7


  • Учителю
  • Статья на тему интерес учащихся к казахской литературе

Статья на тему интерес учащихся к казахской литературе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Б.Ж. Досанова

Қостанай облысының

Қостанай қаласындағы

№ 3 мектеп-гимназияның

қазақ тілі пәнінің мұғалімі





Қазақ әдебиеті пәніне оқушылардың

қызығушылығын арттыру



Қазақ әдебиеті пәнін қалай оқыту керек? Бұл сұрақ қазіргі кездегі ең жоғары проблема, себебі, қазақ әдебиетін қазақ тілінде жүргізу үшін оны тереңірек беріп, жүйелі түрде оқушыларға жеткізу жолдарын табу жөн. Ол үшін мына жолдарды қолдану керек.

  • Біріншіден, қазақ әдебиеті пән ретінде анықталуы керек.

  • Екіншіден, әдебиетті оқытуда мақсаты мен міндетін қоя білу керек.

  • Үшіншіден, орыс мектебіндегі оқушыларға қазақ әдебиетін оқытуда жаңа методика кұру керек.

Әдебиет сабағы - тірі әлеуметтік ағза. Ол қоғамдағы өзгерістерге байланысты болады. Бірақ мындаған жылдардағы ұлттық мағынасы сақталып отырылғаны дұрыс.

Әдебиет пәнін жүргізуде мұғалімнің кәсіптік білім деігейінің жоғары болуы қажет. Көркемдік - педагогикалық - шығармашылық әдебиетті оқытудағы ең негізгі сапа. Мұғалім сабақта оқушылардын психологиясына, білім деңгейіне көніл аударып отыруы керек.

Мұғалім оқушыға жазушының көркемдік әлемін, рухани дамуын, сөз және сөйлемдердің дұрыс құрылуын көрсете біліп, әр оқушының рухани дамуына көмектесуі керек.

Қазақ әдебиеті сабағында ең негізгісі көркемдік мәтін. Оқушының мәтінді оқып, оны талдау арқылы ғана әдебиеттен білім алып, көркем әдебиетті оқуға қызығушылығы артады.

Кітап оқуға қызығушылық - бұл негізгі проблемалардың бірі. Ол үшін оқушылардың әдебиетті қабылдаудағы сана-сезіміне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, өз ойларын, армандарын айтқызу, әр түрлі ойын-викториналар өткізу және ғажайып әдеби әлеміне саяхат жасауды қызықты беруге байланыстыру болады.

Қазақ әдебиеті сабағында әдеби мәтін қазақ тілінде берілген. Жоғарыда айтылған міндеттерді шешу үшін оқушылар мәтінде оқып, аударып, оны түсінуі керек.

Оқу-әлеуметтік жағдайда тілді дамытудағы негізгі қызмет ететін құрал.

Оқу адамның көру және сөйлеу дағдыларын дамытады.

Оқу арқылы оқушыда түрлі қабілеттер дамиды.

Оқу процесінде мынадай жағдайларға көніл бөлу керек:



1. Берілген сөздерді қабылдауы;

2. Осы сөздер арқылы мазмұнын түсіну;

3. Мәтіннің мазмұнын жақсы түсіну үшін, міндетті түрде

көрнекіліктерді қолдану;

4. Бағалау.



Әдебиет сабағы - ол ерекше әлем, онда оқушылар тек қана жазушының шығармаларымен танысып қана қоймайды, әр оқиғаның ішінде жүргендей сезініп, сонымен қатар бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасайды.

Бұл қарым-қатынас адамдардың бір-біріне баға беруін, өз ойын дұрыс жеткізуін, қазақ тілінде сауатты сөйлеуін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуін және әдеби кітаптарды бос уақыттарында оқуына қызықтырады.

Қазіргі кездегі оқушылар кітапты аз оқиды. Кейбір оқушылар тек қана теледидар көріп, компьютермен ойнайды. Сондықтан оқушылардың кітап оқуына қызығушылығын арттыратын пән - әдебиет пәні.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал