7


  • Учителю
  • Тәрбие шарасы тақырыбы: Қайырымдылық - жылы жүректен.

Тәрбие шарасы тақырыбы: Қайырымдылық - жылы жүректен.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасының жоспары



Мектеп: Нұржау жалпы орта мектебі

Сынып: 7 «А»

Оқушылардың саны: 16

Мерзімі: 30.11.2015

Мұғалім: Қ.Куталиева

Тақырыбы: Қайырымдылық -жылы жүректен.

Оқудан тыс іс-әрекеттерді өткізу орны: Бастауыш дәлізі.



Мақсаты: - Баланың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату.

Міндеттері: - Жақсы - жаманды ажырата білуге, адамдық асыл

қасиеттерді игеруге ықпал ету.

- Шығармашылық қиялмен, ой - өрісін жүйелі ойлауын, танымдық

қабілеттерін дамыту.

- Бір - бірімен, қоршаған ортамен қарым - қатынастарын жақсарта

отырып адамгершілік пен шыншылдыққа, қайырымдылыққа мейірімділікке тәрбиелеу.







Ресурстары:

(материалдары,

көздері)

аңыз,ертегі жинағы

Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1. Мектептің технология пәні мұғалімімен байланыс жасау (ертегі кейіпкерлерінің киім үлгісін дайындау)

2.Оқушыларға ертегінің сөзін бөліп, рөлге бөліп дайындық жұмысын жүргізу.

3.Музыка, бейнелеу пәні мұғалімдерімен байланыс жасау (әуен, декарация дайындау)



Талдау

Іс-шараны өткізудің жоспары

Тыныштық сәті

(баяу музыка

Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны»)

Көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сиқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Мейірімділік,сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып,жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады.Адамдар бір-біріне тек жақсылық,қуаныш,ізгілік сыйлап жатса,қандай жақсы болар еді.

Қайтатын уақыт та келді.Осы әлеммен қоштаса отырып,мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік.Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар. 4. Жалпыадамзаттық құндылыққа негізделген «Балапан» атты ертегі әзірлеу.

1. «Балапан»Ертегісін рөлде ойнап көрсету.

2. Ертегі бойынша оқушыларымен әңгімелесу,мазмұнын ашу.

3.Қорытынды.

Балапан.

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті.Күндердің күнінде ол анасынан «Мейірімділік деген не?-деп сұрапты». «Сен әлі кішкентайсың.өскеннен кейін түсінесің», деді анасы. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді,ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ»,-деді балапан,- мен мейірімділіктің не екенін білуім керек»,-деді де, әрі қарай жүгіріп кетеді. Шалғайдан балапан қызды кездестіреді,ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан,балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші»,-деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ,дейді балапан,

-Мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». «Маған айтшы»,-деді балапан. «Бірінші сен шарды алып бер дейді. Балапан шарды алып береді. «Мінекей, сен қайырымды іс істедің.Мейірім деген осы». «Қандай оңай?»-деп таң қалды балапан.

Мәтін бойынша оқушылардың өзіндік пікірлерін білу мақсатында сыныпқа төмендегідей сұрақтар қоямын.

Сұрақ:

1)Мейірімділік деген не?

2)Неге мейірімді болу керек?

3)Қалай мейірімді болуға болады?

4) Балапанның іс-әрекеті дұрыс па? / Балапан бір жерде қайырылмай кетті/ой-өрбіту, ойларын білу, орнында сен болсаң ше?

5)Айналадағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтар едіңдер.

6)Өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерді жазыңдар.

7)Қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек?

8) Ата-анаңа,достарыңа,ұстаздарыңа,қоршаған ортаға сүйіспеншіліктеріңді сурет,эссе,өлең арқылы жеткізіңдер шығармашылық тапсырма орындалады.

Осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,

Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма,

Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің сөзімен сендердің жұмыстарыңды қорытындылаймын.

Қорытынды.Мейірімділік-ол басқаларға қамқор болу.Қайырымды болу-жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.Мейірімділік адамдар мен табиғат және жануармен қарым-қатынаста байқалады,айқындалады.Мейірімді болу адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға,өзіңе қамқорлық жасау. : Қайырымдылық -жылы жүректен, дей келе Құрметті менің шәкіртім Гаухар сенің нәзік жүрегіңнен орын алу мақсатында осы бір сыйлығымды :

Қайырымдылық -жылы жүректен атты шараға сай,риясыз сүйіспеншілікпен ұсынғым келеді.

Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмайық.

Адамгершілік, адалдық,мейірімділік,сүйіспеншілік,әдептілік,ізеттілік.

қайырымдылық қасиеттерді жүрегімізге нық орнатайық,,Осы қасиеттер сәт сайын,қадам сайын бойымыздан табылсын.Рахмет.Көзімізді ашуға болады.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал