- Учителю
- Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік – Кебек» дастаны. 10 сынып
Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік – Кебек» дастаны. 10 сынып
10 сынып қазақ әдебиеті 08.02.16ж.
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы.
«Еңлік - Кебек» дастаны.
Сабақтың мақсаты:
-
Ш.Құдайбердіұлының өмірімен және шығармашылық жолымен қысқаша таныстыру; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани - адамгершілік қағидаларымен танысу; өлеңдерінің негізгі түйінін таба білуге үйрету.
-
Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету; өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, ауызша, жазбаша тіл байлықтарын дамыту.
-
Шәкәрім шығармаларының мазмұны арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, тәрбиелеуге ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: жұппен жұмыс, топтастыру стратегиясы, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: ақын портреті, қосымша материалдар, суреттер, сызба, кластер,
шығармалар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.
-
Жаңа сабақ.
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-
«Ой қозғау». «Шәкәрім кім?» тақтадан Шәкәрім туралы сызба көрсетіледі, ақын жайлы өз білімдерін ортаға салады.
-
Оқулықтағы Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мәліметпен жұмыс.
-
Сөздік жұмыс.
-
Сергіту сәті.
-
Топтық жұмыс ұйымдастыру.
Бірінші топ: Ақын туралы берілген мәліметтерді түсініп оқып шығып, баяндаудың тірек сызбасын жасау.
Екінші топ: Шәкәрім өлеңдерін тақырыбына байланысты топтастыру:
-
«Еңлік - Кебек» дастаны бойынша жұмыс ұйымдастыру:
-
Поэманы мәнерлеп оқу;
-
Сөздік жұмысын ұйымдастыру;
-
Дастанға кіріспе ретінде берілген тарихи оқиғаларға тоқталу;
-
Сабақты қорытындылау:
-
Дастан кейіпкерлеріне, авторға қандай сұрақтар қояр едіңдер?
-
Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
-
Дастан неліктен традегиямен аяқталды?
-
Сабақты бекіту:
Жұмыс дәптерінде дастан кейіпкерлері туралы кесте толтыру.
-
Үй тапсырмасын беру:
-
Дастаннан географиялық атауларды теріп жазып, түсінік беру.
-
Дастан мазмұны бойынша диалог құрастыру.