7


  • Учителю
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ №41

Пәні қазақ әдебиеті

Сыныбы 10 «Б»

Сабақтың тақырыбы Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты

а) білімділік Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы орнықты білім беріп,туындылары жөнінде айқын көзқарасын қалыптастыру.

ә) дамытушылық Әдебиеттің әр жанрында жазған шығармаларынан үзінділер оқытып,оны баяндай білу қабілеттерін дамыту,оқушылардың ой-өрісін кеңейту.

б) тәрбиелік Ұлтымыздың ұлыларының еліне еткен еңбегін бағалай білуге, өлеңдерін,әндерін тыңдата отырып, өнерді түсінуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі сайыс сабақ

Сабақтың типі аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі : ақынның суреті,кітаптары,газет материалдары,интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі

V Жаңа білімді меңгеру кезеңі

VI Жаңа білімді бекіту кезеңі

VII Үй тапсырмасын беру

VIII Бағалау

Сабақтың барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. Оқу - құралдарын алғызу

  3. Сабаққа жұмылдыру

  4. Оқушыларды топқа бөлу

II Үй тапсырмасын сұрау

«Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында ойтолғау жазу.

III Үй тапсырмасын бекіту

«Лото ойыны»

  1. Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?

  2. Әкесінің аты кім, қандай адам болған?

  3. Жамбыл қанша жасынан ақын болуға бел байлады?

  4. Жамбылдың ақындық атын шығарған өлең?

  5. Жамбылдың пір тұтқан ұзтазы кім?

  6. Жамбылды неге «Ақындар айтысының алыбы» дейміз?

  7. «Шабыты келген ақпа ақын» деп кімді айтқан?

  8. Жамбыл айтыстарының ішіндегі ең шоқтығы биік айтысын ата.

  9. Жамбылдың дастанын ата.

  10. Жыршы деп қандай өнерпазды айтады?





















ІV Оқушыларды білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Сөзжұмбақ



Сұрақтар

1.Тау басында қара орман, жыл озған сайын ағарған.

2.Қалыңдықтың бас киімі.

3.Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңі.

4.«Асқар тау» деп кімді айтамыз?

5.Қыс мезгілінің белгісі не?

6.Құлыпты ашатын құрал не?

7.Қыздардың әшекей бұйымы, ол не?

V Жаңа сабақ

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені "жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Шығармалары

Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу»сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана»деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.

Шәкәрім және Абай

Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализміалдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады.

Поэмалары

Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туындады. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.

Прозалық шығармалары

Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)Өлеңдері

Дастандары

Прозасы

«Жастарға».

«Ашу мен ынсап».

«Шын сырым».

«Бай мен кедей».

«Бостандықтаңыатты».

«Бұләнбұрынғыәнненөзгерек».

«Ажалсызәскер, сен ғылымға».

«Ақындарға».

«Жасымнанжетікбілдім».

«Дүние мен өмір».

«Қазақайнасы».

«Насихат».

«Еріншек».

«Мақтау мен сөгіс».

«Адамшылдық».

«Имандық».

«Ақылқұсыадаспайаспандаса».

«Адамдықборышың».

«Қалқаман-Мамыр».

«Еңлік-Кебек».

«Нартайлақ пен Айсұлу».

«Мұтылғанныңөмірі».

«Ләйлі-Мәжнүн».

«Бәйшешекбақшасы».

«Кейдекүлкілісзден де тәлімалуғаболады».

«Өзімшілдік».

«Әділ-Мария».

«Шынбақыттыңайнасы».

«Шәкәрімәлемі»

I топ

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы кім,өмірі жайында мағлұмат бер.

  2. Шәкәрім - Абайдың ақын шәкірті.

  3. Шәкәрім жастардың бойынан қандай қасиеттер көргісі келді.

  4. Шәкәрім -лирик.

  5. Шәкәрім - аудармашы.

II топ

  1. Шәкәрім - эпик.

  2. Шәкәрім- сазгер.

  3. Шәкәрім - тарихшы, ойшыл.

  4. Шәкәрім - жазушы.

  5. Шәкәрім - ағартушы.

VI Сабақты бекіту

I топ

Венн диаграммасы

</ II топ

Топтастыру

«Поэзия минуты»

I топ II топ

  1. Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу.

  2. Дәйек сөздер.

Абай шәкірттерінің ішінде көп жасаған да, көп оқыған да, көп жазған да Шәкәрім. Ол - сазгер. Ол -терең ойшыл, әрі бармағынан бал тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері.

Мұхаметханов Қайым.

Ғұлама қаламгердің өнердегі өмір жолы ұзақ та ұлағатты.

Мұхтар Мағауин.

Жаным арымның садағасы деп айтатын екі қазақ болса, соның бірі- Шәкәрім.

Шериаздан Елеукенов.

Алашорда қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлес қосты. Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасай отырып, жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармаларымен сусындап өсу қажет.

VII Бағалау

VIII Үй тапсырмасын беру

Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығын оқып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал