина, Алина, Сезім, Милана.,Айлин, Аяжан, Жанерке және Аяна.



ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ халқы ежелден жаңа туылған нәрестеге ат қоюға қалай болса солай қарамаған. Кез келген ата-ана шыр етіп дүниеге келген өз сәбиіне ең жақсы, көркем есімді қоюға тырысатыны анық. Әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарап, он ойланып, жүз толғанып, сәбиіне есімді жақсы тілек-ниетпен, үлкен арман-мақсатпен қояды. Өйткені есімдердің адам өмірінде маңызы зор. Әр адам өзіне қойылған есімге лайық өмір сүргісі келетіні анық. Сондықтан қазақ халқы түрлі есімдерді ырыммен, салт-дәстүрге негіздеп қояды. Жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, соңғы жылдары еліктеуден туған есімдер Қазақстанда көбейіп кетті. Өзіміздің ірі тұлғаларымыз емес, шетелдің танымал жұлдыздарының, не атақты адамдарының есімін қою көбейіп бара жатыр. Әркімнің өз еркі, бірақ сол есімдердің мән-мағынасы, қандай мақсатта қойылғаны, оның қалай жазылатыны жөнінде біраз мысалдар келтіре отырып, соларға талдау жасадық.

Қазақ халқының сыпайылық, сыйластық, әдептілік көрсету мақсатында жанама ат қоюы ұлттық болмысымыздың тілдегі көрінісі мен халықтық танымым-талғамын айқындайды. Қазақ есімдері қарым-қатынас құралы ретінде ғана қолданылмай, қазақ халқына тән тума қасиеттерді жинақтаушы, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал ретінде танылады.

Халық арасында өз ойынан жанама ат қою жаңа түскен келіншектерден сыпайылық, әдепті мінез талап етілгендіктен туындаған. Жаңа түскен келіндер күйеуінің ауылындағы адамдардың үлкен-кішілерінің өз аттарын еш уақытта атамай барлығына жанама ат қойған.

Философтардың пайымдауынша, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс бар. Кісінің есіміне оның тағдыры жасырылған. Есімнің құпиясы мен мағынасы адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Мұны антропонимика ғылымы да растайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Жанұзақов Т., Есбаева К. Қазақ есімдері (анықтама сөздік). - Алматы: Ғылым, 1988. - 480 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5-том./Құраст.: Б. Әбілқасымов, С. Бизақов, Ә. Жүнісбеков және т.б. - Алматы, 2011.- Д-Ж. - 752 бет.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы ред. басқарған Т. Жанұзақов. - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 968 б.

Сомжүрек Жұма-Назар. Алланың 99 көркем есіміне 99 көркем жыр. - Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2012. - 160 б.

Букетов Е.А. Об академике Сатпаеве. - Караганда: Полиграфия, 1994. - С. 124.

Жанұзақов Т. Кісі аттарының байыпты зерттеушісі // Құдайберген Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. - Алматы: Ғылым, 1990. - 105 б.

Қазақ әдебиеті оқулықтары. 5-11 сыныптар

Қазақша-орысша сөздіктер




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал