- Учителю
- Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету,олардың әдеп,әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету,олардың әдеп,әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Мерзiм: 18.11.2015ж
Тақырып: «Әдептен озбайық»
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
Қасиеттер: Әдепті болу, адамдарды құрметтеу, тәртіпті болу, сыпайы болу.
Мұғалім: Алиева З.К.
Сынып: 6 «А»
Оқушылар саны: 26
Міндеттері:
-оқушыларға әдеп,әдеп сақтау туралы түсінік беру;
-оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
-оқушыларды ізетті,ілтипатты,сыпайы болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
- амандасу;
- түгендеу;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-5 «Т»-ны сақтау (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық).
1.Тыныштық сәтi.
Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңызды өтінемін. Сіз табиғаттың
ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта
жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде
боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық).
Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі
өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз
….. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық.
Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі
жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып,
бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған
Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.
Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма?
Табиғатта серуендегенде ол сізде қандай сезімді тудырды?
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Сұлулық-жүректе» тақырыбында шағын шығарма жазу.
Ескерту
3. Дәйексөз
Адамда жақсы қасиет болмаса,
Оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Ж.Баласағұни
4. Оқиғаларды әңгiмелеу
Мәтін көлемі үлкен болғандықтан 3 топқа бөліп, әр топқа сұрақтар дайындауды тапсырады. (Оқушылар мәтінді қысқаша баяндап береді және басқа топтарға сұрақтар қояды) Сұрақтар: - Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар? - Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде? - Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар? - «Әдептілік - әдемілік» дегенді қалай түсінесіздер?
5. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс
-
Бүгінгі тақырыпқа байланысты мақал айту
-
Сахналау
-
Өлең құрастыру
-
«Әдептілік ережелерін» құрастыру
6. Қорытынды: (барлығы бірге)
Ақыл, сана, біліммен,
Өнеріме сенемін.
Арым таза, ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін.
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін! -
7. Үй тапсырмасы
«Әдепті бала - арлы бала» тақырыбында шығарма жазу тапсырылады.
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.