7


  • Учителю
  • Көмірсулар тақырыбы бойынша кәсіби қазақ тілінен сабақ жоспары

Көмірсулар тақырыбы бойынша кәсіби қазақ тілінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар.Үндестік заңы.

Мақсаты: Көмірсулардың физикалық, химиялык, биологиялық қасиеттері,құрылысы, алынуы мен қолданылуы туралы білімдерін жүйелеу бекіту; танымдық белсенділігін арттыру, үндестік заңын түсіндіру, органикалық заттар туралы түсініктерін толықтырып, одан әрі кеңейте дамыту; ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Қазақ тіліне қызығушылықтарын ояту.

Сабақ түрі: сынақ сабағы (білімді қорыту және жүйелеу сабағы).

Сабақтың әдісі: .сөздік, талдау

Технологиясы: СТО

Көрнекіліктер: грамматикалық таблицалар, таблица «Азық - түліктің комірсулық құрамы»,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, химия

Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру

Дауысты дыбыстардың түрлері.

ІІІ Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

Өзара бақылау парағы

Көмірсулар деп аталу себебі не?

Көмірсулар қалай жіктеледі?

Глюкоза қандай зат?

Көмірсулардың маңызы қандай?

2. Мәтінмен жұмыс

Өсімдіктердің құрғақ затының көп бөлігін, яғни оның 85-90 процентін углеводтар құрайды. Молекуласының күрделілік дәре-жесіне қарай олар моносахаридтерге, олигосахаридтер мен поли-сахаридтерге бөлінеді. Гидролизге ұшырамайтын карапайым углеводтар моносахаридтерге жатады. Моносахаридтер қалдықта-рының шағын мөлшерінен тұратын қанттар олигосахаридтерге жатады, олар тиісінше ди-, три-, тетрасахаридтер деп аталады. Полисахаридтердің молекуласы моносахаридтердің көптеген мөл-шерінің қалдықтарынан тұрады, мұның үстіне олардың полимер-лену дәрежесі әр түрлі болады. Өсімдіктерде көп кездесетін угле-водтың түрлерін жекелей қарастырып көрейік.

Моносахаридтер. Моносахаридтер молекуладағы көміртек атомдарының мөлшеріне қарай ажыратылады да, осыған орай триоза, тетроза, пентоза және т. с. с. болып аталады. Өсімдіктерде неғұрлым жиі кездесетін триоза - глицерин альдегиді және диок-сиацетон; тетроза - D-эритроза, D - эритруллоза; пентоза - L-арабиноза, D -ксилулоза, D -рибоза, D -рибулоза, D -дезоксирибоза; гексоза - D -глюкоза, D -фруктоза, D -манноза, L-галактоза, L-сорбоза, L-рамноза; гептоза - D -седогептулоза, D -манногептулоза. Бұл моносахаридтердің кепшілігі есімдіктерде бос күйінде болмайды, бірақ полисахаридтер мен басқа да қосылыстардың құрамына кіреді. Өсімдіктер клеткасында айтарлықтай мөлшерде жинақталатын

1.Жаңа сөздермен танысу.

2.Мәтінді аудару.

3.Сұрақтар дайындау.

3. Үш жақты күнделікЖаңа сөздер, терминдер

Туындаған сұрақтар

Баға







4.Грамматикалық бөлік

Үндестiк заңы дегенiмiз не?

Үндестік заңы - түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп, айтылуын үндестік заңы дейміз. Оның екі түрі бар: 1) буын үндестігі, 2) дыбыс үндестігі.

Сингармонизм - гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.

Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

Мысалы:

Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.

Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.

Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:

1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.

Мысалы: бала - лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.

2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.

Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз

Жаттығу жұмыстарын орындау

5.Үйге тапсырма

Ережені жаттау

ІҮ. Бағалау















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал