- Учителю
- 'Асылдың біріі - адалдық' (Рабғузи қиссалары туралы) тақырыбына арналған сабақ жоспары (8-сынып)
'Асылдың біріі - адалдық' (Рабғузи қиссалары туралы) тақырыбына арналған сабақ жоспары (8-сынып)
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Асылдың бірі - адалдық»
Рабғузи қиссалары туралы
Пән мұғалімі:Умбеталиева Салтанат Нұрланқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
Сыныбы: 8 «В»
Күні: 20. 10. 2010
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: «Асылдың - бірі адалдық»
Сабақтың мақсаты: а) Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту.
ә) Әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ашу арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу.
б) Білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: Өзара оқыту сабағы.
Сабақтың әдісі: анализдеу, «Қарлы кесек» әдісі, «Елші» әдісі, топқа бөлу әдісі, жеке оқушымен жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялық слайд-шоу,үлестірмелі карточкалар .
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу, түгендеу
ә) Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІV ғ)
-
ХІV ғ. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, қысқаша тарихы
-
Алтын Орда дәуіріндегі жазба әдебиеттің өркендеуі.
Үй тапсырмасын «Елші» әдісі арқылы сұраймын. Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топтан елші сайланады. Елшілер өз қызметін атқарады, топтар бағаланады.
1-слайд. Үй тапсырмасын қорғау кезінде көрсетіліп тұрады.
Алтын Орда дәуірі әдебиеті
(XIII-XIV ғ.)
Хорезми Сайф Сарай Әли Рабғузи
«Махаббатнама» «Түрікше Гүлістан» «Қисса Жүсіп» «Қисса-ул әнбиа»
2-слайд. «Рабғузи қиссалары» кітабының жалпы мазмұны
-
Табиғаттың, жаратылыстың пайда болуы жайында мифтік әңгімелер
-
Пайғамбарлар және тарихи адамдар жайындағы деректі, дерексіз аңыз-әңгімелер
-
Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдер
Мұғалім сөзі: Табиғат, жаратылыс туралы, пайғамбарлар жайында қандай әңгімелерін оқып едік.
«Үш түрлі топырақ»
«Адам ата мен Хауа ана»
«Нух қиссасы»
3-слайд. (Таяныш 3 әңгімеге)
Мұғалім сөзі: Қазақ әңгімелері мен ауыз әңгімелерінің таныс тақырыбына айналған бұл сюжеттің түпкі желісі Рабғузиде былайша жазылған: «Қазақ ертегілерінде» Рабғузиде айтылған әңгімелермен сюжеті жағынан ұқсас ережелер кездесе ме?
Естеріңізге түсіріп, дайындалып отырыңыздар.
Мұғалім сөзі: Шумер мифі, Энки құдай, Нинти-әйел. Құдай туралы Шумер тілінде «нин» - әйел, «ти» - қабырға. «Нинти» сөзінің екінші мағынасы - «Өмір беруші әйел», «Нинти - Ева», «Қабырғадан жаралған».
Қызығушылықты арттыру.
- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
-қарлығаш ертегіге негізгі арқау болып отырған құс.
сұрақтарға ойланып жауап берейік.
4-слайд.Сұрақтар:
-
Қазақ халқы қарлығашты қандай құс деп есептейді?
-
Ертегідегі және рух қиссасы әңгімесіндегі қандай оқиғаны жақсы іске, қандай оқиғаны жаман іске жатқызар едіңіз?
-
Қарлығаштың қандай қылығын адамдарға ұқсатар едіңіз?
Мұғалім сөзі:
Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең,
Өмірде көрген жақсылық
Ұйықтап өткен түспен тең,
Атадан мирас ақылың
Жүзік айтқан мақұлың,
Ләзім болған іспен тең, - деп VIII ғасырдың жырау-ақын Шал ақын жырлағандай, өнегесі атадан балаға мирас болып келген, талай жанға жақсылық жасап, данышпан атанған, мұсылман елдерінің әрқайсысында өзінің төл фольклорлық кейіпкеріне айналып кеткен Лұқман Хакім жайындағы мифтердің түрікше ең көне нұсқасы Рабғузида жазылған...
Лұқманның түркі елдеріне, оның ішінде қазақ фольклоры мен әдебиетінде орнығуына «Рабғузи қиссалары» сюжеттерінің көп ықпалы болғандығы даусыз.
«Асылдың бірі - адалдық»
Заман қамын ойлаған -саналықтың белгісі.
Адам қамын ойлаған - даналықтың белгісі.
Халық мақалы
«Лұқман» - арабтың сөзі, «данышпан» деген мағынаны береді.
Лұқман Хакім туралы бір хикаятты баяндап берейін:
«Жақсы болмақ та тіл мен жүректен
Жаман болмақ та тіл мен жүректен»
-
Бұл әңгіменің тақырыбы мен идеясы туралы не айтуға болады?
-
Қандай сюжеті жағынан, идеясы жағынан ұқсас ертегі, аңыз әңгіме, шешендік сөздер бар? («Басқа пәле тілден»)
(Жеке жұмыс карточкалар таратылады)
5-слайд. (3 әңгімеге таяныш)
Екінші, үшінші әңгімелерді оқушылардың өздеріне айтқызу
6-слайд Сұрақ: Осы Рабғузи әңгіелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?
7-слайд. Әңгімеге негізделген кесте
Әңгімеден үзінді
Ой қорыту мақал-мәтел, даналық сөздермен
«Тәтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ та тіл мен жүректен»
1.Тіл - қылыштан өткір
2.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. (Абай)
«Бірінші алғанда «бермей кетейін»деп арамдық ойлап едің, ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің, пайда таптың. Бұдан былай қара ниет болма.»
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
«Данышпандығын көрейін, осы құдықтан қалай аман шығар екен»
- Ей, жігіт, сағат ажал, маған бұйрық келді! Әкең үшін сені бауыздаймын, - деп қойдың тамағын пышақпен қор еткізіп тартып жібереді. «Аһ!» - дегенде, сүйек атып шығады. Есін жиып қараса, баласы алдында тірі отыр екен.
«Жақсылыққа - жақсылық, әр адамның ісі, Жамандыққа - жақсылық, нар адамның ісі»
Таспен ұрғанды, аспен ұр.
8-слайд.
ақылды
адал
кекшіл емес
қайырымды тапқыр
қамқор ойлы
данышпан
Қорытындылау. 9-слайд
Бүгін қазақ әдебиеті сабағы мен үшін... Неге үйрендім?
Л - Лұқман Хакімдей адал, қамқор жанның өмірде бар болғанын түсіндім.
Ұ - ұрпаққа арнаған ұлағатын ұқтым
Қ - қазақ әдебиетінің терең тамырлы сабақтастығын түсіндім.
М - мейірімді болу керектігін түсіндім
А - адамгершіілк қасиеттерді жинақтадым
Н - нағыз азамат болуды үйрендім
Мұғалім сөзі:
-
Жарайсыңдар, балалар!
-
Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Рабғузи еңбегіне енген қысқа-қысқа қиссалардың сіздерге берер тәлімі мен тәрбесі мол болғанын көріп тұрмын.
Осы отырған барлықтарыңыздың да балапан жүректеріңіз:
10-слайд
Р - рухани
А - азық
Б - балапан
Ғ - ғалымның
У - уағызын
З - зейінге тоқып алатын
И - инабатты да ибалы
Қазақтың адамгершілігі мол ұрпағы мен боламын, - деп соғары даусыз.
Үйге тапсырма: 11-слайд
-
Адамгершілік - ардың ісі (ой толғау немесе мәтін құрау)
-
Адамгершілік туралы мақал-мәтел жазып келу, жаттау
Бағалау.