- Учителю
- Ұлттық киімдер. Етістіктің шақтары 6 класс
Ұлттық киімдер. Етістіктің шақтары 6 класс
Қысқа мерзімді жоспар
ПӘНІ
Қазақ тілі
КЛАСЫ 6
ТАҚЫРЫП
Ұлттық киімдер. Етістіктің шақтары.
МАҚСАТЫ
Ұлттық киімдердің түрлері мен аттарын ажырата білу,іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ойларын еркін жеткізу арқылы етістік шақтарының жасалу жолдарын меңгерту;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
-
Тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады ;
-
Ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады ;
-
Сыныптастарымен қарым-қатынасы қалыптасады;
-
Өзін-өзі бағалай алады.
-
Ұлттық киімдердің аттарын жатқа біледі;
Түйінді идеясы
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз
КЕЗЕҢДЕРІ
МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ
БАҒАЛАУ
РЕСУРСТАР
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару. Психологиялық тренинг өткізу.
Етістіктің шақтары (осы,келер,өткен) түрлері бойынша
3 топқа бөлу.
Оқушылар психологиялық тренингке қатысады.
Етістіктің шақтары (осы,келер,өткен) арқылы топтасады.
Смайлик арқылы өзін-өзі бағалау
Бағалау парағы
Қызығушылықты ояту
1.Үй тапсырмасын тексеру. Тұйық етістіктің ережесі мен жұрнағы айту.
2. Жазып келген эсселерін оқып, топта бір-біріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқулық
Мағынаны тану
3. Оқулықпен жұмыс жасай отырып, жаңа тақырыпты оқып-танысуын сұрайды.
Мәтінді оқи отырып, кестені толтыруды сұрайды.
4.Оқулықпен жұмыс:
4-жаттығу (ауызша)
1-жаттығу (жазбаша)
5. «Кубизм» әдісі арқылы жаңа тақырыпты жан-жақты ашу. (6 қыры бойынша 6 тапсырма дайындалады) Әр топқа кубикті екі рет иіру.
1.Зерттеңіз.
Ұлттық киімдерді ата? Олар қалай бөлінеді?
2.Салыстырыңыз. Етістіктің шақтарын түрлендіріп, жұрнақтарын жалғап, айырмашылықтарын ажыратыңыз.
3.Қолданыңыз.
Тақия, камзол,шапан,сәукеле сөздерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңыз.
4.Талқылаңыз.
Киінді,тігіп жатыр, ұнайды етістіктеріне морфологиялық сатылай кешенді талдау жасаңыздар.
5.Сипаттаңыз.
Бөрік,кимешек сөздеріне етістік жалғап 3 шақта түрлендіріңіздер.
6.Дәлелдеңіз.
Мәтіннен етістіктің шақтарын тауып, түрленуін дәлелдеңіз. .
6.Сергіту сәті.
Мәтінді оқи отырып, «Инсерт» кестесін толтырады. Маған таныс «V» Мен үшін жаңа ақпарат «+» Мен білетін түсінікке сәйкес келмейді «-» Бұл туралы толық білгім келеді «?»
Оқулықтағы жаттығу шартына сәйкес 4-жаттығуды оқушылар ауызша орындайды, ал 1-жаттығуды жазбаша орындайды. Әр топтан тақтаға бір оқушы шығып, жазбаша тапсырманы орындайды.
Кубизмнің 6 қыры бойынша дайындалған тапсырмаларды орындайды.
Сергіту тренингіне қатысады.
Инсерт әдісі
Интерактивті тақта
А 3
Оқулық
Слайдтар
Үлестірмелі парақшалар
АКТ
Ой толғаныс.
Ұлттық киім тақырыбына «Галереяға саяхат» әдісі бойынша қабырға газетін дайындау.(топпық жұмыс).
Оқушылар ұлттық киім үлгілеріне байланысты қабырға газетін дайындайды.
Бағалау
Әр оқушы сабақ соңында бағалау парағы арқылы бағалайды.
Кері байланыс
Бағалау парағы
Сабақты қорытындылау
7.Үйге тапсырма:
Етістіктің шақтарының жұрнақтарын оқып, әр шаққа 3 мысал жазып келу.
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
Оқулық
Қосымша әдебиеттер.
Пән мұғалімі: Имангалиева.З.А.