7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Жарақат және оның түрлері туралы түсінік, дененің күю себептері

Сабақтың тақырыбы: Жарақат және оның түрлері туралы түсінік, дененің күю себептері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жарақат және оның түрлері туралы түсінік, дененің күю себептері және оның өмірге қауіп төндіру дәрежесі, естен танудың пайда болу себептері, жарақаттану мен қансырау кезінде көрсетілетін алғашқы көмек, асептика және антисептика туралы түсінік.



1. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға алғашқы медициналық көмек, асептика және антисептика туралы түсінік беру.

2. Уақыты: 45 мин.

3. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

4. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, АҚ журналдары.

5. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

б) Негізгі бөлім - 22 мин.

Жарақат және оның түрлері туралы түсінік, дененің күю себептері және оның өмірге қауіп төндіру дәрежесі, естен танудың пайда болу себептері, жарақаттану мен қансырау кезінде көрсетілетін алғашқы көмек, асептика және антисептика туралы түсінік.

в) Қорытынды бөлім - 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Табиғи апат дегеніміз не?

- Олардың түрлерін атап өтіңіз?

- Табиғи апаттар кезінде хабарлау жүйесі қалай ұйымдастырылады?

- Құтқару жұмыстары жүргізілу тәртібі қандай?



Т3. С20. Жарақат және оның түрлері туралы түсінік, дененің күю себептері және оның өмірге қауіп төндіру дәрежесі, естен танудың пайда болу себептері, жарақаттану мен қансырау кезінде көрсетілетін алғашқы көмек, асептика және антисептика туралы түсінік.

Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары әр түрлі жарақатты туғызады. Адам денесі, белгілі бір органы (мүшесі) немесе барлық ағзасы тіндерінің күшпен закымдануы жарақат деп аталады (140-сурет), мысалы: СОРЫП алу, жаралар, сүйектердің сынуы, мидың шайқалуы және т.б. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған және таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлық жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі қабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) және терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналасқан тіндер бұзылады) болуы мүмкін (140-сурет). Адам денесінің ішкі қуыстарына - кеуде, іш және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган зақымдануы мүмкін.

Жаралаушы құрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін (141 -сурет) ажыратуға болады:

- кесілген (пышақпен, алмаспен, әйнек, шыны жарықшақтарымен жаралану-жара шеті ажырап, қатты канайды);

- шабылған (балтамен - сүйектер зақымдануы мүмкін);



Тері Тері асты клеткалары



Сыртқы жара

(беткі кабаттары



Жара



Терең жара (тері астындағы)

Қан тамырлары

140-сурет. Жараның түрлері



- шаншылған, (түйрелген жаралар (пышақ, инеге, біз, қанжар, айыр, сүңгі-найзамен - кейде терең болуы мүмкін, ішкі органдар, мысалы, кеуде немесе іш қуысы зақымдануы ықтимал);

- сорылған және т.б.

Ядролық қаруларды қолданған жағдайда екіншілей (қайталанған) снарядтар (тастар, кірпіш, ағаш бұтақтары және т.б.) әрекеті әсерінен мылжаланған және жұлынған, соғылған жаралар көп кездеседі. Бұл жаралардың шеттері тегіс емес, кесілген болып келеді және айналасындағы тіндердің едәуір зақымдануымен, қанның аз кетуімен сипатталады.

Жаралар оқ тиген (оқтық, жарықшақтық және т.б.), тесіп өткен (оқ немесе жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер және шығар тесік жасаса) немесе соқыр (оң немесе жарықшақ тіндерде қалып койса, яғни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшілігі - бұл кезде ірі қан тамырлары, нервтер, сүйек және буындар, ішкі қуыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сәулелену ауруы және т.б.) қабаттасып келеді.

Кез келген жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге әкеп соқтыруы ықтимал. Ауқымды зақымданулар - жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегуші шоқ деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргшітері, қан кету және басқа да себептерге байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.

Қан кетуден басқа әрбір жара үшін ең қауіптісі - жараға микробтардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.

Микробтар жараға жаралану кезінде (алғашқы инфекция) немесе алғашқы көмек, ем көрсету кезінде асептика ережелерін бұзу (екіншілей қайталанған инфекция) салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін (іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ұшығуы жүреді (қалшылдау, дене ыстығынын көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байқалуы).

Соғылған және мылжаланған тіндері бар жараларда және топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жоқ жерде дамитын микробтардың көбеюінің, яғни анаэробты инфекцияның көрінісі - тіндердің тез елі еттене бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір қауіпті ауру - сіреспе (жараның сіреспе таяқшасы бар топырақпен ластануы). Клиникалық тұрғыда сіреспе бүлшық еттердің тырысып қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дәретке отырудың қиындығымен сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға және сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.

Жаралану кезіндегі алғашқы көмек көрсеткенде, қан кетуді тоқтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта ұстау үшін дененің зақымданған бөлігін иммобилизациялау (тұрақтандыру) жұмыстарын жүргізу керек.

Қанды уақытша тоқтату - алғашқы медициналық жәрдем көрсету кезіндегі маңызды шаралардын бірі және қан кетудін түріне байланысты оның тәсілдері таңдалады.



Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама



Қан кету дегеніміз - зақымданған қан тамырынан қанның құйылуы (шығуы) қан кету деп аталады. Зақымданған тамыр сипатына сәйкес (142-сурет): артериялық, веналық, капиллярлық және паренхиматозды қан кету деп бөлінеді.

Артериядан қан кетуі ірі артерияның зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті қанның шапшып





Қан кетудін түрлері: а - капиллярдан; ө- венадан; б- артериядан



ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне қауіп төндіреді.

Венадан қан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан қою кызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардың ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне әкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды.

Капиллярдан қан кету ұсақ қан тамырларының жаралануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі - жараның жоғарғы бетінен қан арады.

Паренхиматозды органдардың (бауыр, көк бауыр) зақымдануы кезінде байқалады және ол көбіне аралас болып келеді.

Дан ағу (құйылу) орнына байланысты қан кету: сыртқы (қан терінің жарасы мен шырышты қабықшасы аркылы сыртқа ағады) және ішкі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш қуысы жараланған кезде аралас болуы мүмкін.

Байкалу уақытына сәйкес қан кету: алғашқы (жараланғаннан кейін бірден қан кету) жөне екіншілей (зақымданғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді.

Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада зақымданған тамыр манында, егер қанның ұю дәрежесі төмен болмаса (сәуле ауруы - гемофилия), қанның қоюлануы нәтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (канқатпа- қаннын ұюы нәтижесінде). Қан көп кеткен жағдайда қолма-қол әрекет жасалады.

Күйіктің пайда болу себептері және оның ауырлық дәрежесі, күйік ауруы түсінік

Күйік - жоғары температура, химиялық заттар немесе иондаушы радиациялық әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы.

Термиялық күйік-жоғары температура (жалын, қызған заттар, ыстық сұйықтық, өртегіш жанармай қоспары, бу, фосфор), сондай-ақ ядролық жарылыстың жарықтық (жылулық) сәулелену (жарықтық күюлер) әсерінен туындайды. Ең ауыр күйіктер қатарына наполм және жанған кезде 1100-1200°С температура беретін (өртегіш қоспа) құю жатады.

Химиялық күйіктер бір қатар химиялық заттардың (қатты қышкыл, сілті, фосфор), ал сәулелік күю- иондаушы радиацияның әсер етуі кезінде пайда болады.

Жұмсақ тіндердің зақымдану тереңдігіне сәйкес күйіктердің төмендегідей дәрежесін анықтайдьі: 1 -дәрежелі күйік кезінде терінің қызаруы, ісуі және ауыруы байқалып, ол 2-3 күннен кейін жазылады. 2-дәрежелі күйік кезінде қызарған теріде іші мөлдір немесе лай түсті сұйықтыққа толған әр түрлі көлемдегі күлдіректер пайда болады, 5-6 күннен кейін немесе одан да кейінірек жазылады. 3-дәрежелі күйік кезінде терінің өлі еттенуі дамиды, тіндер ақуызынын ұюы нәтижесінде қабыршық (қабық) пайда болады; 4-дәрежелі күйік кезінде - тереңде жатқан тіндер терісі өліп, қаракөмірленіп, гангренаға (аяқ-қолды) айналады, Күйік дәрежесі зақымданғаннан кейінгі бірнеше сағатта немесе бір күннен соң дәл анықталады.

Клиникалық тұрғыдан барлық күйік қатты ашып ауырсынуымен сипатталады, бұл кейде қатты күйік кезіндегі күйіктік шоқтың дамуына себеп болуы мүмкін, Кең көлемді күйікке сұйықтықты көп жоғалту плазморея тән, ал бұл қанның қоюлануына және адам ағзасының құрғауына әкеп соғады. Дененің 1/3 бөлігінің, ал балаларда тіпті 1/4 бөлігінің күюі зардап шегуші өміріне қауіпті екені дәлелденген, ал дененің беткі қабатының 1/2 бөлігінің күюі өлімге әкеледі. Сондықтан тек күйік дәрежесін ғана емес, сонымен бірге күйік ауданын анықтау (мысалы, адам денесінің беткі қабатының, шамамен, бір пайызына тең алақан көлемімен) өте маңызды.

Ауыр күйіктің және онымен қабаттаса жүретін жалпы құбылыстардың жиынтығы күйік ауруы деп аталады. Ол төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: шок, токсемия, сепсис және айығу кезеңі.

Шок - көптеген жүйке рецепторының тітіркену нәтижесі, ол дененің беткі қабатының едәуір бөлігі күйген кезде (10-20% астам) байқалады және әдетте, 24-28 сағатқа созылады. Шоқтын ауырлығы күйік ауданына байланысты, бұл көбіне өлімге әкеп соғады.

Уыттың қанға шабуы (уыттану) - күйген беткі бөліктің қанға тіндік бөліну өнімдерінің (уыттың) сіңуінің және зат алмасудың күрт бұзылуының нәтижесі дене температурасының көтерілуі, жалпы жағдайының нашарлауы, тамыр соғысы мен тыныс алудың жиілеуі, жүйке жүйесі мен ішкі мүшелердің зақымдалуы) 4-12 күнге созылады.

Сепсис - ауқымды және терең күйіктер кезінде күйген қабаттардыд ірің туғызғыш микробтар мен залалдануы және оның қанға енуі нәтижесінде дамиды (дене температурасының көтерілуі, қалтырау, жалпы жағдайдың күрт төмендеуі, жүрек қызметінің нашарлауы, қандағы өзгерістер - ликоцитоз, анемия).

Күйген адамның ауыру жағдайы біртіндеп баяулап, сауығу кезеңі басталады, күйік беті жазыла бастайды.

Күйік бетінің ірің текті микробтармен залалдануы мүмкін. Балалар күйігінің өте қатерлі және кауіпті екенін атап өткен жөн,

Егер мүмкін болса, күйік бетін инфекция түсуден сақтау үшін сульфамеламид, синтомицин, фурацилин эмульсиясы немесе Вишневский жақпамайы сіңдірілгел 3-4 қабаттық дәкеден, қысу қағаздарынан, мақтаның жұқа қабатынан немесе лигнин және бинттен таңғыш салады. Басқа бір тәсіл - хлорамин немесе марганецті - қышқыл калий, фурацилин, риванол ерітіндісі ляпистің әлсіз ерітінділері сіңдірілген ылғал таңғыш қойылады.



Күйік кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Алғашқы медициналық көмек жергілікті және жалпы іс-шараларынан тұрады. Адамға оттың әсер етуі кезінде, ең алдымен, бықсып жатқан киім қалдықтарын сөндіру қажет. Денеге жабысып қалған іш киімдерді қайшымен қиып алып тастайды. Киім жанған жағдайда зардап шегушінің үстіне қолда бар нәрсені жауып немесе су құйып, қар лақтырып, жалынды өшіру қажет. Көмек көрсеткенде - ауыру сезімін күшейтпей, ақырын әрекет ету керек.

Жергілікті іс-шаралар - күйік бетіне жабысып қалған күйген тіндерді алмай-ақ құрғақ асептикалық мақта-дәке салса, ол күлдіректер жарылуына соқтырып, оғал инфекция түсуі және ауыру реакциясы күшеюі мүмкін. Сондықтан арнайы стандартты күйікке қарсы таңғыштар қолданылады. Аяқ-қолдың ауқымды күйіктерінде көліктік жақтау салу және ауруды жою үтін наркотик егу кажет. Зардап шегуші денесінің едәуір бөлігі күйген кезде таза, мүмкін болса, стерильді жаймаға орап, мұздаудыш алдын алу үшін денені жылы нәрсемен қымтайды.

Қышқыл және сілтімен күйген кезде дереу суық судың қатты ағысымен терідегі химиялық заттарды жуып тастау керек. Осыдан кейін қышқыл әсерін сілтімен натрий гидрокарбопатының 2%-дық ерітіндісі, бор ұнтағы, магний тотығы, сабынды су, ал сілті әсерін қышқылмен (сіркесу және лимон қышқылының 1-2%-дық ерітіндісі) бейтараптандырылған дұрыс. Напалммен зақымданғанда, жалып жатқан киім дереу шешілуі тиіс. Жанған киімнің қалған бөліктерін ауа еніл кетпеуінің алдын алу үшін, дереу кез келген матамен немесе ылғал топырақпен жабу керек. Сөндірілген өртегіш қоспаның өзінен-өзі жануының алдын алу үлгін күйген қабатқа ылғал таңғыш салу керек және оны АМЖЖ немесе күйік ауруханасында қоспаны теріден толық кетірмейінше шешіп алмайды. Өңеш пен асқазанның химиялық күйігі кезінде алғашқы сағаттарда сақтықпен асқазанды жуу керек, зардап шегушіге құстыру мақсатында көп су ішкізу қажет.

Жалпы іс-шаралар ауқымды күйіктер кезінде күйіктік шоқтан сақтандыру және шок құбылыстарын азайту үшін қажет. Бүл үшін тыныштық, жылыту, даркотиктер беру керек. Егер мүмкін болса, көп су ішкізу керек, мысалы, сода-тұз ерітіндісін (натрий хлоридінің 1 шай қасығын және натрий гидрокарбонатының 1/2 шай қасығын 1 л суға еріту) тәулігіне 4-5 литрге дейін беруге болады. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенден кейін, зардап шегуші АМЖЖ немесе күйік ауруханасына жіберіледі.

Сәулемен күю белгілері білінген кезде алғашқы медициналық көмек керсеткенде, күйген жерге асептикалық (құрғақ немесе жақпамайлы) таңғыш салу керек.

Осылайша зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетудің бірінші міндеті - зақымдаушы агент әрекетін тоқтату. Қайталап инфекция түсудің алдын алу үшін күйген қабатқа асептикалық таңғыш салады. Шоктан сақтанудың және ауру синдромын азайту үшін шприц-тюбиктен промедол енгізеді, ал күйген аяқ-қолды қолда бар кұралдармен иммобилизациялайды. Осыдан кейін күйген адамдарды көлікпен тасымалдайтын жерге жеткізеді, бұл жерде зардап шегуішнің жағдайына сәйкес ОПМ эвакуация кезектілігі анықталады.

Жоғарыда аталып өткендей, таңғыш салу үшін әмбебап таңу пакеттері қолданылады, олар мата емес материалдан жасалып, жоғары жабыспауын қамтамасыз ету үшін алюминий буында ұсталады. Ауқымды жараларда үлкен стерильді таңғыш пайдаланған жөн.

Шоктың пайда болу себептері және оның ауырлық кезеңдері

Шок-ағзаның жарақатқа жауап ретіндегі күрделі реакциясы. Ол ауырсыну және рефлекторлық, тітіркендіргіштер салдарынан туындайды. Шок кезінде орталық нерв жүйесінің жұмысы тежеледі, жүрек-қан айналым және тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылады, артерия қысымы күрт төмендейді және зардап шегушінің жалпы жағдайы ауыр болады.

Шок себептері әр алуан. Шок, көбінесе, жұмсақ тіндердің ауқымды мылжалануы, кеуде және қуык қуысы мүшелерінің немесе ірі нерв тармақтарының зақымдануы, сүйектерінің жарықшақтанып сынуы, уатылуы, аяқ-қолдың жұлынып кетуі, сонымен бірге ауқымды күю, аралас зақымдану және т.б. болған жарақаттар кезінде байқалады. Оның себептері: салқындау, едәуір көлемде қан кету, сәуле ауруы, ашыну, шөлдеу, титықтау, зардап шегушіні селкілдегіш көлікпен тасу, зақымдау орнын, (мысалы, сынықты) нашар орау, жүйке бұзылуы болуы мүмкін.

Шоктың 2 фазасы (кезеңі) болады. Бірінші кезең (фаза) - қозу: зақымданушы мазасызданып, ыңырсиды, көп аунақшып, қозғалады, тамыры қарқынды соғады. Бұл фаза (кезең) өте қысқа уақытқа созылып, екінші фазаға ауысады - самарқаулық, бозару, суық тер басады, тыныс алуы тарылып, артериялық қан қысымы төмендейді, мелшиіп қалу жағдайы туады. Зардап шегуші есінен танбауы да мүмкін, бірақ еш нәрсеге назар аудармайды немесе реакциясы өте әлсіз болады.

Зардап шегушіні алып шыққанда және тасымалдағанда үнемі бақылау жасау және пайда болатын асқынулар кезінде дер кезінде көмек көрсету қажет. Есінен танған зардап шегушіні сау жағына (бүйіріне) немесе етпетінен жатқызу керек. Оны тасымалдау үшін жүк автомобилі еденіне матрац (сабан, бұта) төсеніш салады, ал салқын (жаңбырлы) күні үстіне жамылғыш (брезент) жабады.

Жарақаттық шок белгілері:

1) қоршаған ортаға қарым-қатынасы мүлде самарқау (есінен айырылмайды);

2) терінің жамылғыш қабаттарының бозаруы;

3) қарашықтың үлкейіп, көздің шүңірейіп кетуі;

4) әлсіз және жиі, кейде қылдай тамыр соғысы;

5) тыныс алудың тарылуы, жиілеуі, кейде дұрыс болмауы;

6) дене температурасының (32-ЗО°С-ка дейін) және артериялық қан қысымының төмендеуі;

7) аурудың бет-әлпетінің қозғалыссыз қалуы, кейде шөлдеу, құсу немесе жүрек айну белгілерінін; болуы.

Шок құбылысының даму мерзіміне сәйкес оның алғашкы немесе ерте (жарақаттан соң бірден) және екінші немесе кеш (2-6 сағаттан кейін) шок деген түрлері болады. Шок формалары: "таза" (ауыратын) және асқынған (қан кететін, сәуле ауруымен бірге) болады. Алғашқы шоктың өтуін екі фазаға бөлуге болады: қозу (қысқа мерзімді және тұрақсыз) және сезімсіз (организмнің бүкіл өмір сүру әрекетінің қажу белгілері).

Жарақаттың шок ауырлығына қарай төртке бөлінеді:

1) жеңіл - аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бозарған, тамыр соғысы минутына-90-110. Жоғарғы артериялық қысымы 90-100 мм сынап бағанасы;

2) орта - аурудың жалпы күйі ауыр, бозарған, кейде мазасызданады, теріні суық тер басады, тамыр соғысы минутына -110-130 рет. Артериядық; қысымы 70-85 мм сынап бағанасы;

3) ауыр - аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр соғысы минутына -130-160 рет, санауға қиын, кейде әлсіз, сезілмейді. Артериялық қысымы 60-70 мм сынап бағанасы және одан төмен;

4) ақтық, немесе жанталасу жағдайы - естен танады, тамыр соғысы өте әлсіз, тіпті санауға келмейді. Артериялық қысымы төмен түсе береді (50 мм сынап бағанасынан төмен немесе анықталмайды), тыныс алуы үстіртін және жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді.



Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем



Жарақаттану кезіндегі алғашқы медициналық жәрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты - қан тоқтату (уақытша болса да), жараны ластанудан және оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бәсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяқкиімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпқа түспес үшін жараны саусақпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сақтау керек.

Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалык) таңғыш қою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жоқ болса, шетін этилъ спиртімен, арақпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жатқан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Тереңде жатқан басқа денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады.

Жараға таңғыш қоюға жеке таңғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы.

ЖТП резина қысқа және қағаз қабыққа оралған екі мақта - дәке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттің бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үшін әуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабықты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға қояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшаның бірін жараның кірер тесігіне, ал екіншісін шығар тесікке қояды. Жастықшаларды бинттеп, бинт ұштарын байлайды. ЖТП-ны қолдану кезіндегі негізгі ереже - таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген).

Жараланғандарга жәрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар өндірісте төмендегідей түрде шығарылады:

1) мақта-дәке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар;

2) макта-дәке жастықшаларынан (56 х 29 см) және дәке бинтінен (14 х 7 см) тұратын кіші асептикалық таңғыштар.

Қатты қан кету кезінде оны уақытша тоқтату шараларын жасау керек. Жұмсақ тіндердің ауқымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-қолды тасымалдау үшін орнықтырып бекіту қажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп қан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге қарсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу және өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі.

Жара асқынуларынан сактандыру



Жедел хирургиялық жұкпа әр алуан және көп кездесетін іріңді аурулардың (іріңді, ұшығу, терінің тілме ұшығуының әр түрлі формалары, лифангоит және лимфаденит, тромбофлебит, панарицит, сепсис) пайда болуына себеп болады. Бұл жағдайда алғашқы медициналық жәрдем көрсету: құрғақ немесе мазь (жұкпамайлы) жағылған таңғыш (Вишневский жақпамайы, антибиотиктер - пенициллин, синтомицин, тетрациклин) салу, аяқ-қолды (үшкіл орамалмен, жақтаумен) таңып тастау, АМЖЖ-ға жіберу. Жалпы, қатты іріңді жұқпа (сепсис) белгілері байқалған кезде, зардап шегушіні дереу мамандандырылған ауруханаға жіберу, алғашқы ушығу ошағына таңғыш салу, ал оны аяқ-қол аумағында тұмшалау кезінде аяқ-қолды таңып тастау қажет.

Кез келген зақымдану кезінде медициналық жәрдем көрсеткенде, сіреспенің алдын алу маңызды міндет болып саналды және ол тері астына сіреспеге қарсы сарысумен анатоксин егу жұмыстарын жургізуді қамтиды. Әрбір жаралыға сіреспеге қарсы сарысудың 1 сақтандыру дозасын, яғни 3000 АЕ антитокеиндік бірлігін егеді. Егер жара үлкен болса және топырақпен немесе киім жұлмаларымен ластанса» онда 2 профилактикалық доза (6000 АЕ) салынады. Ауыр жараланған жағдайда сарысуды 7 күннен кейін қайта егеді. Басқа жараланулардың бәрінде сарысумен бірге бір мезгілде дененің басқа бөлігіне кеш лайда болатын сіреспенің алдын алу үшін тері астына 1 мм сіреспелік анатоксин 5-6 күннен кейін қайтадан 2 мл анатоксин егеді. Үш жасқа дейінгі балалар жараланғанда сары судың - 750 АЕ, ал үш жастан жоғары балаларға - 1500 АЕ егеді. 13 жасқа дейінгі балаларга бірінші рет - 0,5 мл сіреспелік анатоксин, екінші рет, 5-6 күннен кейін - 1 мл, яғни ересек адам дозасының жартысын егеді. Газды гангрена кезінде ауруды дереу ауруханаға жатқызу керек. Сақтандыру тұрғысында оған бұлшық ет ішіне гангренаға қарсы сары су қоспасын (100 - 150 мл стерильді изатонды ерітіндінің -30000 АЕ) егу, жұмсақ тіндердің ауқымды зақымдануы мен сынық: кезінде (әсіресе тольфақпен, нәжіспен ластанғанда) антибиотиктер қолдану қажет және дер кезінде жараларға алғашқы хирургиялық өңдеу керек.

Жарақаттық шоқтың пайда болуының алдын алу



Әр түрлі зақымдану кездерінде шоқтан сақтандыру аса маңызды. Бұл жерде жоғарыда айтылған шоктың дамуына жағдай жасайтын барлық факторларды ескерген жөн. Кез келген жарақат (әсіресе ауыр) кезінде ауруды және қан кетуді азайту үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажет. Сондай-ақ, шоктың туындауына жағдай жасайтын тоңу, аштық шөлдеу, өрекпу, қозу, толқу сияқты факторларды жою өте маңызды. Шоктан сақтандырудың маңызды іс-шаралары қатарына сынықты дер кезінде және жақсылап таңып тастау, қан кетуді тоқтату, сондай-ақ дұрыс тасымалдау жатады.

АМЖЖ көлеміндегі іс-шараларға мыналар енеді: 1) дененің зақымданған бөлігін таңып тастау (жара немесе күйік бар болса, ең әуелі стерильді таңғыш, ал қатты қан кетсе, қан тоқтататын жгут салу керек);

2)зардап шегушіні жылыту (ыстық сусынды іш қуысы органдары зақымданған кезде беруге болмайды, көрпеге орау, жылтқы қою);

3) тері астына промедол (2% ерітіндінің 1 мг) немесе морфин (1% ерітіндінің 1 мл), кофеин (10 % ерітіндінің 1- 2 мл), лобелин (1 % ерітіндінің 1 мл жіберу керек);

4) барынша тыныштық сақтау керек.

Жараға таңғыш не жақтау кою кезінде, алдымен, шок жағдайында жатқан аурудың сыну белігіндегі киімін кию керек. Содан соң жапа шегушіні тез арада АМЖЖ-ға немесе таяу ауруханаға жібереді. Мұндай шұғыл тасымалдаудың алдында 20-30 минут бұрын ауруға тері астынан 1-2 мл 1 %-дық морфин ерітіндісін немесе басқа наркотик енгізу керек.

Закымданған жерге (аяқ-қолға) алдын ала қойылған қан тоқтатқыш жгут дәрігерлік кемек көрсетілгенше алынбайды, өйткені жгутты алу кезінде канға зақымданған тін белінісінің улы өнімдер (токсемин) түсуі нәтижесівде шок құбылысы өршиді. Шок жағдайындағы ауру медкызметшінің үнемі бақылап тұруын қажет етеді және оны мүмкіндігінше дәрігердің бақылауына өткізген дұрыс.



Асептика және антисептика туралы түсінік



Жараға жұқпаның түсуі кез келген жараның жиі кездесетін және кауіпті асқынуларының бірі болып табылады. Міне, сондықтан да барлық хирургиялык жұмыстардың негізгі жара жұқпасының алдын алу (сактандыру) қағидасына тіреледі. Жараның беткі қабатына тиетін нәрсенің барлығында ауру туғызатын микробтар болмау керек, (стерильдену қажет), сондай-ақ жараға түскен микробтарды барынша әлсірету қажет. Жара жұқпасының алдын алу жөне онымен күресу үшін қазіргі заманда хирургияда жұқпадан сақтандырудың біртұтас жүйесін кұрайтын асептика мен антисептиканың әр алуан тәсілдері колданылады.

Микробтарды жараға түскенге дейін жоюға бағытталған, сөйтіп, оны жұкпаға ұшыраудан сақтайтын іс-шаралардың (жара жұқпасынан сақтандыру әдістері) жиынтығы асептика деп аталады. Асептиканың негізгі заңы: жараға тиетін нәрсенің бәрі микробсыз, яғни стерильді болуы тиіс. Асептикаға кол жеткізу үшін, негізінен, микробтар үшін қатерлі жоғарғы температура (бумен, қайнату аркьілы стерильдеу) жене кейде өр түрлі химиялық заттар (спирт, йод), сонымен бірге ультрадыбыс, газдар, иондаушы сәулелену пайдаланылады.

Жарадағы микробтар санын азайтуға немесе оларды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі антисептика деп аталды.



Антисептиканың төмендегідей түрлері бар:

- механикалық (жұқпа түскен жараны алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізу, яғни микробтар мен өлі тіндерді алып тастау мақсатында жараның түбімен шеттерін ойып кесу):

- физикалық (жараға ылғал тартқыш мақта-дәке таңғышын салу, кептіргіш ұнтақ, тампон, білте, дәкенің ұзын жолағы түріндегі тампон немесе резина немесе пластмасса түтік түріндегі білтені пайдаланау, сондай-ақ жараны ауа көмегімен емдеудін ашық әдісімен кептіру). Осылайша микробтардың өмір сүруі мен көбеюіне кедергі келтіретін қолайсыз және тіндердің ыдырау өнімдерімен улы заттар токсиндерінің сіңуін азайтатын жағдайлар жасалады.

- химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен көбеюін басып тастайтын және бактерицидті әрекеті - олардың өлуін қамтамасыз ететін антисептикалық заттар қолдану).



Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары



Қан тоқтату - уақытша және түпкілікті деп бөлінеді. Уақытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асьфылады жөне төмендегі төсілдер бойьшша жүргізіледі:

1) дененін закымданған белігін кеудеге қатысты алғанда - көтеріңкі қалыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім қою);

2) кішігірім кан кету кезінде кысып тұратын таңғыш көмегімен закымданған жерде қан арьш жатқан тамырды басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартқаннан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);



Артерияны саусақпен басу

3)аяқ-қолды мейлінше шұғыл бүгу немесе жазу

қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе іізе буынын бүгу немесе жазу аяқ-қол жарасына катты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, колды арқаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру).



Артерияны саусақпен басу нүктелері



Дененің әр тұсындағы артерияны саусақпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл тәсіл артериядан қатты қан кеткенде қолданылады. Тамырды басу (143-сурет) оны жақын жаткан сүйекті саусақпен қысып, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жакын жатқан жерде жасалады. Әрбір ірі артерия үшін белгілі бір анатомиясыз нүктелер болады:

1) иьгқ алды жарасы кезінде - артерияны иықтың ішкі жағынан басады;

2) балтырдан қан кеткенде - тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап, ал қалған саусақпен тізе асты шұңқырындағы артерияны тауып, сүйекке басады);

3) сан жараланғанда - сан артериясының шап астындағы жоғарғы жағын жұдырықпен басады;

4) бастағы жарадан қан кеткенде - жара жақтағы самай артериясын басады (артерия құлактың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);

5) беттен қан кеткенде - жақ артериясын басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді және жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрышы мен иек арасында иіледі);

6) мойындағы жара кезінде - жара жақтағы және одан төмен ұйқы артериясын басады (трахея жайында);

7) иық үстіндегі, иық буынына жақын немесе қолтық айналасындағы жара кезіңде бұғана асты артериясын бұғана астындағы шұңқырға (бірінші қабырғаға) басады, кейін аяқ-қолға бұрау немесе жгут салады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал