7


  • Учителю
  • 'Ананың анасы' Ғабит Мүсірепов

'Ананың анасы' Ғабит Мүсірепов

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7 сынып Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіндегі ана бейнесі

Мақсаты:

1.Әңгімеге мазмұнына сүйене отырып, ана бейнесін ашу, талдау, әдеби теориялық ұғымдар бойынша көркем шығарманы талдау.

2. Сөз астарына үңіліп, әңгімені түсіну, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге жетелеу, сөйлеу тілін дамыту.

3.Ана алдындағы парызын сезіне білетін, ананы аялап, құрметтей білетін ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу, салыстыру, талдау.

Сабақтыңбарысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты 3-топқа бөлу.

ІІ. Ой қозғау. Әңгіме кейіпкерлерін топтастыру.

Саудагер Рамазан молда балалар


Ана Жалпақ палуан



Жанай палуан Әйтілес қария

Бала би қыз Кейкі батыр


Басты кейіпкерлер мен эпизодтық кейіпкерлерді атаңыз.

ІІІ. Мағынаны тану. Шығарма мазмұнын әңгімелеу.

- Әйтілес қандай әңгіме айтты?

- Бала би Жалпақ балуанға не деді?

- Бидің тілегі не, батырдың тілегі не?

-Жылқының жатқан жерінен жарты көш шыққан кезде бір қара көрінді... Бұл кімге қатысты айтылған?

«Менің атым -әйел...» деп басталған ана әңгімесін баяндаңыз.

Мәтін мазмұнымен жұмыс жүргізу бағытында «Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кубты иіре отырып, әрбір топқа берілетін тапсырманың ретін анықтайды.

1. Зерттеңіз. 1.Тұрақты тіркестер мен афоризмдерді табыңыз, түсінік беріңіз. Тұрақты тіркес деген не?

Соның суық ызғары табынымнан, қара таңбасы маңдайынан әлі кеткен жоқ.

Көңілімізде көлеңке де қалған жоқ

Өз етегімде еркін еркелейді

Қанаттыға қақтырмаймын, тұмсықтыға шоқтырмаймын.

Көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың (т.б.)

2. Мәтіннен қазақтың байырғы мезгіл атаулары мен қашықтық атауларын табыңыз.

(шаңқай түс, қоңыр іңір, Үркер жамбасқа келу, Шолпан маңдайға таяну, күн найза бойы көтерілген кез, жарты көш жер, қозы көш жер)

2. Суреттеңіз. Жалпақ палуанға мінездеме беріңіз. Мінездеме деген не?

3. Салыстырыңыз. Венн диаграммасы. Ана мен Жалпақ палуанды салыстырыңыз.

Оқушыларға жетекші сұрақтар беруге болады:

1. Кім?

2. Бейнесі.

3. Мінезі.

4. Екеуінде қандай ұқсастық, ортақ қасиеттер бар?

4. Қолданыңыз. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасаңыз.

Экспозициясы. Соқыр қарт Әйтілестің әңгімесі.

Басталуы. Жалпақ палуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.

Байланысы. Барымта және тезек арқалаған жас қызды олжалау.

Шиеленісі. Жылқышының мерт болуы.

Шарықтау шегі. Қыз анасының әрекеті. Ананың құдіреті.

Шешімі (соңы) Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.

5. Бұл туралы ойлағанда көзіңізге не елестейді? Ана ерлігінің, батырлығының себебі не деп ойлайсың? Жалпақ палуан мен жігіттердің сөзден тосылып жеңілуінің себебі не? /Ана бейнесін, мінезін ашатын сөздерді жазыңыз/.

6. Қолдаңыз не қарсы шығыңыз. Жалпақ батырдың маңдайдағы қара таңбаны ұмытып, анасы мен қызына еркіндік беруі дұрыс па?

ІV. Ойтолғаныс. Семантикалық карта.


Шығармадан үзінді

Ана

Әйтілес қарт

Жалпақ палуан

Жанай палуан

Қыз әкесі

Кейкі батыр

Шіркін, әйелдің де әйелі екен.


+

Байды шапқаның шапқан, малды алғаның алған, батыр...

+


О кісі сөйлегенде іргеде ғана отырып, ойымызға тоқи берер едік...


+

Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске, не иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар...

+


Батыр, рұқсат етсең, екеуін де тайға теңдеп алып жүрейік...


+

Біз даланың ессіз есерлеріміз. Көзге түрткенде ғана селк етеміз.

+



V. Сабақты бекіту сұрақтары:

1. «Ана баласын арыстанның аузынан алады» деген қанатты сөздің шығуы неліктен деп ойлайсыңдар?

2. Ана туралы туралы қандай ән, өлең аттарын білесіңдер?

3. Ана туралы мақал-мәтел.

Әңгіменің идеясы не?

Шығарманың түйіні: Қандай қиындық болса да, ана баласы үшін отқа да, суға да түседі. «Ана баласын арыстанның аузынан алады»

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі. Қалаулары бойынша орындау.

1) «Ана -сарқылмайтын күш», «Ана-мөлдір бұлақ» тақырыптарының біріне ойтолғау жазу

2) Шығарма желісі бойынша сурет салу.

VІІ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал