7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Дәрумендер'5 сынып.

Сабақ жоспары 'Дәрумендер'5 сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дәрумендер - денсаулық кепілі.

Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой-өрісін, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Дамыту:Баланың ой-қиялын, зейінін шығармашылығын қабілетін сөздік қорын жетілдіру.

Тәрбиелеу:Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғаттысүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, көкөністер, жемістердің суреттері, жаңғақтар, жіптер.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру. Дәрумендердің келуі. Жұмбақтар шешу, мақал- мәтелдер айту, жаңғақтар жасау.

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ізденуші ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялаушы

Шаттық шеңбері.

Шуағын шашады,

Күн шықса жиектен.

Жылу алып нұрынан

Денсаулықты түлеткем.

Денсаулық - ол күлуің,

Көңіл - күйің жадырай.

Денсаулық - ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

Балалар осы жақсы көңіл күймен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Балалардан қай мезгіл, мезгілдің ай аттарын және аптаның қай күні екенін сұрап кету.

- Балалар бүгінгі жаңа сабағымызда дәрумендердің пайдасын білетін боламыз. Адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әр түрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет.

Тамақты ішсең күнде сен,

Белгілі бір мезгілде.

Таңертен, түс, түстен соң,

Жатар алды кезінде - дегендей, балалар уақытымен тамақтанып отыру керек!

-Балалар біздің күнделікті тамақтанып жүрген тамақтарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сол дәрумендердің бірнешеуін қонаққа шақырып қойдым. (Осы кезде есік қағылып дәрумендер қонаққа келеді).

- Сәлеметсіздер ме балалар! Мен А дәруменімін (слайдпен көрсету). Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер балабақшада күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде ішіп-жеп жүрген балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларыңа күш-қуат беремін.

-Ал мен В деген дәруменмін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. Бұл В дәруменін жеп өскен баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп жақсы жүгіретін боласыздар.

-Мен Д дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені жеп өскен баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де сүйектерің мықты болып өседі.

-Мен С дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар біз сендерге керекпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін біздермен дос болыңдар.

Ал сендер біз туралы не білесіңдер?

-Біздің балалар дәрумендер туралы тақпақ біледі.

- Жарайсыңдар балалар! Сендердің көздеріңнен көріп тұрмын, сендер ойын ойнағыларың келіп тұрған сияқты, Солай ма?

-Мен сендерге тапсырма ойын алып келдім. Ойынның аты «Бөліктерді құрастыр». Балалар тақтада бір жеміс жасырулы тұр. Ол жеміс екіге бөлінген, сол бөліктердің ішіндегі тапсырмаға жауап берсеңдер бөлік ашылатын болады. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар бөліктердің қандай жеміс екенін білетін боламыз.

Жұмбақ шешу.



Мақал-мәтел айту.



1-ші бөліктегі тапсырма:

Бұйра шашы желменен ойнап

тұрады,

Қызыл мұрны жерге бойлап

тұрады.

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылытады.

Аласа талда алуан алма,

Ал қызыл болмай аузыңа салма

Ұзын мұртты сарылар,

Қырман толы дәні бар.

-Қараңдаршы балалар, сендер жұмбақты дұрыс шешкен соң жасырылған жемістің бір бөлігі ашылды. Ал екінші бөлігіндегі тапсырма бойынша денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айту керек екен.

-Жарайсыңдар балалар! Бұл тапсырманы да тез орындадыңдар. Ал, қараңдаршы жасырылған жеміс қай жеміс екен?

-Балалар алма жемісінде қандай дәрумен бар? Біздің ағзамызға қандай пайдасы бар?

С дәрумені:

Балалар менің сендерге алып келген бейнехабарым бар. Сол туралы не білесіңдер?

Тәрбиеші:

Кәне тақтадағы суретке қараңдаршы. Мына бала өте семіріп кеткен. Ол күнде сабақтан келгенде сөмкесін лақтырып, аяқ киімінде лақтыра салып ас үйге кіреді. Ас үйде үстелдің үстінде тұрған тамақты тез жей бастайды екен, сосын бет-қолын жумай диванға қисайып ұйықтап кетеді екен. Ол бала семіріп, әрі ауыздарына жара шығып кетіпті. Бұл бала неліктен семіріп және ауызына жара шыққан?

-Өте дұрыс! Балалар естеріңде болсын, түрлі хот-дог, сэндвич, чипсы сияқты тамақтар және кола сусындарыда біздің ағзамызға кері әсерін тигізетін тағамдар. Бұл тағамдардан аулақ болған жөн! Дәруменді дұрыс тағамдарды ішіп, жеу керек.

В дәрумені: Шеттеріңнен ақылды бала екенсіңдер! Мен де сендерге «кім тапқыр» ойынын алып келдім.

Балалар біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерменді қабылдаумен бірге дене қозғалысы да керек екенінесімізге сала отырып, қане барлығымыз денемізді қыздырып жаттығулар жасайық.

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаттығуды бастаймыз.

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Қимылдайды әр сәтте,

Аяқ та бір, қолда бір.

Рахмет балалар! Сендер дәрумендердің алып келген тапсырмаларын жылдам, әрі дұрыс орындадыңдар. Енді өзіміздің шеберлігімізді көрсетейікші.

Балалардың еңбектерін бағалап, мадақтау.

Сабақты қортындылау.

Келген қонақтармен қоштасу.

Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін қайталап айтады.

Балалардың жауабы:

-Көктем

-Наурыз, сәуір, мамыр.

-Аптаның жұма күні.



Сәлеметсіздер ме, дәрумендер!



Балалардың тақпақтары:

Дәрумендер тірегің,

АВСДЕ деп аласың.

Жетіспесе бірі оның

Ауырып сен қаласың.

А-сы қажет көзіңе,

В-сы жүйкені

С-дан микроб безінер,

Д-сүйекті нығайтар.

А-болады асқабақ,

Өрік, айран,салатта.

В-балық, картоп,

асқабақ,

Сиыр еті, жаңғақта.

С-апельсин мен

алмұртта,

Лимоннан да

табылар.

Д-балық майында,

Е- қарақаттан

табылар.

-Иә, оын ойнағымыз келеді.



(сәбіз).

(пияз).

(қызанақ).

(бидай).

Ас - адамның арқауы.

Дені саудың жаны

сау.

Тазалық- денсаулықтың кепілі.

Денсаулық-зор байлық.

Денсаулық-өмір

тірегі.

- Алма!

- Алмада С дәрумені бар, алманы жесек денсаулығымыз мықты болып, барлық аурулардан қашық боламыз.



-Ол бала зиянды тамақтарды көп жеген және беті-қолын жумаған, сондықтан ұсқынсыз бала болып кеткен.

- Балалар тапсырманы бір-бірлеп шығып орындайды.

Балалар орындарынан тұрып жаттығу жасайды.



Балалар жаңғақтарды тізіп моншақ жасайды және келген қонақтарға сыйға тартады.

Күтілетін нәтиже.

Білуі керек:Дәрумендердің адам ағзасына пайдасын,дәрумендердің қандай тағамдарда болатын білуі керек.

Болуы керек: Қызығушылығы, зейіні, сөздік қорларының көбеюі.

Қолынан келуі: Тапқырлығы, ұйымшылдығы, шеберлігін шыңдауы.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал