- Учителю
- Сабақ жоспары 2 сынып
Сабақ жоспары 2 сынып
Сабақ жоспары
Пәннің аты: Ритмика
Сыныбы: 4 «ин»
Мұғалім: Сатбаева М.Б.
Күні, айы, жылы: 09.10.2015 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік:
-
Сабақ бойынша алған білімі: Ырғақты - қимыл қозғалыс арқылы дене сымбатын жақсартып, бұлшықеттерін, сіңірлерін бекітіп, тез қимылдауға, әдемі қозғалыстар жасауға ықпал ету..
-
Түзетушілік:
-
Денені тік ұстап шеңбер бойымен жүруге үйрету.
-
Дидактикалық ойын арқылы зейінін дамыту.
-
Есту, сөйлеу, ойлау, есте сақтау процестерінің жетілуіне ықпал ету..
-
Тәрбиелік:
-
Пәнге қызығушылығын арттыру.
-
Оқушыларды ептілікке, әсемділікке, әдептілікке татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: доп, шарлар, үнтаспа.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Баланы психологиялық жағынан дайындау.
Оқушылардың назарын аудару.
-
Қазір қай мезгіл?
-
Күз мезгілінде неше ай бар? Атап шығайық.
-
Бізде қазір қандай сабақ?
-
4 -ші сағат - ритмика сабағы
-
Жаңа сабақты түсіндіру.
-
Жаңа сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру
-
Дидактикалық ойын:
І. Кеңістікті бағдарлауға үйрету. Залға саппен кіргізу.
ІІ. Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек -кезек лақтырып жылы лебіздерін білдіреді.
-
Аспанымыз ашық болсын!
-
Елімізде бейбітшілік болсын!
-
Барлық бала бақытты болсын!
ІІІ. Тыныс алуға арналған жаттығулар.
-
Балалар, қазір бойымызды тік ұстап,демді мұрынмен ішке тартып, ауызбен ауа шығарамыз.
-
Қоңыз жаттығуы. Балалар тұрып, қолдарын жанына қояды. Енді қолымызды көтеріп демаламыз. Тынысымызды шығара, қоңыздың ызылдағанын көрсетеміз. Қолдарын бір мезгілде төмен түсіріп, ж-ж-ж деп айтады.
Ырғақты гимнастикалық жаттығулар.
-
Шеңбер бойымен жүру.
Дөңгелегі дөңгелеп,
Біздің поезд келеді.
Балаларды алысқа,
Апарғысы келеді.
Гу - гу, Гу -гу, Гу-гу
Жүгіреді паравоз
Балаларды алысқа
Апарады паравоз.
-
Сергіту сәті: Мен қазақпын биі
-
Бекіту: Доп кімде ойыны
Шеңбер болып отырып, допты бір-біріне жылдам береді. Кенет әуен тоқтағанда, доп кімде болса, сол өз айыбын өтеуі тиіс.
Шарлар ойыны.
Көк шар - шапалақтау
Жасыл шар - тебіну
Сары шар - үндемеу
Қызыл шар - алақай! - деп айқайлау.
-
Қорытынды : Оқушылар, бүгін не істедік? Қандай жаттығулар жүргіздік? Ойын түрлері ұнады ма?
-
Үйге тапсырма: Дене қимылдарына арналған жаттығуларды үйде қайталаймыз
-
Бағалау: Мақтау, мадақтау.