- Учителю
 - Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; әдептілік әліппесі бойынша сөздік қорларын молайту; шығармашылық қабілеттерін дамыту; сауатты, әдемі жазуға төселдіру
 
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; әдептілік әліппесі бойынша сөздік қорларын молайту; шығармашылық қабілеттерін дамыту; сауатты, әдемі жазуға төселдіру
Буын
Мақсаты: Буын туралы түсінік беру; сөздерді дұрыс буынға бөліп, буын түрлерін ажырата білуге үйрету; өлеңнің мазмұнын ашу.
 
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; әдептілік әліппесі
бойынша сөздік қорларын молайту; шығармашылық
қабілеттерін дамыту; сауатты, әдемі жазуға төселдіру;
 
Тәрбиелік: Жақсы, жамане қылықтарды ажырата білуге, әдептілікке,
инабаттылыққа, адамгершілікке баулу, өнегелі тұлға болуға
тәрбиелеу.
 
Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық!
 
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, ізденушілік.
 
Көрнекіліктер: Суреттер, кеспелер, үнтаспа, тірек-сызбалар, Венн
диаграммасы.
 
I. Қызығушылығын ояту.
 
Сүйемін туған тілді - анам тілін.
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
 
II. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергенің.
 
III. Кестемен жұмыс:
 
-  
Мақалды оқып, дауысты дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
 
Сәлем-сөздің анасы.
-  
Жұп дауыстыларды ата.
 
 
IV. Үй тапсырмасын тексеру.
 
«Көрші атам» өлеңін оқу. Сәлем түрін көрсету.
Бірнеше оқушы оқиды.
«Әдептілік әліппесі» өлеңін жатқа сұрау.
 
-Үй тапсырмасын қорыту: сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздер білесіңдер?
-Сәлеметсіз бе?
-Аман-саусыз ба?
-Бала-шағаңыз аман ба?
-Мал - жаныңыз аман ба?
-Кеш жарық?
-Үй - ішіңіз аман ба?
-Қайырлы таң.
-Қартыңыз аман ба?
-Аман есенсіз бе?
-Сәлемдесуге байланысты тағы қандай мақал білесіңдер?
 
Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің, кішіпейілділіктің белгісі. Үлкен адамға сәлем беру - кісіліктің, мәдениеттіліктің белгісі. Әрі қарай кішіпейілділік кісілік белгісі деп, сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Қонаққа ата келіп отыр.
«Не деу керек?» өлеңін өтеміз.
Авторы: Әнуарбек Дүйсенбиев. 1931 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген.
Ой ашар. Үнтаспадан жіберу
Суреттері ілінді. Сурет бойынша әңгіме құру.
-Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
-Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу тапжылмадың - қозғалмадың сазардың - тыңдамай, үндемей қалу.
 
Ой қозғау.
3 қатарға мәнерлеп оқытамын
-Енді, балалар, атаның қоржынында сұрақтар бар екен. Жауап берелік.
 
С м
Б 1. Ребусты шешу. Көйлек
У 2. Сөйлем неден құралады?
Ы 3. Дыбыстың неше түрі бар?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Н 4. Буын түрлерін атаңдар.
Сөздегі буын саны неге байланысты болады?
Тақтадағы сыпайы сөздерді буынға бөлу керек.
Ережені оқушылар қорытады.
 
Оқулықпен жұмыс: 58-жаттығу
Ойын бойынша орындау
 
Ауызша буынға бөлгізіп, буын түрін анықтау.
 
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Көзін қысып алдайды
Соңымнан бір қалмайды.
Ойнатсам да күнімен
Ойынға бір тоймайды.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау-сенеміз
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз
Қане дәптер ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
 
59-жаттығу.
-  
Үш әріптен тұратын
 
-  
Ең жақын жан сен үшін
 -  
Түн ұйқысын төрт бөлер
 
-  
Аялаған бір жан бар
 
 
Ол-ана.
Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам, ай мамам
Сені көрсем қуанам
Ботам деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.
 
60-жаттығу. Тақтамен жұмыс.
1-қатар.
Ананың сүті - бал.
Баланың тілі - бал.
2-қатар.
Күннің шуағы жылы
Ананың құшағы жылы.
3-қатар.
Ана.
Сөзді буынға бөл.
Буын түрін ата.
Сөйлем ойлап жаз
«Буын қос» ойынын ойнау.
 
Ой толғаныс «Ұйқасы тап» ойыны
-  
Мирас!
 
Үйді (жинас)
 
-  
Жұмсаса, аға
 
Тілін ал, бала.
 
-  
Үлкенге бер көмек
 
Бұл жақсы әдет.
 
-  
Тыңдамаса баласы
 
Қиналады анасы.
 
-  
Мен үлгілі боламын
 
Күнде бестік аламын.
 
Жақсы Жаман
Адам бойындағы қасиеттер.
 
Бағалау.
Үйге: 1) Сыпайы сөздер ойлау.
2) Нақылы сөзді дәптерлеріне жазу.
3) Мақалды жаттау.
4) Мәнерлеп оқу. Не деу керек?