7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку по теме Саяхат

Урок по казахскому языку по теме Саяхат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары 5-бөлім Саяхат 6-сабақМектебі: №31 орта мектеп

Күні, айы

Мұғалімнің аты-жөні: Молдабаева Сымбат Канатовна

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:______

Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:____

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.4.1.Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдардың кім/не туралы екенін түсіну.

1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс,сұрақ қою,қысқа жауап беру арқылы тыңдаған/ көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.4.1.шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.4.1.Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім?не? қандай?неше?)қою

1.4.4.1.Бас әріптер мен кіші әріптерді және олардың бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу;санитарлы-гигиеналық талаптарға сай жазу.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу,төл дыбыстарды дұрыс айту.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады,қандай көлікпен саяхатқашығатындарын айта алады,ғ дыбысын таниды.Дұрыс дыбыстайды,жаза алады,ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді сөздік қорды еркін қолдана алады,тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар:

Өздерінің қандай көлікпен саяхаттайтыны туралы еркін айта алады,ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Бағалау критерийі

  1. Берілген түстерді ажыратады

  2. Суретер бойынша көрсете алады

  3. Сөздердің мағынасын түсінеді.

  4. Күнделікті өмірде қолданады

Дескриптор

-суреттерді ажыратады

-сөздердің мағынасын түсінеді

-сөз тіркестерін құрап айта алады

Алдыңғы оқу

Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.







Аудиодиск



Оқулық





А4 форматты ақ қағаздар

Қарындаштар

Карточкалар































№2 жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

(6-40минут)





*МК-Мұғалімнің көрсетуі

*Ұ- ұжымдық жұмыс

*Т-топтық жұмыс

*ОТ- оқушының тәжірбиесі

*Ө- өзіндік жұмыс

*Қ-қалыптастырушы бағалау

* Ж- жұптық жұмыс



1-тапсырма (МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы берілген суретке аударады.Сурет бойынша оқушыларға саяхат сөзін түсіндіреді.Алыс жерлерге саяхатқа шығу үшін автобус,ұшақ,пойыз сияқты көлік түрлері пайдаланылатыны,сондай-ақ көлік жүруі қиын жерлерге(тауға) ,әдетте көп адам бірлесіп шығатыны белгілі.Сондықтан мұғалім оқушылардың назарын біз сөзіне аударады.Мысалы:Мен саяхатқа барамын (1 адам), Біз саяхатқа барамыз.(көп адам).

2-тапсырма (МК, Ұ) оқушылар көлік атауларын тағы бір рет қайталайды. Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетіндіктен,ұшақ сөзінің дыбысталуын ерекше назар аударылады. «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім бару етістігінің жекеше,көпше түрдегі (1,жақ,2 жақ) қолданысын түсіндіреді.

Мысалы:Мен барамын.Біз барамыз.Ол барады.Олар барады.

(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар бару етістігін 1 жақта ( көпше түрі) қолдануға жаттығады. Кесте бойынша саяхатқа немен баратынын айтады.

(МК, Ұ)4-тапсырмада берілген сөйлемдерді оқушылар сөйлемнің мазмұнына сәйкес табуы қажет.Мысалы:Біз ұшақпен юарамыз- 4 сурет.

(МК, Ұ) Мұғалім ғ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің ғ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушылар ғ дыбысымен және оның әрпімен түсіндіру.Аудиодискіден ғ дыбысынің айтылуын және ғ дыбысы кездесетінін сөздер қатарын тыңдау,қайталау жұмыстары жұмыстары жүргізіледі.Мұғалім оқушыларға төл дыбыстары үйреткен кезде тілдің ,жақтың ,ерінің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Сондай- ақ мұғалім оқушыларға дауысты,дауыссыз дыбыс екенімен танысады. Мұғалім ғ дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан ,оқулықта көк туспен берілгенін түсіндіреді.Ғ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді.Олар: ғарышкер ағаш, тоғыз. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға ғ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпаарат береді. (Ғалымжан т.б). Осыған орай оқушылар «Сенің атын кім?» деген сұрақтар қайталайды,еске түсіреді. «Еске сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтары қайталайды (кім? Не? Неше?қандай?) ,мұғалім ғ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы :ғарышкер (кім?)ағаш (не?), тоғыз (неше?) Ғалымжан (кім?).

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай -ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады

Сабақтың соңы

(41-45 минут)

</<font face="Times New Roman, serif">(Қ)Сабақты қоыртындылау мақсатында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызған туралы ой - пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағанадағ сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгерту енгіздіңіз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қoрытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал