7


  • Учителю
  • Сайын Мұратбеков. Жусан иісі. 7-сынып

Сайын Мұратбеков. Жусан иісі. 7-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы,

Ново-Одесское ауылы,

«Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі:

Тысымбаева Самал Алибековна



7-сынып Қазақ әдебиеті Күні: 24.04.2015



15

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық,

Сабақтың тақырыбы

Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»

Ауыл өмірі, Аян тағдыры

Сабақтың мақсаты

Кейіпкерлер бейнесін ашады, соғыс кезеңі мен қазіргі заман балаларын салыстырады. Жазушы әңгімелерінің өміршеңдігін танып, идеясын ұғынады.

Оқыту нәтижелері

Жазушы өмірі мен шығармаларын біледі, өз ой-пікірін еркін жеткізе алады. Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасай алады. Жекеше, жұппен жұмыс істей алады. Кейіпкерлерге мінездеме береді, салыстырады, өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, бір-біріне достық, сыйластық сезімдері артады. Зерттеулерін қорғайды.

Стратегиялық әдістер

«Миға шабуыл», «Зерттеушілер», «Бәйге», «Автор үшін алты сұрақ», «Автор орындығы», «Жұптас, ойлан, талқыла», «Синквейн»

Түйінді идея

«Жетім көрсең, жебей жүр»

Қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Диалогтік әңгіме, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ,.Жас ерекшелік, Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту үшін бағалау.

Көрнекілік, дереккөз

Жазушы портреті, кітаптары, «Жетім көрсең жебей жүр» бейнебаян, «Жусан иісіті дара тұлға» оқушы зерттеуі бойынша презентация, (маркер, плакат, смайликтер)

Сабақ кезеңдері

Әдістер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І Ұйымдас-тыру кезеңі

Амандасу

Ізгі тілектер айтқызу.

Оқушылар бір-біріне тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

«ҰОС белгілері» арқылы топқа бөлу. Шартымен таныстыру

ҰОС белгілері: жұлдызша, алау, лента суреттерінің қиындыларын құрастыру арқылы топтасады.

«Миға шабуыл»

  • Қолдарыңа берілген суреттер ненің белгілері, символы, эмблемасы деп ойлайсыңдар?

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айту

Оқушылар өз мақсаттарын айтады.

Өткен сабақта Аян осы күні бар ма деген сұраққа жауап алғым келеді, Аянның мінез-құлқын ашамын.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

«Зерт-теушілер»

  • Сайын Мұратбеков туралы не білесіңдер?

  • "Жусан иісі" повесіндегі оқиға қай кезеңді қамтиды?

  • Әңгіменің негізгі кейіпкері кім? Кейіпкердің авторға ұқсастығы бар ма?

  • Аян бұл күнде қайда екен?

  • Әңгіме неге "Жусан иісі" деп аталады?

  • Жусан деген не?

Оқушылар алдын-ала берілген сұрақтар бойынша дайындаған буклеттерін жекелей және жұппен қорғайды.

ІІІ

Үй жұмысын бекіту

Бәйге

Екі топқа бес-бестен сұрақтар қойылады.

Шығарманы оқығандарын сұраққа жауап беруде кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне шолу жасау арқылы көрсетеді

1-топқа

  1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян, Есікбай, Бапай шал, Тұрған,

Асылбек шал, әңгімеші бала.)

2.Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)

3. Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)

4.Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)

5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)

2-топқа

1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)

2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай

шалдың үйіне)

3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)

4. Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды? ( Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп, өзінің қысқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті.)

5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың

етегінде).

«Жұптас, ойлан, талқыла»

  • 1-топ: «Ауыл келбеті»

  • 2-топ: «Аянға мінездеме»

  • 3-топ: «Аянның портреті»

Әр жұп өздеріне берілген тапсырмаларға постер құрап, қорғайды

Сергіту сәті

«Автор үшін алты сұрақ»

  • Сыныпқа мәтіннен алты сұрақ, алты жауап жасыру

Оқушылар жасырынған қағаздарды тауып, диалогқа түседі.



«Т кестесі»

Ойтолғау

Бейнебаян «Жетім көрсең, жебей жүр» көре отырып, деректерді түртіп отырады.

  1. Осы күнгі және соғыс кезіндегі жетім балаларды салыстырады

  2. Шығармашылық Алдын-ала үйге берілген шығармаларын оқиды



Сахналау

Повестен үзінді беру

Ауыл балаларының Аянды алғаш кездестірген сәтінен көрініс көрсетеді



Сигналды сұрақ

Деңгейлік тапсырма:

Оқушы деңгейіне байланысты сұрақ қою.

«Жусан иісі» әңгімесінен қандай ой түйдіңдер?

Сұраққа кімнің алдына бегі берілген, сол жауап береді.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, кезек-кезек микрофонды бір-біріне беріп отырады.

Қорытынды

Бестік диктант, синквейн

«Жетім», «Cоғыс» сөздері

  1. Зат есім

  2. 2 сын есім

  3. 3 етістік

  4. </<font face="Calibri, serif">4 сөйл

Оқушылар топтасып жазғандарын оқиды

ІҮ Үйге тапсырма

Әңгіме жазу

«Баяғыда жетім бала болыпты…» деп басталатын Аянның ертегісін жалғастыру

Ү Бағалау

Оқушы білімін бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек айтқызу

Бағалау критерийлері арқылы баға береді

Кері байланыс

Алақанға пікір жазғызу











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал