- Учителю
- 2 –сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай «Кітап – ғажайып әлем» мерекелік кештің сценарийі.
2 –сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай «Кітап – ғажайып әлем» мерекелік кештің сценарийі.
Таладықорған қаласы. Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы
№18 орта мектеп - лицей кітапханашысы
Ботаева Мария Данабатшақызы
2 -сәуір Халықаралық балалар кітабы мерекесіне орай
«Кітап - ғажайып әлем» мерекелік кештің сценарийі.
Кітапханашы: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар! Бүгінгі біздің «Кітап -ғажайып әлем» мерекелік кешіміз 2 сәуір -Халықаралық балалар әдебиеті күніне орай ұйымдастырылып отыр.
Халықаралық балаларға арналған кітап күні 1956 жылдан бастап жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай яғни сәуір айының 2-де атап өтіледі.
Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады, жазушылармен кездесулер өткізіледі.
Сондай- ақ бүгін біздің кітапханаға осы мейрамға орай қонаққа қазақстандық белгілі публицист, жазушы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов.
1 - жүргізуші: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
Қош келдіңіздер, құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді 2-сәуір халықаралық балалар кітабының күні меркесімен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші: Кітап - нәзік те, тұнық әлем. Кітап - білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазына - кітап.
О, кітап бас иемін мәртебеңе,
Игілік - қазынасың бар адамға.
Сен берер жақсылықтың есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
Оқушы: Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, оқып байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!
Кітап - адам баласының ақыл - ойынан туған рухани байлықты сақтап
қалатын, оны ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.
Оқушы:
Адамның досы - кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі,
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой қазынасы, өмір көркі.
Оқушы:
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы Әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ, кітап сырын ашып терең.
1 - жүргізуші: Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі - өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған - тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
2 - жүргізуші: Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап - адал пейіл, асыл дос.
Кітап - мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Оқушы:
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып кинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,
Сол кітап сырын ашып терең.
Оқушы:
Кітап!
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл хошы,
Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңдей осы.
Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
Кітап!
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда-ақ өткен күннен беттеріңді,
Келер күн көз алдымда кеп тұрады.
1 - жүргізуші: Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
Оқушы:
Жайнатып жанымызды,
Келтіріп сәнімізді
Арнайық бас қосқанда
Тамаша әнімізді, - деп келесі музыкалық сәлемдемені жолдаймыз
Ән: Иса Байзақовтың «Желдірмесі»
Слайд көрсету: «Кітаптың шығу тарихы»
Кітапханашы: Қазақта балаларға арнап қызықты кітаптар жазған жазушылар жетерлік. Олар кейбір туындыларын ересектер де сүйсініп оқиды. Сол жазушылардың бірі: Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменов.
-
жүргізуші: Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлы- 27 қыркүйекте , , дүниеге келді.. -дің журналистика факультетін тамамдап, облыстық "Жезқазған туы" газетінде қызмет жолын бастады.
-
жүргізуші: Киров ауданындағы "Шұғыла" газетінде әдебиет және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, республикалық "Қазақстан пионері" (қазіргі " Ұлан") газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор қызметтерінде болды.
1-жүргізуші: Латын Америкасы жайлы "Кечуа тайпасының үндістері" (1985 ж.), "Қуанышты күн" повесть, әңгімелер жинағы жарық көрді. континентінің ашылғанына бес жуз жыл толуына орай Б. Сүлейменовтың "Бес ғасыр атылмаған садақ" кітабы жарық көрді.
2-жүргізуші: "Полиграфия" өндірістік бірлестігінде "газет" баспасының директоры қызметінде болды. Бейсенбай Сулейменов - республикалық жекеменшік баспагерлердің алғашқыларының бірі.
1-Оқушы : Кітап адамның қиялын ұштайды, оны оқып отырып, алыстағы елдерге ойша сапар шегесің. Бейсенбай ағаның шығармалары әлемдегі әртүрлі құрлықты тіршілік етіп жатқан халықтардың тыныс-тіршілігімен таныстырады. Бұл кітаптарды оқығанда, өз елінің терең тарихы мен мәдениетін танып білесің.
2-Оқушы: Бейсенбай Сүлейменов балалар журналистикасына бұрын- соңды болмаған тың күшпен, таң-тамаша шығармашылық серпінмен келді. Оның көтерген тақырыптары жаңашыл ерекшелігімен, жұмбақ әлемге саяхытымен, әдеби көркемдігімен оқшауланып тұрады. Әсіресе, «Кечуа тайпасының үндістері», «Бес ғасыр атылмаған садақ» кітаптары оқырманды құпиясы мол Оңтүстік Американы мекен еткен туыстас халық -үндістер еліне жетелеп, олардың сырға толы өмірі мен бүгінгі тіршілігінің мәнін аша білді.
3-Оқушы: Ғасырлар бойы сақталған Ұлы күштің, түркі тектес халықтардың мұхит асса да , сақталған салт-дәстүрі, тектілік белгісі, рухани жақындығының айғағы еді. Бұл - жазушының баға жетпес жеңісі, ізденісі, ешкімге ұқсамайтын шығармашылық шеберлік әлемі- тін. Қаламгердің «Қуанышты күн», «Тентектер» кітабына енген повесть, әңгіме, ертегілері біз білмейтін, естімеген, тіпті жаңа оқиғаларға, шиеленістерге толы. Шығармалардың оқиғалары қызықты, тілі жатық.
Ән. «Толғау»
Кітапханашы: Ендігі кезекте Бейсенбай ағамыздың «Куанышты күн» атты кітабынан «Жанар мен Сәуле» әңгімесінен көрініс көрсетейік.
Көрініс.
Кітапханашы: Ортаға Бейсенбай ағамыздың кітаптарында кездесетін кейіпкерлерді ортаға шақырайық. (Кейіпкерлер костюмдарын киіп ортаға шығады).
Ал енді балалар кезекті сөзді Бейсенбай ағамызға берейік:
Сұрақтарың болса, қойсаңдар болады.
Қорытынды сөзді мектеп директорының әдістемелік орынбасары
Қауметова Биғайша Серікболқызына береміз
Ән- шашу
Осымен шарамыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Сүлейменов Бейсенбай. «Күннен келген адам». Повестер, әңгімелер, ертегілер.-Астана: «Педагогика- Пресс Баспа үйі», 2010-352 бет
2. Қазақ әдебиеті газеті «Біздің мистер Бис!» № 39, 30 қыркүйек 2011 жыл.
3. «Ұлан» газеті. № 15, 15 сәуір2014 жыл.