7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему Күнделік

Открытый урок по казахскому языку на тему Күнделік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Күнделік.

Сабақтың мақсаты: 1. «Күнделік »тақырыбы бойынша сөздердің қолдану

аясын кеңейту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.

2. Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін

дамыту, сөздік қорын молайту.

3. Күнделігін таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер, cөзжұмбақ, интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , әңгіме

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Оқушыларды пән мақсатымен таныстыру, тіл үйренуге деген

қызығушылықтарын ояту.

М: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар бүгін бізге сабаққа мұғалімдер

қонаққа келді. Қонақтармен амадасайық.

Балалар: -Сәлеметсіздер ме!

ІІ. Жаңа білімді игеру:

Психологиялық сәт: 1. Қазір жылдың қай мезгілі?

2. Көктем айларын ата.

3. Қазір қандай ай?

4. Наурыз айында қандай мерекелер болады?

М: Балалар біздің мақсатымыз жаңа сөздермен танысу, тапсырмаларды

дұрыс орындау.

М: Балалар біз тапсырмалармен танысайық.

Тапсырмаларды орында : Слайд

1.«Сөздік алқабы». (Кім жақсы айтады жетон беру).

Жаңа сөздермен таныстыру . Сөздерді өзім және хормен айтқызу.

2.Сөзжұмбақты шеш. Слайд көрсетіп , ашып отыру.

Жеке және хормен айтқызу.

Школа -мектеп

Три -үш

Класс -сынып

Тетрадь -дәптер

Клей -желім

Ручка- қалам

Ластик -өшіргіш

Книга -кітап.





М: Балалар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы қандай?

Балалар сөзжұмбақ арқылы ойлап табыңдар, біздің

тақырыбымыз қандай екен.

Б: Күнделік.

Слайд (Күнделік суретін көрсету).





Көңіл күйлерің қандай? Балалар Смайлик көрсетеді.

3-ші. «Әңгіме төбесі». 1-тапсырма.Тыңда, қайтала. Оқы. (Кім жақсы оқиды

жетон беру).

Қазақ тілі сабағы, математика сабағы, сурет

сабағы, дене шынықтыру сабағы.

1.Өзім оқимын.

2.Балалар хормен оқиды.

3.Мен сұрақ қоямын.

Сұрақтарға жауап бер.

1.Суретте кімдерді көріп тұрмыз?

Б: оқушылар.

2. Қандай сабақ ?

Б: қазақ тілі сабағы.

3. Тақтада қандай сөздер жазылып тұр?

Б: менің отбасым әже, ата.

4. Келесі қандай сабақ?

Б: математика сабағы.

5. Мұғалім не көрсетіп отыр?

Б: жеті .

6.Балалар не істеп жүр?

Б: балалар жүгіріп жүр.

7.Қандай сабақ?

Б: дене шынықтыру сабағы.

8. сурет сабағында балалар не істейді?

Б: балалар сурет салып отыр.





4-ші. «Сөйлем көлі». 2-тапсырма. Тыңда, қайтала. Оқы.

(Кім жақсы айтады жетон)

Өзім оқимын.

Бір оқушы оқиды.

Әр қатар оқиды.

Хормен оқиды.

Бүгін сейсенбі. Бүгін төрт сабақ болды. Олар: қазақ тілі, математика, дене шынықтыру және сурет сабағы.

Ойын: «Түсіп қалған әріп». ( карточка беру).

Б...гін, сейсенб..., т...рт.

Көңіл күйлерің қандай? Балалар Смайлик көрсетеді.

Грамматикалық кезеңі: Сұрау есімдігі. Қанша? Мысалы: жеті, екі, үш.





5-ші. 3-тапсырма. Оқы. «Сөз сыры -сыр сандық».

Ойын: Адасқан әріптер».Карточкалармен жұмыс.

р,е,т,п,ә,д -дәптер.

Сөздерді буынға бөл (Кім жақсы айтады жетон беру) .

</ қазақ тілі, математика, дене шынықтыру және сурет сабағы.

Сергіту сәті:

6-ші. 4-тапсырма. « Диалогті оқы» (Кім жақсы айтады жетон беру)

-Мынау кімнің күнделігі?

-Менің күнделігім.

-Бүгін қай күн?

-Бүгін сейсенбі.

-Бірінші сабақ қай сабақ?

-Бірінші сабақ - қазақ тілі сабағы.

Көңіл күйлерің қандай? Балалар Смайлик көрсетеді.

7-ші. 5-тапсырма « Дәптермен жұмыс» (Кім жақсы айтады жетон беру).

Ойын: Сөйлем құра . (карточка беру). Жазбаша орында.

Мынау -менің күнделігім. Бүгін дүйсенбі.

Бүгін төрт сабақ болады. Бірінші сабақ - қазақ тілі.

8-ші. 6-тапсырма. Ойын: «Ойлан, тап». Сұрақтарға жауап бер.

Бүгін қай күн? Бүгін неше сабақ болады?

(Кім жақсы айтады гүл беру).





Сабақтың қорытындысы: - Сабақта не үйрендік?

- Қандай сөздермен таныстық?

- Суретте кімдерді көрдік?

- Қалай жаздық?

- Не ұнады?





(Оқушыларға жетондарын санату).





Бағалау.





Мақтау -Мадақтау. Үйге: 114 - 116 бет. 2- тапсырма оқы.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал