7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел.

Сабақтың тақырыбы: Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақтың жарық жұлдызы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, алған жаңа мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын дамыту.

Оқушылардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

Шәкіртттерге ғалымның өмірінен үлгі алуға, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілікті ояту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, жинақтау, жоба қорғау.

Пәнаралық байланыс: география, тарих;

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ғалымға арналған шығармалар, газет басылымдары.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсатымен таныстыру. Эпиграфқа тоқталып өту: « Қазақ мәдениетінің көгіндегі аса ірі жарық жұлдыздың бірі -Шоқанды уақыт ұмыттыра алмайды, ол бізден қанша алыстаса да, жарығы мен сәулесін бәрімізге бірдей түсіреді.»

Ә. Дербісәлі

Мұғалім сөзі: Мен сабағымызды жерлесіміз ақын Ақылбек Шаяхметтің қазақтың дана ғалымы Шоқанға арнап жазылған өлеңімен бастасам деймін:





Көш басшысы ғылымның болғаныңды білем мен,

Мол егінін білімнің орғаныңды білем мен,

Ғасырларға үңілген томдарыңды көрем де,

Тарихымды бүгінмен жалғарыңды білем мен.

Қастерлеген тұмардай арманыңды білем мен,

Шырқау көкте қырандай самғарыңды білем мен.

Орда бұзар отызда жарық жұлдыз секілді,

Қараңғыны қақ тіліп жанғаныңды білем мен.

Жаным сенің нұрыңа мәңгі -бақи бөленсін,

Ғұмыр бойы жырласам, сарқылмайтын өлеңсің.

Алатауы бар елдің тауларынан биіксің,

Қарт Каспиі бар елдің теңізінен тереңсің.

Жүрегінде бабамның тұнып жатқан мұңысың,

Ақ ниетті адамның ақтарылған сырысың.

Мұхиты жоқ, тауы жоқ Қостанайдың шыңысың,

Арманы көп, әні көп бар қазақтың ұлысың.

2.Үй тапсырмасы. Қазір біз қиялдағы мұражайға саяхат жасаймыз Біздің мұражайда мынадай бөлімдер бар:

1. Шоқанның туып-өскен жері, шыққан тегі

Қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс төренің отбасында дүниеге келген. Бүкіл ауыл жас нәрестеге Мұхаммед қанафия деп ат қойған. Бала ерте еңбектеп, кейін шоқиып отыратын халге жеткен. Анасы сәбиінің шоқиып отырғанын қызық көріп, «шоқиған жаным» деп еркелеткен. Содан Шоқан аталып кеткен. Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы атасы Абылай хан 18- ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болса, Атасы Уәли патша өкіметінің ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Әкесі Шыңғыс Омбы әскери училищесін бітірген. Көкшетау округінің аға сұлтан ы қызметін атқарған.





2.Шоқанның әжесі Айғаным туралы

Шоқанның қалыптасуына әжесі Айғанымның зор әсері болған. Тарихи шындық бойынша, Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болған. Айғаным Сарғалдаққызына қатысты архивтік материалдарды мұқият зерттеген Әлкей Марғұлан ол туралы былай деп жазды: «..Это была умная, дальновидная и для того времени образованная женщина. Она знала несколько восточных языков, очень интересовалась русской культурой, переписывалась с Азиатским департаментом Министерства иностранных дел и Сибирским комитетом в петербурге. Айганым пользовалась большим авторитетом у местного населения...»Айғаным өзінің алдыңғы қатарлы көзқарасымен орыс білімін, мәдениетін туған халқы арасында кеңінен насихаттайды. Шоқанның келешекте үлкен ғалым болып шығуына әжесі Айғанымның әсері көп болды. Көреген әже Шоқанды 12 жасында Омбы қаласына оқуға жібереді.





3.Шоқан Омбы кадет корпусында білім алды

Шоқан оқыған Сібір кадет корпусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып саналды. Мұнда орыстың озық ойлы зиялылары сабақ берген. Шоқан алғашқы жылдардан-ақ өзінің оқуға қабілеті мен бейімділігін танытты. Осында аз уақыттың ішінде орыс тілін жақсы меңгеріп алады. Ол әскери пәндермен қатар география, тарих, философия негіздері, физика, математика, геодезия, ботаника, құрылыс салу негіздері, сурет салуды, шет тілдерін және басқа да пәндерді жақсы меңгереді.Өз бетімен қосымша әдебиеттерді оқиды. Осы корпуста оның зерттеушілік қабілеті қалыптасады. Кадет корпусын 18 жасында бітіріп , тамаша білім алып шыққан Шоқан Омбы қаласында әскери қызметін бастайды.





4.Шоқанның орыс достары

Шоқан Уәлихановтың орыс достары көп болған. Ол кадет корпусында оқып жүргенде Потанинмен дос болады. Петербургте Шоқан достары П.П. Семенов-Тян-Шанский мен Ф.М. Достоевскийді кездестіреді, көрнекті орыс ғалымдары А.И. Бекетовпен, шығыс зерттеушілері: Ф.Р. Остен-Сакенмен, И.И. Захаровпен, Е. Ковалевскимен, ақындар А.Манасов, К.Курочкинмен, Я. Полонскиймен танысып араласады. Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик И.И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп мойындап, одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті» ,-деп жазды. Ғалым Е.И. Ковалевский Шоқанды «Асқан данышпан жас жігіт.», «Тамаша ғалым», «Қазақ халқының ең жақсы досы..» деп атады.

5.Шоқан-суретші

Шоқаннан қалған асыл мұралардың бірі- бейнелеу өнері саласындағы еңбектері.Оның керемет салынған суреттері қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі екнін танытады. Сурет өнерін жас кезінен-ақ жақсы көрген. Ол портрет, табиғат көрінісі, халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Суреттерінің біразы 1860 жылдардың басында «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Руский художественный лист» журналдарында, «Орыс География қоғамының хабаршысында» жариялаған.Шоқанның екі жүзге жуық суреттері сақталған.

6.Шоқан саяхатшы-ғалым

Шоқан жас кезінен саяхатшы болуды армандаған. Және ол арманына жетті де.1855 жылы Шоқан Уәлиханов Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне саяхат жасайды. Бұл сапарында қарапайым халықтың өмірімен танысып, қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни нанымдары, жер-су аттары туралы материалдар жинайды.1856 жылы қырғыз еліне - Ыстықкөлге саяхат жасайды. Бұл сапарында «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» еңбектерін жазады. «Манас» жырының нұсқасын жазып алады.1858-1859 жылдар аралығында Қашқарияға саяхат жасайды. Бұл сапарда «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Жоңғария очерктері» атты еңбектерін жазады.

( Сыныптың оқушылары дайындап келген материалдарын айтып береді)

Шоқанның ғылыми еңбектері

Жаңа сабақты Шоқан туралы фильм көрсетуден бастау

Мұғалім сөзі: Әуелі қазақ халқын, содан кейін Сібірді, Ресейді, барлық адамзатты сүйген Шоқан шын мәнісінде әлемдік дәрежеге көтерілді. Шоқанның достары оны қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы деп атады. Сәбит Мұқанов «Жарқын жұлдыздар» кітабында: «Шоқан шын мағынасындағы академик, оның білімі -энциклопедиялық білім» -деп жазды. Ал екі халықтың екі ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский дің аңызға айналған ғажайып достығы кім-кімге де үлгі өнеге боларлықтай.

Шоқанның тарихи, мәдени мұраларды зерттеуге арналған ғылыми, әдеби еңбектерінің маңызы қандай деген сұраққа жауап беру үшін біз қазір топ болып жұмыс істеп, ғалымның «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы» және «Ыстықкөл сапарының күнделігі» деген еңбектеріне талдау жасап, жобаларымызды қорғаймыз.

(Оқушылар жобаларын қорғайды)

«Артық болмас білгенің» айдары бойынша оқулықта берілген материалдармен таныстыру.

« Ыстықкөл - Солтүстік Тянь-Шаньдағы Күнгей Алатау мен Теріскей Алатау тау жоталарының аралығында 1608 метр биіктікте орналасқан тұйық көл. Дүниежүзіндегі ірі тау көлдерінің бірі. Көлге 50-ден астам шағын өзен құяды. Қыста суы қатпайды, аязды жылдары шығанақтары ғана қатады. Балықтың 20-дан астам түрі бар. Көл өңірінде 1958 жылы Ыстықкөл қорығы ұйымдастырылған.»

География мұғалімі Ыстықкөл туралы материалдар мен слаидтар арқылы көрсетеді.

Сабақты қорытындылау

Блиц турнир сұрақтары:

Шоқан Уәлиханов -......

Шоқанның туып өскен жері-.....

Шоқанның шын аты-......

Шоқанның білім алған оқу орны-....

Шоқан саяхат жасаған жерлер-....

Шоқанның орыс достары-.....

Шоқанның ғылыми еңбектері-...





Қорытынды сөз. -бүгінгі сабағымызды қазақ халқының ұлы және тұңғыш ғалымы, саяхатшы , Шоқан Уәлихановтың сөзімен аяқтаймыз. Оқушылар жатқа хормен оқиды:

Адамның басшысы -ақыл,

Жетекшісі -талап,

Шолушысы -ой,

Сынаушысы- халық,

Қорғаушысы- сабыр,

Қорғанышы -мінез,

Ең қымбаттысы -ар,

Таусылмайтын -арман,

Барлығынан ардақтысы -өмір.

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы «Ғалым Шоқан» тақырыбына эссе жазып келу.

Рефлексия: Менің сабақтан алған әсерім.... Мен Шоқан туралы көп...





Қараман орта мектебі

























Сабақтың тақырыбы:





Шоқаны бар ел- шоқтығы биік ел.









10- сынып













Жоғары санатты қазақ тілі мұғалімі Нұрмағамбетова А.К.















































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал