- Учителю
 - Разработка на тему 'Армысың, әз науырыз!'
 
Разработка на тему 'Армысың, әз науырыз!'
Сабақтың тақырыбы: Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушылардың наурыз мерекесі жөніндегі білген - түйгендерін толықтыру, мерекедегі айтылатын ұлағатты салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: « Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!» мақал - мәтелдер,жұмбақтар,ұлттық киімдер,құрақ көрпеше, бесік.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар! құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.
1 -оқушы: Бүгін күн - түн теңелді,
 Жер шуаққа кенелді,
 Соны тойлар ел енді. 
Жүргізуші: 22 наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.
Күн: Сәулесі мол күнмі 
 Түн : Жұлдызы мол түнмін.
 Екеуі: Бірдей болып бізде 
 Теңелеміз бүгін 
Түн: Ал ертен күн ұзақ 
 Күн: Түн қысқарар бірақ
 Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,
 Жүрмеңдер тек жылап 
2 - оқушы: Өмір бағы жайнасын,
 Бақта бұлбұл сайрасын
 Өркендесін тіршілік,
 Өсіремін бір шыбық 
3 - оқушы: Тыныш болсын даламыз,
 Таза болсын ауамыз!
 Түгел болсын нуымыз,
 Тұнық болсын суымыз. 
4-оқушы:Келді наурыз жар салып,
 Би билейік, ән салып
 Жылда келсін Ұлыс күн
 Тұрайық есен қарсы алып. 
 
 
Би: «Қара жорға»
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші: Тойды одан әрі « Бесікке салу» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар.
Үйдің ішінде дастархан жаюлы.Қыз - келіншектер кәде - жораларым, шашуларын алып келіп жатыр. Келгендер: Сәбидің бауы берік болсын! 
 Үйдегілер: Төрлетіңдер, төрлетіңдер!
 Дастархан басындағы әңгіме: 
 Әжесі: Баланы бесікке салайық.Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген үбірлі - шүбірлі қадірмен апаға тапсырылатын ырымы бар.Ендеше Амина апа сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді апасыз. Бесікке сіз салыңыз, мына қыз - келіншектерге сіздің жолыңызды берсін. 
Амина апа: Кәне, бесікті әкел.Бесік - өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы,оны ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал.
Балалар: Апа мына бесік тесік қой.
 Амина апа: Ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды.Алдымен тыштырма жасайық./ тыштырма ырымы түбектің тесігінен «тышты ма?» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіріледі/Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендігі. 
Амина апа енді отқа табыну ырымдары бар деп, от жағып бесікті бәле - жәледен аластайды.Аластап болғаннан кейін, нәрестені бесікке бөлейді.
Әжесі: Ал Амина мынау сенің сыйың апаға және оның немерелеріне көйлек жабдық сияқты сый тартылады.
 Әжесі бата береді: 
Сәбиіміз сүйкімді болсын,
 Өнер білімге икемді болсын,
 Бәйтеректей бойшаңданып,
 Өрен, өршіл,өркенді болсын!
 Жақсы жолды таңдасын,
 Жамандықтан тәлім алмасын! 
Әжесі: - Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып,сәбиіңді ұйықтата қой.
 Амина апа: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп бойына тәрбиелік , рухани ана тілінде қабылдайды. 
Қыз - келіншектер: Рахмет сіздерге . Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.
Әжесі: Біз сіздерге көп нәрсе үйретеміз,сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар.Сонда ата - бабамыздың қалған қазақтың әдет - ғүрпы,дәстүрі,мәдениеті,тілі өлмейді.
Ал балалар! Біз бүгін көп дүниені білдік.
 Хор: « Анашым» 
Ұлттық ойын: « Қамшы алу».
Ойын шарты:Балалар екі топқа бқлінеді.Әр топтан екі немесе төрт баладан ортаға шығады.Бір-біріне арқаларын тіреп тұрады, қамшыны аяқтарының ортасына қояды.Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеру керек. Кім тез алып көтерсе,сол баланың епті болғаны.
 
 
 
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты- Ұлтымыздың салт - дәстүрін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғарту.Осымен ұлыстың ұлы күніне арналған «Армысың,Әз Наурыз,» -атты кешіміз аяқталды. Жылдан жылға аман - есен жете берейік! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! «Үлыс оң болсын, ақ мол болсын» еліміз тыныш болсын! Сау болыңыздар.