7


  • Учителю
  • 11 сынып шешенге қойылатын талаптар

11 сынып шешенге қойылатын талаптар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

14.12.2015ж

Қазақ тілі 11 «а» сынып

Тақырыбы1

Шешенге қойылатын талаптар.

Мақсаты

Шешенге қойылатын талаптарды білу, шешен сөйлеудің әдістерін меңгеру; шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;

Күтілетін нәтиже

Шешенге қойылатын талаптарды меңгеріп, көпшілік алдында сөйлей алу дағдысы қалыптасады, іскерлік қабілеті дамиды.


7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Композициялық талдау, Венн диагамманы ,Эссее жазу, Адасқа әріптер

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг

Сәлемдесу

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

«Мен туралы басқалар не деп ойлайды?» ..........................................................

Барлық оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің бір қасиетін атайды. (1 минут)

Топқа бөлу. «Атомдар мен молекулалар»

Шарты: Мұғалім «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін

Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне бір сөзбен сипаттама береді.

Топқа бөлініп, оқу-құралдарын дайындайды.


Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті



Мұғалім сабақты эпиграфтан бастайды: «Шешеннің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес. Адамзат баласының даналық мәйектерін толық меңгерген әрі сөздің таңғажайып қуатын өткір сезінген шешен даңқ тұғырына көтеріледі, көптің құрметіне бөленеді және мемлекетке бақыт әпереді, жақсылыққа кенелтеді».

Марк Туллий Цицерон

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Шешенге қойылатын талаптар. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық». Бұл сабақтан сендер шешен болу үшін қандай талаптар қойылады және шешендердің шешендік сөздерін оқи отырып тіл тазалығын сақтап, көпшілік алдында әдеби тілде сөйлеуге үйренесіздер. (2 минут).


Бір- біріне жақсы сөздер айта отырып сұрақ жауап арқылы бір- біріне жақсылықпен сәттіліктілейді

Түсіну

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын өткен тақырыпты есімізге түсіріп, қайталап өтейік. Ол үшін сиқырлы сандықшадағы жасырынып тұрған сұрақтарға жауап беру керек. (М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы бойынша «Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны) 5 минут


1. Шешендік немесе шешендік өнер дегеніміз не?

2. Қазақ шешендік өнері неше кезеңге бөлінеді? Ата.

3. Қазіргі шешендіктің түрлерін ата.

4. Шешендік өнердің дамуына қажетті қандай алғышарттарды білесің?

5. Троп дегеніміз не? Түрлерін ата.

6. Фигура дегеніміз не? Түрлерін ата.

7. Тіл тазалығы дегенді қалай түсінесің?

8. Шешендік сөздің сапаларын атап бер.


Оқушылар сандықшада жасырынып тұрған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар формативті бағаланады. (дұрыс жауапқа смайлик беріледі)


Қолдану


СТО. Ой шақыру. 5 минут.

Оқушылар сұраққа жауап беруге дайындалады:

Топта талқылайды, спикер өз ойын айтады.

Әр топтың ойы тыңдалады.


Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.





Талдау

Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен сөйлеп көрейік. Тақырыптар:


1. Компьтер заманында шешендік өнер қажет пе?

2. «Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөзің.

3. Асылым, ардағым - ана тілім!

4. Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны


Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу

Жинақтау

Жаттығу жұмыстары

Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты кітаптан жаттығу жұмыстарын орындайды

Тақырыпты меңгере отырып жаттығу жұмыстарын орындау арқылы сабақты жинақтайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпен бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал