7


  • Учителю
  • Урок по казахской литературе на тему 'Толагай'

Урок по казахской литературе на тему 'Толагай'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Толағай» әдеби ертегісін талдау.

Толағай бейнесі арқылы мәтіннің негізгі идеясын танытуды мақсат ете отырып,төмендегідей міндеттер қабылдадым: «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұнын,композициясын меңгерту,басты кейіпкерлердің бейнесі арқылы ертегігің көркемділік ерекшелігін таныту,оқушының тіл байлығын арттыру,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Оқушыларды топқа бөліп отырғыздым.

І кезең.Қызығушылығын ояту үшін «Ой қозғау» стратегиясы бойынша «Ерлік дегеніміз не?» деген сұрақ қойылды.Әрбір топтан бірнеше оқушының жауабы тындалды.Осыдан кейін мәтінді төрт бөлікке бөлгенімді айтып,бөліп жоспарымен таныстырдым.Оқушылардан «Қалпына келтіру»стратегиясын қолдана отырып,жоспарды реттілік бойынша интерактивті тақтада қалпына келтірулерін сұрадым.Жоспар:

1.Өмірге алып болар келді.

2.Алғашқы ерлік

3.Толағайдың жан күйзелісі.

4. «Отан үшін отқа түс,күймейсің».

ІІ кезең.Мағынаны ажырату , «ЖИГСО»стратегиясы.Жоспарда көрсетілген тақырыпшалар бойынша 4 топқа мәтін таратылды.Әркім жеке-жеке оқып,топқа салып талқылады да,Толағай бейнесін схема,сызба,сурет арқылы плакатқа түсірді.Әр топтан бір спикер шығып,жұмыстарын қорғады.Қорғалған жұмыствры тақтаға ілінді.

Мәтін ішінен көркемдегіш сөздерді,эпитет,теңеуді тауып,дәптермен жұмыс жүргізді.Топта талқылап,бір-бірін толықтырды.Әр топтан бір спикер шығып оқыды.

«Елес жетелеу» стратегиясы.Енді көзімізді жұмайық.Көз алдарыңа кім елестейді?Кімді көрдіңдер?Көркемдегіш сөздер көз алдарыңа Толағай бейнесін әкелуге өз көмегін тигізді ме?

«Баяндау» стратегиясы бойынша шағын көрініс қойылды.

-Балалар,Толағай тағдыры немен аяқталады?Толағай өлімі біздің қабырғамызға бата ма?Егер автор бізге «Толағай өлді»деп бірден айтса,бізге әсерлі болмас еді.Өте сүйкімді,ерекеше,жанашыр,ел қамын ойлағыш баланы,әрине,өлімге қимаймыз.Бірақ осындай ерлік жасаған ерлерде ешкім ешқашан ұмытпайды.Ол туралы мәтінде қалай айтылған екен?

Мәтіннің соңғы шумағы жатқа мәнерлеп оқылады.

-Міне,балалар,Толағай елдің мәңгі есінде қалыпты.Автор ойы бізге нені меңзейді?

ІІІ кезең.Ой толғаныс.Ерлік жасаған,ел тағдырын ойлаған ерлердің басына құлпытас орнатылып,мәңгі алау жағылады.Біздің де Толағайға көрсеткен ізетіміз болсын деп «Толағай» деген жазуы бар гүл-парақтарға «Бес жолды өлең» стратегиясын пайдаланып,қлең құрап жазайық.Бірнеше оқушыға оқытып,біздің дәстүрімізде болмаса да,мәңгі құрмет көрсету мақсатында тақтада ілінген тау суретінің етегіне өлең жазылған гүл-парақтарды іледі.

Оқушыларды топ басшылары бағалады,сабақ қорытындыранды. «Толағай секілді ер болу қолыңнан келе ме?» тақырыбына эссе жазу үйге тапсырма ретінде беріледі.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал