7


Сабақ жоспары Көксерек

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
Сабақтың атауы



«Көксерек» әңгімесі.

Көксерек- Құрмаштың ермегі мен серігі

Сілтеме

7 - сыныпқа арналған оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспарға негізделіп жасалды.

Жалпы мақсаты



Көксерек әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме құрылысы мен мағынасына назар аудартып,талдау.

Табиғатты қорғауда әр адамның орны ерекше екенін айтып түсіндіру, барлық адамзат баласына қамқорлықпен және жауапкершілікпен қарауға баулу.

Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа, талдау жұмыстарын орындауға дағдыландыру.

Оқушы үшін оқу нәтижелері



Шығармашылықпен жұмыс жасау, Көксерек әңгімесінің негізгі идеясын түсіну. Айналасындағы табиғаттың әр бөлшегіне жауапкершілікпен қарау.

Тапсырмалар



Бекіту сабағы (түрі), блум таксаномиясы (типі)











Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Топтау

Бағалау



«Көксерек» сұрақтар

«Мұхтар-ұлы суреткер»

Кубизм

Шығарма кейіпкерлері

Кім кінәлі? (Проб.сұрақ)

Авторға хат

Дереккөздер және жабдықтар: презентация, бағалау парағы, суреттер, бейнефильм.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Ұйымдастыру кезеңі.

Табиғат - тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен- күнсің көтеріліп күліп қырдан.

Сен-көлсің,

Сен-ормансың,

Сен - бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен- жарықсың,

Сен- жерсің,

Сен- адамсың,

Сен-ауасың,

Сен - анамсың,

Бәрі - менің өмірім сен сыйлаған.

Топқа бөлу. 1,2,3 топ болады. Бағалау парақтары таратылады.



«Миға шабуыл» сұрақтар ойын түрінде өтеді. «Кім көп біледі?»



Түсіну. Әңгіме тарауларына ат қою тапсырмасы.

Қасқырлар мекені

Адамдар қиянаты

Көксерек пенҚұрмаш

Арлан

Шабуыл

Әжесінің зары

Композициялық құрылымы. Оқиғаның басталуы. Қасқырлар мекені.

Оқиға дамуы. Бөлтірікке жасаған адамдар қаталдығы.

Оқиғаның шиеленісуі. Көксеректің жәбір көруі

Шарықтау шегі. Құрмаштың қаза болуы.

Соңы. Аққасқаның көксеректі өлтіруі.



Қолдану. «Кубизм»

Зерттеңіз. Шығарманы жазудағы мақсаты, тақырыбы, идеясы?

Суреттеңіз. Кейіпкерлерге мінездеме. Көксерек. Құрмаш. Әжесі.

Ойланыңыз. Егер мен шығарманың авторы болсам...

Қолданыңыз. Көрініс көрсету. Үзінді.

Пікірлесіңіз. Көксеректің Құрмашты өлтіруі дұрыс. Жақтаушылар,даттаушылар. Екіге бөлінеді.



Талдау. «Жақсы мен жаман» ойыны. Шығарма бойынша жағымды және жағымсыз адам бойындағы қасиеттерді топтастыру.



Топтау. « кім кінәлі?» немесе «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс. Проблемалық сұрақтар дайындау. Сыныптасымен талдау. Бағалау.



Бағалау. Авторға сұрағы, бағасы. Эссе, хат түрінде жазу.



Бағалау. Өзін - өзі бағалау, Топ басшысының бағасы, мұғалім бағасы.

Сабақты талдау

Сабақ бойынша өзгертулер

</<font face="Times New Roman, serif">?



?





Кейінгі оқу

Үйге тапсырма.

С.Мұқанов. « Есіл бойында» оқу.

«Менің таңдауым...»

«Табиғат және біз» эссе

«Көксерек пен Құрмаш» менің әңгімем

«Құрмашқа хат» Балаға баладан хат жолдау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал