7


  • Учителю
  • Эссе тақырыбы: Мамандығым - мақтанышым!

Эссе тақырыбы: Мамандығым - мақтанышым!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Мамандығым - мақтанышым!

(Эссе)

Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертенгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс» - дейтін қанатты сөзі бар.

Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген ұстаздар дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, рухани және материалдық құндылықтарды мүмкіндігінше тиімді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерін терең зеріттеп, теориялық талдаулар мен тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.

Бүкіл дүнеижүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызыметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, шәкірттердің шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалімдердің ғылыми бағытқа бет бұруын, іс-әрекетті жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай болмақ деген бұлжымыс заңдылық ерте уақыттардың өзінде -ақ белгілі болған. Осыдан келіп, білім беру мен ғылым қызметкерлерінің қазіргі кездегі рөлі мен беднлі еліміздің түрлі жыиындарында ерекше атап көрсетіліп жүр. Оның ішінде бастауыш сынып мұғалімі - ерекше тұлға. Өйіткені ол - балалар мен үлкендер арасындағы сарапшы. Сондай-ақ ол баланың психикалық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, адам болуға үйретеді. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің

3

нәтижесі - адам... Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол

мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының,

жеткіншек ұрпақтың қоғам мен мемлекет тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Осыдан келіп, бастауыш мектеп мұғаліміне қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екендігі айқындалады:

- алғашқы талап педагогикалық қабілеттіліктің болуы оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен;

- балаларға сүйіспеншіліктен;

- олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа.

Педагогтың тұлғалық сапалары:

- оқушыны тұлға ретінде қабылдауы, оны табысқа жететініне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу,әрі оны нығайтып отыру;

- мәліметтерді қысқаша беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу;

- жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайды қайта құра білу;

- мейірімді, бірақ талап қоя білу;

- оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;

- оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт беріп отыру;

- өз жұмыстарының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылдыру.

Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы; екіншіден, пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға толық жеткізу үшін жан-жақты қасиеттерді сіңіруі; үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеруі тиіс. Ұстаз көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыға бере білуі қажет. Ұстаз шеберлігінің тағы бір ең басты қасиеті - әдеп. Әдеп - мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселесінің ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан қарағанда педагогикалық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығының, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығының айнасы болып есептелінеді. Әдепті ұстаз болмай тұрып, шебер ұстаз болу мүмкін емес. Сонымен, ұзтаздық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыға жеткізе білуі, олардың толық қабыл алуын, толғанып бойға сіңіруін үйретуі. Ұстаз шәкірттің білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге деген қызығушылығы артпайды. Өйткені, мұғалім тақырыпты бастан - аяқ өзі талдап, өзі түсіндіріп, оқушының ойлау қабілетін дамытпайды. Ал қазіргі жаңа технологияға байланысты білім беруді оқушы өзі ізденіп, өз білгенін жолдастарына жүйелі түрде жеткізе білсе, онда ұстаз нәтижеге қол жеткізеді.

Қазір ғылым мен техниканың дамыған кезі. Алдымызда отырған шәкірттер - білімді қажет ететін шәкірттер. Олар заман талабына сай қазіргі компьютер

тілін жетік біледі, интернеттен хабардар, барлық затты ажырата алатын

4

дәрежеде. Сондықтан олар мұғалімнен көп жаңалықтар күтеді. Мұғалімнің нақты, нық, дұрыс, қысқа да нұсқа түсіндіргенін қажетсінеді.

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегеніндей, ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным - өз мамандығымды шексіз сүюден болар. Біріншіден - өз мамандығымды сүйдім, сол өз мамандығымды сүю арқылы өз шәкірттерімнің жүрегіне жол тауып, оларды өз ісіме сүйсіндіре білдім. Бұл мұғалім үшін зор бақыт, үлкен қуаныш. Екіншіден - шеберлікпен, шығармашылықпен сабақ жүргізе отырып, шәкірттерімнің ынта-жігерін билеп, өз ерік-қалауымен білімге деген құштарлығын оятып, ұстаздықтың ұлы қасиетін, шын мәніндегі үлкен абырой, бедел, білім күшінің иегері екенін оқушы жүрегіне ұялаттым.

Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығымызды шексіз сүйе отырып, әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланың біліміне, болашағына арналса ғана шәкірттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары күмәнсіз.Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние. Оның ең негізгі мәні - жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Ұстаз бен шәкірт сүйіспеншілігі - адам баласының қатынастарының ең бір абзалы, әрі мағыналы, мәнді түрі.

Менің мұғалімдік мамандықты таңдауыма алдымен ата-анам себепкер болды.«Балам, ұстаздық - жақсы мамандық, мұғалім болсайшы !»- дейтін олар. Екінші бір себеп: өзімнің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Үмітхан Сабитованың ықпалы еді. «Шәкірт болып көрмеген-ұстаз болып жарытпас» демекші, бала жүрегімдегі ұстазыма деген мейірім мен махаббат , «Мен де апайымдай болсам..» деген арманым, ата-анамның тілегімен ұштасқан кезде мұғалім болатыныма еш кедергі, шек болмай осы мамандығыма жетеледі. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымның артқан сенімін ақтау жолында, бала бойына күніне түймедей болса да, жаңа бір білімді сіңіртіп, бірақ осы аздау-ау, ертең тағы қандай жаңалық алғым келсе екен деген ой, мазалап, ертеңгі сабақ жоспарына тағы бір нәрсені түртіп қоюына себеп бар болса, ұстаздың шығармашылығы сарқылмас.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал