7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахский литература на тему Ы.Алтынсарин

Открытый урок по казахский литература на тему Ы.Алтынсарин

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Қысқа мерзімді сабақ жоспарыМектеп: М.Әуезов атындағы ЖОМ

Сынып : 9

Мұғалімнің есімі: Г.Мақұлбекова

Пәні: Қазақ әдебиеті

Мерзімі

Сабақ негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығынан түсінік бере отырып., тілдік стильдік ерекшелектерін ұғындыру, әдеби теориялық ұғымдар бойынша талдауға дағдыландыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сөйлеу дағдысы қалыптасқан. Берілген мәтінді оқи алады.

Оқушылардың басым бөлігі:өз ойларын жеткізе алады. Оқыған мәтіндерін өздері түсінік айта алады. Өз беттерінше сұрақ қоя алады.

Кейбір оқушылар: ойларын тиянақты етіп жеткізе алады. Өз бетінше өлең шығарып , мәтін құрай алады. Жылдам ой қорытып, жауап бере алады. Қосымша мәліметтерді, ғылыми деректерден үзінді келтіре алады.



Оқушылар: сөздік қорын дамыту.Әдеби нормада сөйлеуге дағдыландыру.

Негізгі сөздер мен тіркестер: тәлім-тәрбиелік мән,реализм өкілі.

Тілдік мақсат

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.Кейбір жерлерді дәптерлеріне түртіп орырады.

Талқылауға арналған тармақтар: Ы.Алтынсарин-педагог-жазушы.

Өлеңдерінің негізгі ой түйіні

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Әңгімелерінің өміршеңдігі туралы



Жазылым бойынша ұсыныстар: Сөздікпен жұмыс.

өркениет

Жазба тілі

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)



Алдыңғы оқу

Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

45 минут



Мотивациялық кезең

10минут

Шаттық шеңберін құрып, оқушыларға сабаққа байланысты тілектер айтқызамын.Бүгінгі сабаққа байланысты сөздерді жасыру арқылы түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлемін.

Оқушыларды бағалау парақшасымен таныстырамын. Әрбір тапсырмаға орындау барысында көрсеткіш қоямын.

« Қызығушылықты ояту»

Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берген тапсырманы «Кемпірқосақ» әдісі арқылы сұрау. Жұптық жұмыс арқылы үй жұмысын сұраймын.

1. Жұпқа бөлініңіздер.

2. 3 ұйғарым жазыңыз, оның біреуі "жалған" болып табылады.

3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды Балалардың қолына жалауша таратып беремін. Қойылған сұрақтарға жалаушамен белгі беру арқылы кезектесіп жауап беріп отырады.

Интербелсенді тақта

түрлі-түсті қағаздар

Операциялық

кезең

15 минут

« Мағынаны ажырату»

Ы.Алтынсарин өмірі туралы бейне баяннан үзінді көрсетемін. 2 минут.

Ақпараттар алаңы шолу жасау.

«Халық мектептері үшін ең керектісі -оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды.» Ы.Алтынсарин

«Ыбырай Алтынсарин -қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»

«Оренбурский листок» газетінен

Ыбырай Алтынсарин ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі - мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халық ағарту жұмысы, екіншісі - халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куә.

Ғаламтор желісінен.

Сергіту сәті М.Омаровтың әні «Ұстаз болу-жүректің батырлығы»

әні: М.Омаровтікі

сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Интер белсенді тақта

А4 парақтары

Рефлексиялық

Кезең

20 минут

«Ой-толғаныс»

Топтық жұмыс. «Ойлан, Бірік,Бөліс» әдісі бойынша тапсырма беремін.

1-топ.1. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының басты мақсаты...

2. «Өнер-білім бар жұрттар»өлеңі

3.Рөлдік ойын. «Асыл шөп» әңгімесі

2-топ. 1.Ыбырай аудармалары.

2.Ыбырай өлеңдеріндегі әлеуметтік теңсіздіктер.

3. жұмбақ әңгіме . «Әке мен бала» әңгімесін ым-ишара арқылы түсіндіру.

3-топ. 1.Ыбырайдың табиғат лирикасы

2.Еңбексүйгішті дәріптейтін әңгімелері.

3. Ойымды айтсам... «Бір уыс мақта әңгімесін » (әңгімені басқаша баяндау)



Керібайланыс аламын.

Маған ұнағаны....

Мен үшін қызықты...

Маған ұнамағаны.....

Оқушылар сабақтан алған әсерін жазбаша дәптерлеріне жазады.

Бағалау: Қалыптастырушы бағалауды қолданамын.

Үйге: «Ыбырай Алтынсарин-халық ағартушысы дәрежесіне көтерілген тарихи тұлға» эссе жазып келу.













Оқушының оқу құралдары.

А3 парақтары

Түрлі түсті қағаздар.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал