7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку 'Біздің Отанымыз Қазақстан' /5 сынып/

Урок по казахскому языку 'Біздің Отанымыз Қазақстан' /5 сынып/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ


ТАӘ (толық)

Муздибаева Р.Т.

Пән

Қазақ тілі

Сынып

5 «А»

Күні

10.12.2014 жыл


Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз Қазақстан.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың Отанды сүюге, қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

  1. Міндеттер:

- білімділік: Оқушылардың Отан, ел туралы түсініктерін молайту.

- дамытушылық: тақырып бойынша тиянақты, нақты жауап беруге үйрету;
ойларын ауызша айта білуге дағдыландыру

- тәрбиелік: Отанын, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

2. Сабақ типі: қайталау сабағы

  1. Оқушылардың жұмыс формасы: топпен, жеке, жұппен

  2. Қажетті техникалық жабдығы: компьютер, интерактивті тақта

  3. Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар: карточкалар, ресурстар.

САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАРЫСЫ


Сабақ кезеңі


Мұғалім әрекеті



Оқушы әрекеті


Уақыты

(мин.)


1

I. Ұйымдастыру кезеңі және сабақ басталуы.

  • сәлемдесу;

Жүректен - жүрекке
Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын
бірге айтамыз.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау - кішілік,
Үлгілі мінез - кісілік.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен сабағымызды бастайық.


2мин

2

ІІ. Мотивациялық


Сұрақ-жауап әдісін қолдану.

Мынау не?

Алма қандай?

Алма қай қаланың атауында бар?

Мынау не?

Бәйтерек қай қалада бар?

Астана Алматы қай мемлекеттің қалалары?

Біздің Отанымыз не?

Оқушылар қайталап айтады


Мынау алма.

Қызыл, тәтті, үлкен.

Алматы қаласында


Бәйтерек

Астана қаласында бар.

Қазақстан республикасының қалалары.

Біздің Отанымыз Қазақстан

2 мин

3

ІII. Сабақ мақсаты мен міндеттерін қою

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбымыз Қазақстан Республикасы.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту


1 мин

4

IV. Негізгі білім көкейтестігі.


Әр адамның өз Отаны, туған елі, жері болады.


1 мин

5

V. Үй тапсырмасын тексеру.


«Астана» өлеңін жаттауға берілген болатын, тексеру, спикер бағалайды.


Оқушылар үй тапсырмасын айтады.

5 мин

6

VІ. Жаңа материалды оқу.

Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Өйткені қайталау сабағы.

Бірінші топ «Астана» екінші топ «Алматы» тобы болып бөлінеді. Оқушылар арасынан спикерді таңдап алу. Бағалау парағын үлестірі, түсіндіріп кету.

Ал қонақтарымызға ұялы телефон береміз, бізге СМС жазасын, сабақтың соңында оқимыз.

1 тапсырма.

Топпен жұмыс

Берілген мәтінді оқу, аудару.

Біздің Отанымыз - Қазақстан. Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең және бай. Қазақстан жерінде көмір, мұнай, темір, алтын мол. Алматыда - алма, Қызылордада күріш өседі.


Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Республикада 131 ұлт өкілдері тұрады. Елордасы-Астана қаласы. Астана Қазақстанның үшінші астанасы. Қазақстан бай және қуатты ел.


2 тапсырма.

«Қазақстан» сөзінен бірнеше сөз жазу


3 тапсырма.

Әр топ осы тақырып бойынша 3 сұрақ құрастырып, келесі топқа қояды.

Сергіту сәті. Жаттығуды билеп көрсету.

4 тапсырма.

Қала аттарын әліпби ретімен қою.

Қарағанды, Өскемен, Семей, Алматы, Екібастұз, Талдықорған, Байқоныр, Жетісай, Кентау, Шымкент, Орал, Үштөбе, Тараз, Астана, Павлодар.


5 тапсырма.

Грамматикалық тапсырма.

1 топ «Отан»

2 топ «Елорда» сөзін тәуелдеу, постерге жазып тақтаға шығып айту.

6 тапсырма.

Сандары сөйлет.

16-17 желтоқсан -

1-2 қаңтар -

8 наурыз -

22 наурыз -

1 мамыр -

9 мамыр -

4 маусым -

30 тамыз -

Әр тапсырма бойынша мадақтау, яғни жұлдызша немесе төртбұрыш беру.

Қосымша тапсырма

Катя, Оля, Настя презентация және шағын бейне ролик дайындап әкелді соны тамашалау.

Мәтінді оқиды, аударады топпен бірге

«Қазақстан» сөзінен қысқа сөздер құрау


Екі топ бірнеше сұрақ құрастырып, бір-біріне қояды.


Жаттығу орындау, демалу

Параққа қала аттарын әліпби ретімен жазу, содан соң оқып шығу.


Әр топ өз бетінше жұмыс істейді, содан соң бір оқушы тақтаға шығып қорғайды.


Берілген сандарды сөйлету, яғни толықтыру




4 мин






2 мин

4 мин


2 мин


3 мин

5 мин


3 мин


5 мин

7

VIІ. Қорытынды

Қазақстан туралы не білесіңдер? Постер жасап, оны қорғау.


3 мин

8.

VIІІ. Үй тапсырмасы

Сөздерді, ережені қайталау

Оқушылар үй тапсырмасын күнделікке жазады.

1 мин

9.

Сабақ бағаларын жариялау

Тақтада алма ағашы ілулі тұр, соған өзне қойған бағаны, яғни алма түсін таңдап, ілу керек.

Әр оқушы өзіне баға қояды, берілген алма түстерінен біреуін таңдап алады да алма ағашына іледі.

1 мин

10.

Рефлексия

және сабақты ұйымдастырылған түрде аяқтау.

Мен өз ілімді сүйемін деген адам оң қолын көтереді, мен өз мектебімді жақсы көремін деген адам сол қолын көтереді, енді қол ұстасып «Алға Қазақстан» өлеңімен сабақты аяқтау.


2 мин



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал