7


  • Учителю
  • Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар

Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша кәсіби қазақ тілі пәнінен «Компьютерлік вирустар» тақырыбы бойынша сабақ жоспары



Матаева Айнагуль Сергазиновна

Павлодар облысы, Ақсу каласы, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі

қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы



Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін көтеру. Компьютерлік вирустар туралы түсінік беру. Алған білімдерін жүйелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуін, өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Монолог, диалог арқылы тілдерін дамыту. Ізденіске баулу.

Тәрбиелік: Болашақ мамандығына деген сүйіспеншілік туғызу.

Болашақ нәтижені болжау: Сөздік қорлары байытылады. Компьютерлік вирустар туралы білетін болады. Ізденіс қабілеті, сөйлеу мәдениеті қалыптасып, монолог, диалог тілдері дамиды.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданып жаңа сабақты меңгеру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, талдау, сөйлеу, «Ассоциация», «Кілті сөздер», «Концептуалды кесте», тест.

Сабақтың формасы: жеке, жұпты, топты.

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, аңықтамалық әдебиет:

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал (К.Б.Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиеваның редакциясымен - Астана: АСТ-Проект, 2008) интернет, фотосуреттер, Сын тұрғысынан ойлау технологиясын дамыту әдістемесі.

Құрал-жабдықтар, көрнекті кұралдар: проектор, компьютерлер, мәтіндер, бағалау парағы, слайд суреттері.

Пәнаралық байланыс: информатика

Сабақ барысы:

  1. «Көрнекілік» стратегиясы.

Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар+ лік (тұмау, ОРЗ)



2. Оқушылар өздері сабақтың тақырыбына шығады.

  • Бұл біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы.

  • Сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өз мақсаттарын белгілейді.

  1. Компьютерлік вирустармен танысу.

  2. Компьютерлік вирусқа қарсы бағдарламалар туралы әңгімелей білу.

  3. Сөздік қорын байыту.

ІІ. «Мағынаны ажырату» сатысы.

  1. Дербес компьютерлермен жұмыс

Компьютерлік вирустар тақырыпты ашып, концептуалды кестені толтыру.



Вирус дегеніміз не?

Вирустар қайдан пайда болады?

Вирустарды қалай жұқтыруға болады?

Вирустардың әрекеті қандай?













Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар

  1. Компьютердің вируспен зақымдалғанын қалай анықтауға арналған әркеттерді көрсету.

Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар

  1. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді оқу, кілтті сөздер табу, солар арқылы мәтінді әңгімелеу.





Вирусқа қарсы бағдарламалар.



Вирустармен күресу үшін антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар. Вирусқа қарсы бағдарлама(антивирус)-компьютерлік вирустарды жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.

Бүгінгі танда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар:Dr.Web,Касперский Антивирусы, Eset NOD 32, McAfee, AVG, Panda Software, Norton Antivirus және т.б

Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар





Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті,алмалы,ықшам дискілерде вирустардың бар-жоғын тексеруге болады.

Касперский Антивирусы орнатылған болса,компьютерді вирус жұқтырған-жұқтырмағанына толық үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

1.Касперский Антивирусы вирусқа қарсы бағдарламасын ашу.

2.Қорғаныс қосымшасын тандау.

3.Менің компьютерімді тексеру дегенді басу.

4.Тексеру нәтижелері жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар-жоғын көрсетеді.

5.Сондай кейін Касперский Антивирусы бағдарламасы терезесін жабу керек.







Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар



  1. «Пирамида» стратегиясы. Топпен жұмыс.

«Пирамиданың» бөлшектерін толтыру: 1 - бір негізгі сөз

2 - екі кілтті сөз

3 - үш кілтті сөз

«Пирамиданы» қоғау





  1. Тапсырмалар орындау.

Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустарМетодическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар

Методическая разработка открытого урока Компьютерлік вирустар

ІІІ. Ой толғаныс сатысы.

  1. Берілген ассоциация арқылы сөйлем құрастырыңдар.



Касперский Антивирусы Panda Software

Eset NOD 32

Компьютерлік вирустарды жоятын бағдарламалар

Norton Antivirus

McAfee

  • Тест арқылы сабақта алған білімдерін тексерейік.

  1. Компьютерлік вирустар дегенімізді анықтаңыз.

А . Компьютердің жабдық бөлігіндегі ақауға байланысты пайда болады

В. Дұрыс жазылмаған бағдарламалармен жұмыс істеуде туындайды

С. Компьютерге зиян келтіру үшін адамдар қасақана әзірленеді

D. Амалдық жүйедегі қателіктердің салдары болып табылады

Е. Құжаттарды қысуға арналған бағдарлама

2. Вирусқа қарсы бағдарлама - бұл ...

А .Тексеру және тану бағдарламалары

В. Компьютерлік вирустарды тауып, емдеу бағдарламалары

С. Мұрағаттаушы, мұрағаттан шығарушы бағдарламалар

D. Вирусты тек айқындайтын ғана бағдарламалар

Е. Вирусты жұқтыратын бағдарлама

3. Аталған бағдарламалардың арасынан вирусқа қарсысын көрсетіңіз.

А . WinZIP, WinRAR

В. Excel, Internet Explorer

С. Doctor WEB, AVP

D. Word, PowerPoint

Е. Word Art

4. Компьютерлік вирустардың өзіндік ерекшеліктері ...

А . Пайдаланушы тарапынан қосу қажеттілігі

В. Амалдық жүйенің кедергіге сезімтал қабілеттілігін күшейтеді

С. Компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергілер тудыру және өз бетімен іске қосылу

қаблеттілігі

D. Бағдарламалық коды көлемінің үлкендігі

Е. Айтарлық ерекшелкітері жоқ

5. Вирустарды тауып, олардың кері әсерін жоятын программа қалай аталатынын

белгілеңіз.

А. архивтеу

В. антивирус

С. күнтізбе

D. Win RAR

Е. форматтау

6. Компьютерлік вирустар дегеніміз …

А. Желілердегі және амалдық жүйедегі нысандарға зиян келтіру қаблетті және

өздігінен көбейетін бағдарламалар

В. Тұрғылықты немесе алмалы дискіде сақталған, бірақ онымен жұмыс істеуге мүмкін

емес ақпарат

С. Жою әмірінің көмегімен жою мүмкін емес, жасырын бағдарламалар

D. Дискілерді жарамсыз ететін, жоюсыз жоғалатын және қалпына келтірілмейтін

бағдарламалар

Е. Ақпараттарды жарамсыз ететін, қалпына келтірілмейтін бағдарламалар



Тесті тексеру.



-Бүгін сабақта біз не істедік?

-Сабақ мақсатына жетті ме? (Бағалау)

-Сабақ аяқталды.

-Сау болыңыздар.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал