7


  • Учителю
  • Ананың анасы тақырыбына сабақ жоспары

Ананың анасы тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»

Сабақтың мақсаты: а) «Сөз зергері» аталған Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығы туралы оқушылардың таным,білім көгжиегін кеңейту, шығарма мазмұнын ұғындыру;ә) оқушыларды мейірімділікке, анасын сүйіп құрметтеуге, ананы сыйлап, қадірлей білуге тәрбиелеу; дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру;б) оқушының өз бетінше салыстыра білу, зерттеу, қорытынды,т ұжырым жасаудығы-машығын дамыту;ъ

Сабақтың түрі: іскерлік пен дағдыны жетілдіру, білімді жүйелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, кітаптары т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Сабақ сұрақ-жауап әдісімен басталады.

  1. Ғ.Мүсірепов туралы не білесің?

  2. Қандай шығармаларын білесің?

  3. Ғ.Мүсірепов кім?

  4. Ана тақырыбына көп жазған драматург жазушы, әдебиеттанушы, киносценарист, қоғам қайраткері көрекем сөз шебері академик

Мәтінді талдау.

  1. Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған?

  2. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

  3. Әңгімедегі өзіңе ұнаған кейіпкер?

  4. Әңгіме қандай тәсілмен жазылған?

  5. Табиғатты суреттеген жерін табыңдар?

  6. Табиғат дегеніміз не? Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Шығарманың құрылысы.

1.Басталуы 2.Байланысуы 3.Шиеленісуі 4.Шарықтау шегі 5.Шешімі

1. Әңгіме қалай басталады? 2. Әңгіме қалай байланысады?

3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры немен аяқталды?

4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім? 5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?

Міне,осындай оқиғаларды бір-бірімен байланысып жатқан шығарманы қандай шығарма дейміз?

Мәтінмен жұмыс:

І оқушы. Шығарманың ішіндегі диалогты тап

ІІ оқушы. Әңгімедегі сөз айшықтарын тап. Ана бейнесіне жазған қандай шығармаларды білесіздер? Ана Жалпақты қалай тоқтатады? Қандай күш? (дәптерлеріне жаздыру)

Баласын жақсы көруі

Ананың махабаты ерекше нәзік сезім

Балаға деген жүрек жылуы

Жылы сөзі

Ананың тілі еркелетіп айтуы

Мейірімді сөйлеуі

1. Дүниеде не қымбат? 2. Ананы қай кезден бастап іздейсің?3. Ананың махаббаты қандай?

4. Сенің ең жақын досың, ұстазың кім?5. Сендер алысқа кеткенде ең бірінші кімді сағынасыңдар? Сонда анаңның қандай қасиеті есіңнен кетпейді?

Ендеше, балалар, дүниеде екі ана бар. Бірі-табиғат ана,екіншісі-адамның анасы. Сол табиғат құдіреттерін анамен қоса айтамыз. Неге? Ол қандай құдірет?

Өз анамыз Жер-Ана

Су-Ана Ауа-Ана

Отан -Ана

5 жолдық тұжырымдама жазыңыз.

1. Зат есім (бір сөз) -Ана

2. Сын есім (екі сөз) -мейірімді,қамқор

3. Етістік (үш сөз) -мәпелейді,өсіреді,тәрбиелейді.

4. Үстеу ( төрт сөз) - шырылдап жерге түскен кезде

5. Түйін сөз (бес сөз) -Ана-ақылшың, ұстазың, досың, қамқоршың.

Қорытынды: Балалар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, асырап-бағып жеткізген ата-анасын жалғыз қалдыру не болмаса қарттар үйіне өткізу деген қазақ тарихында болмаған. Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып өтіңдер.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ананың ұлы махаббаты туралы қазіргі кезеңмен байланыстыра отырып шағын шығарма жазып келу.































































Күні: Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бейнесі.

Сабақтың мақсаты:1. Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін шыңдай отырып,ана бейнесін ашу, әдебиет теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы талдау.

2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру.

3.Өз халқының салт-дәстүрін білу, анаға құрмет көрсету, үлкендерді сыйлау, сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ



Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап,әдеби пікірталас, зерттеу, салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем шығарма, жазушы суреттері, слайд, интерактивті тақта, көркем әдебиеттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу,оқу-құралдарын алғызу, психологиялық даярлық.

ІІ.Үй тапсырмаларын тексеру

1. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгіменің мазмұны.

2. Әдебиет теориясы. (ұғымдар)

3.Іздену, зерттеу жұмыстары,тест тапсырмалары.

Үй тапсырмасын мазмұндау кезеңдері:

а) Шығармаға жуық әңгімелеу;

ә) Сұрыптап, теріп әңгімелеу;



- Әйтілес кім?

- Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?

- Әйтілес қандай әңгіме айтты?

- Бала би Жалпақ балуанға не деді?

- Бидің тілегі қандай, батырдың тілігі не?

- Сауға деген не?

- Жылқының жатқан жерінен жарты көш шыққан кезде бір қара көрінді..

- Тағы бір мезгілде артқа қарасақ , тұйғындай түйіліп,жұлдыздай ағып біреу келеді..

б) Еркін әңгімелеу;(рөлге бөліп әңгімелеу)

в) Өзіңе ұнаған, ұнамаған эпизодты баяндау;



III.Жаңа сабақтың мақсатын айту(слайд)

«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек» З. Қабдолов.

Жазушы туралы мәліметтер, хронологиялық кесте.

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов- 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.

1916 жылы 14 жасында -Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі.

1923-26 жылдары -мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебін, жұмысшы факультетінде (рабфак) оқып, ауыл шаруашылық институтында оқиды.

1929-30 ж «Қос Шалқар»«Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автографиялық әңгіме», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен»,«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты», «Аманкелді», «Қынаптан қылыш т.б, «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке», «Кездеспей кеткен бір бейне»



1931-44 ж Шекспирден: «Антонин мен Клеопатра», Шота Руставели және оның поэтикасы, М. Горькийдің «Өлімді жеңген ана» , «Адамның анасы» шығармаларын аударды.

1958 ж Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.

1962,1972,1974 ж 3 мәрте Ленин,1975 ж 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту,1982 ж «Халықтар достығы» медальдары.

1970 ж Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды.

1977 ж Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық алды.

1974 ж Кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.

1985 ж дүние салды.

1985 ж Алматы қаласының Қарасай батыр көшесінен мұражай, Астана қаласында көше, Балалар мен жасөспірімдер театры ашылып, ескерткіш мүсін қойылған.



Сабаққа кіріспе.

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.

«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.(Үзінді тыңдау)

IV. Сабақты пысықтау:



Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.

Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов.

Тегі, түрі: проза (әңгіме)

Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.

Идеясы:Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету.

Шығарманың композициялық құрылысы:



1.Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.

2.Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы,жылқыны барымталауы,қызды олжалап , мінгестіріп алуы.

3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.

4.Шарықтау шегі:Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу.

5.Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп,тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.

6.Шығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б

7.Әдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай,тымақтай, етектей сақалы,жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап , ұршықтай ойнап.т.б Эпитеттер: шаңқай түс,найза бойы, құлан тұяқ,тобылғы торы т.б

8.Дисфемизмдер: Қар қатынның,байым өліп,елсізде туғыр Бала би, т.б

9.Көнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б



V. Жаңа сабақты бекіту:

Әңгіме оқиғасының ең тиімді, өзекті мәселелеріне хабарлама жасау.

Әңгімедегі негізгі оқиғалар.

Кейіпкерлер тағдыры.

Жазушының көркемдік әдісі, тілі.

Ананың негізгі қасиеттері: өткір, батыл, қайратты, намысшыл,ақылшы, көпшіл,тұрақты т.б

VI.Сабақты қорыту, бағалау

Тест тапсырмалары:

1. Қорытынды тест.

2. Мәтіндік тест.

3. Сынақ тест. Жауаптарын тексеру.

VII. Үй тапсырмасы: Үзіндіні жаттау ,«Ана-сарқылмайтын күш», «Ана-көзді бұлақ» тақырыптарының біріне ойтолғау жазу, Әдебиет теориясы ұғымдарын оқу.

















































































Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.

Шығарма авторы:

Тегі, түрі:

Тақырыбы:

Идеясы:

Шығарманың композициялық құрылысы:



1.Сюжеттің басталуы:

2.Сюжеттік байланыс:

3. Шиеленісуі:

4.Шарықтау шегі:

5.Шығарманың шешімі:

6.Шығармадағы кейіпкерлер:

7.Әдеби теориялық ұғымдар:

теңеулер:

Эпитеттер:

8.Дисфемизмдер:

9.Көнерген сөздер:









Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.

Шығарма авторы:

Тегі, түрі:

Тақырыбы:

Идеясы:

Шығарманың композициялық құрылысы:



1.Сюжеттің басталуы:

2.Сюжеттік байланыс:

3. Шиеленісуі:

4.Шарықтау шегі:

5.Шығарманың шешімі:

6.Шығармадағы кейіпкерлер:

7.Әдеби теориялық ұғымдар:

теңеулер:

Эпитеттер:

8.Дисфемизмдер:

9.Көнерген сөздер:























Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.

Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов.

Тегі, түрі: проза (әңгіме)

Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.

Идеясы:Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету.

Шығарманың композициялық құрылысы:

1.Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.

2.Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы,жылқыны барымталауы,қызды олжалап , мінгестіріп алуы.

3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.

4.Шарықтау шегі:Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу.

5.Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп,тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.

6.Шығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б

7.Әдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай,тымақтай, етектей сақалы,жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап , ұршықтай ойнап.т.б Эпитеттер: шаңқай түс,найза бойы, құлан тұяқ,тобылғы торы т.б

8.Дисфемизмдер: Қар қатынның,байым өліп,елсізде туғыр Бала би, т.б

9.Көнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б



Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.

Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов.

Тегі, түрі: проза (әңгіме)

Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.

Идеясы:Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету.

Шығарманың композициялық құрылысы:

1.Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.

2.Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы,жылқыны барымталауы,қызды олжалап , мінгестіріп алуы.

3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.

4.Шарықтау шегі:Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу.

5.Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп,тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.

6.Шығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б

7.Әдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай,тымақтай, етектей сақалы,жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап , ұршықтай ойнап.т.б Эпитеттер: шаңқай түс,найза бойы, құлан тұяқ,тобылғы торы т.б

8.Дисфемизмдер: Қар қатынның,байым өліп,елсізде туғыр Бала би, т.б

9.Көнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б

















Күні: Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы»шығармасындағы «Менің атым-әйел» ана бейнесі.

Сабақтың мақсаты: 1. Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін шыңдай отырып,ана бейнесін ашу, әдебиет теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы талдау. 2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру. 3.Өз халқының салт-дәстүрін білу, анаға құрмет көрсету, үлкендерді сыйлау, сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, әдеби пікірталас, зерттеу, салыстыру, талдау.

Қолданылатын технологиялар: Қ.Бітібаева «Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу», Н.Оразақынова «Әдебиетті сатылай-кешенді талдау»,СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем шығарма, жазушы суреттері, слайд, интерактивті тақта, көркем әдебиеттер.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу,оқу-құралдарын алғызу, психологиялық даярлық.

ІІ.Үй тапсырмаларын тексеру

1. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгіменің мазмұны.

2. Әдебиет теориясы. (ұғымдар)

3.Іздену, зерттеу жұмыстары,тест тапсырмалары.

Үй тапсырмасын мазмұндау кезеңдері:

а) Шығармаға жуық әңгімелеу;

ә) Сұрыптап, теріп әңгімелеу;

- Әйтілес кім?

-Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?

-Әйтілес қандай әңгіме айтты?

-Бала би Жалпақ балуанға не деді?

-Бидің тілегі қандай, батырдың тілігі не?

-Сауға деген не?

-Жылқының жатқан жерінен жарты көш шыққан кезде бір қара көрінді..

-Тағы бір мезгілде артқа қарасақ , тұйғындай түйіліп,жұлдыздай ағып біреу келеді..

б) Еркін әңгімелеу;(рөлге бөліп әңгімелеу)

в) Өзіңе ұнаған, ұнамаған эпизодты баяндау;

III.Жаңа сабақтың мақсатын айту(слайд)

«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Онымен мақтануымыз керек» З. Қабдолов.

Жазушы туралы мәліметтер, хронологиялық кесте.

1902 жылы 22 наурызда (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында) дүниеге келген.

1916 жылы 14 жасында - Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі.

1923-1926 ж. - мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебін, жұмысшы факультетінде (рабфак) оқып, ауыл шаруашылық институтында оқиды.

1929-1970 ж. «Қос Шалқар»«Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автографиялық әңгіме», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен»,«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты», «Аманкелді», «Қынаптан қылыш т.б, «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке», «Кездеспей кеткен бір бейне» т.б.

1931-1944 ж Шекспирден: "Антонин мен Клеопатра", "Шота Руставели және оның поэтикасы", М. Горькийдің «Өлімді жеңген ана» , «Адамның анасы» шығармаларын аударды.

1958 ж. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.

1962,1972,1974 ж. 3 мәрте Ленин,1975 ж. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту,1982 ж «Халықтар достығы» медальдары.

1970 ж. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды.

1977 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық алды.

1974 ж. Кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.

1985 ж. дүние салды.

1985 ж. Алматы қаласының Қарасай батыр көшесінен мұражай, Астана қаласында көше, Балалар мен жасөспірімдер театры ашылып, ескерткіш мүсін қойылған.

Сабаққа кіріспе.

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.

«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.(Үзінді тыңдау)

IV. Сабақты пысықтау:

Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.

Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов.

Тегі, түрі: проза (әңгіме)

Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.

Идеясы: Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету.

Шығарманың композициялық құрылысы:

1.Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.

2.Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы,жылқыны барымталауы,қызды олжалап , мінгестіріп алуы.

3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.

4.Шарықтау шегі:Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу.

5.Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп,тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.

6.Шығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б

7.Әдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай,тымақтай, етектей сақалы,жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап , ұршықтай ойнап.т.б эпитеттер: шаңқай түс,найза бойы, құлан тұяқ,тобылғы торы т.б

8.Дисфемизмдер: Қар қатынның,байым өліп,елсізде туғыр Бала би, т.б

9.Көнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б

V. Жаңа сабақты бекіту:

Әңгіме оқиғасының ең тиімді, өзекті мәселелеріне хабарлама жасау.Ананың негізгі қасиеттері: өткір, батыл, қайратты, намысшыл,ақылшы, көпшіл,тұрақты т.б

VI.Сабақты қорыту, бағалау

Тест тапсырмалары:

1. Қорытынды тест.

2. Мәтіндік тест.

3. Сынақ тест. Жауаптарын тексеру.

VII. Үй тапсырмасы: Үзіндіні жаттау ,«Ана-сарқылмайтын күш», «Ана-көзді бұлақ» тақырыптарының біріне ойтолғаужазу, Әдебиет теориясы ұғымдарын оқу.

Сабақтың соңында М. Мақатаевтың «Әйелдер-ай, әйелдер» өлеңін тыңдату.



































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал