- Учителю
- Открытый урок 3 класс Кемпір қосақ
Открытый урок 3 класс Кемпір қосақ
Тақырыбы: Кемпірқосақ әлеміне саяхат.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру.
Оқушылардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту, тиянақты жауап беруді талап ету.
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыра отырып,ұқыптылыққа,тиянақтылық пен адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Математикалық сайыстың барысы:
І.Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
ІІ. Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика, сондықтан да оны оқу керек» - деген.
Олай болса , бүгін сендер қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
І. Сайыста сендерге әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орыңдауларын керек.
ІІ. Математикалық сайыс - бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек. Және тәртіп сақталғаны жөн.
Сайыстың кезеңдері:
1 бөлім: Топтардың таныстырылуы.
2 бөлім:Анаграмалар шешу.
3 бөлім: Логикалық есеп.
4 бөлім: Бұл не деген жұмбақ?
5 бөлім: Грамматикалық арифметика.
6 бөлім: Мақалды тап.
7 бөлім: Ребусты шешу.
1 - бөлім: Топтардың таныстырылуы: 10 бал
І. « Алғырлар » тобы:
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
ІІ. "Тапқырлар" тобы:
Тапқырлар биіктерде қалықтасын!
Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.
2 - бөлім: Анаграмалар шешу. 5 бал
1 топқа:
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын. (Мұз - тұз)
2 топқа:
«Қ» - әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал. (Қара - ара)
3 - бөлім: Логикалық тапсырмалар. 8 бал
І - ІІ топтардың сұрақтары.
1.Әкесі 40 жаста, ал ұлы 5 жаста. Ұлы әкесінен неше жас кіші?
2. Әпкесі інісінен 5 жас үлкен. Інісі 3 жаста. Әпкесі неше жаста?
3. 30 саны шығу үшін 5-ті қаншаға көбейтеміз?
1.Серікте 30 теңге бар. Егер 1 тоқаш 5 теңге тұрса, неше тоқаш ала алады?
2.Әсел 8 теңгеден 2 қарындаш сатып алды. Ол барлығы неше ақша жұмсады?
3. Әлихан 2 дәптер үшін 12 теңге төледі. 1 дәптер неше теңге тұрады?
4 - бөлім: Бұл не деген жұмбақ? 9 бал
Сол жақтағы дауыссыз дыбыстардың ортасына не алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыстарды қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?
А Ғ Б Р У,
О Ы О Ш Ы
Ш Ы Ж Л К
П З С Й Е
Б Л Е Д С
Л А І І Ө Л Й І
Я Ы І Е Қ
Л Ж Қ И Р
ИР О Ы Ө
Ө І Ө Л Й
І М Й І А
Ғ Н З С Й Е Д
Жауабы:
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді
Салған ізі сөйлейді.
(Қалам)
5 - бөлім: Грамматикалық арифметика. 5 бал
А
А
А
А
А
А
Жауабы: алма, айна, Айша, апта, арпа, арқа, айла.
6 - бөлім: Мақалды тап. Мына дөңгелекке бір мақал жазылған. Оны сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдыра отырып оқысаң, табасың. Сонда қай әріптен бастап оқу керек.? Ол не деген мақал? 8 бал
Жауабы: Мектеп - кеме, білім - теңіз.
7 - бөлім: Ребусты шешу. 5 бал
Алғырлар Тапқырлар
,, Ш
Жауабы: 100, 2.
Қорытындысын шығару кезеңі.