- Учителю
- Сабақ жоспары Саятшы Ораз (8-сынып)
Сабақ жоспары Саятшы Ораз (8-сынып)
Сабақтың тақырыбы: С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: білімділік-Оқушыларға С.Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнынын меңгерту. Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру;
дамытушылық-оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға, шығармаға кешенді және аннотациялық талдау жасауға төселдіру. Өз ойын еркін, толық жеткізе білуге жетелеу; трбиелік-адамгершілік қасиеттерге, оның ішінде кішіпейілділікке, кеңдікке баулу, халқымыз қадір тұтқан аң - құстарды аялауға, табиғатты сүюге, көршіні қадір тұтуға шақыру.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, модельдеу, ой шақыру, ізденту, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:
Қыран құстар суреті мен кестелер, слайд, карточкалар, диагностикалық карталар
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
-
Сәлемдесу
-
Кезекші мәліметі.
-
Ой шақыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылығын ояту.
Балалар, Саятшы деп кімді айтамыз?
Саятшылық туралы жазылған қандай шығарманы білесіңдер?
-С.Мұқановтың «Саятшы Ораз» туындысын білеміз.
Ендеше саятшылық жайында біраз сөз қозғасақ қалай қарайсыңдар?
Қосымша: құсбегілік, аңшылық туралы айту.
Топтастыру.
-
Ендеше кане біз де құс салып көрелік: «Құс салу» ойыны
Тақтада ілініп тұрған қыран құсты қалаан аңға саламыз да тапсырмасын орындап, дұрыс болса аңды қанжығамызға байлаймыз.
1 Ораздың мергендігі туралы не айтасың?
2.Құсбегі екендігін дәлелде
3.Бүркіттің аң алуын сипатта
4.Көрші ақысы дегенді түсіндір
5.Автордың үй-ішінің Оразбен таныстығы
Егер оқушы онда берілген сұраққа дұрыс жауап берсе құстың астында тұрған қоян, түлкі, қасқыр суреттерін алады.
2.Венн диаграммасы.
3.Сатылай кешенді талдау.
4. Оқушы пікірі.
6. Ораз сомдау.
Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдейді. Азиада ойындарында біздің спортшылардың ең көп алтынды шаңғы жарысынан алғанымызды, біздің аталарымыз ертеден - ақ спорттың осы түрін жақсы меңгергендігі туралы айтады.
ІІІ. Ой толғау.
«Саятшылық» тақырыбына эссе жазу
IV. Үй тапсырмасы. «Құсбегілік» тақырыбына шағын шығарма.
V. Бағалау. Бағалау парақтарын жинап, қорытынды баға қою.