- Учителю
- Өзін─өзі тану сабағының жоспары
Өзін─өзі тану сабағының жоспары
Өзін─өзі тану сабағының жоспары Мектеп: Өлеңті ОМ Мерзімі: 17.06.2016.ж. №23 Тақырып: «Адалдық пен әділдік» Құндылық: Дұрыс іс-әрекет Қасиеттер: Әділдік ,шындық айту, ұқыптылық, жауапкершілік құндылықтарын ашу. Мұғалім: Алданыш Айнагуль сынып: 5 «А» сынып оқушылар саны: 15Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып дұрыс іс- әрекет құндылығын жасауға баулу. Білімділік: Шындық айту мен әділдіктің өмірдегі маңызын түсіндіру. Дамытушылық: Адалдық пен әділдікті, қарапайымдылықты ұғына білу. Тәрбиелік: Жауапкершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар: құралдар,мәліметтер,
интерактивтік тақта,магнитофон.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады...... 2. Үй тапсырмасын тексеру. «Сабырсыз» өлеңін жаттап,мағынасын түсіну. Сұрақтар: 1. Сабырсыз деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2. Анасына сабырсыз баласы қандай сөздер айтты? 3.Сендер аналарыңа осындай сабырсыздық танытқан кездерің болды ма?
Сабақ барысын талқылау:
80 бетте, сабақ № 22
3.Дәйек сөз. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» Ш.Уалиханов Мағынасын түсіндіру, дәптерге жаздыру. Сұрақтар: Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме? Өмірдегі адалдық пен әділдікке мысал келтіріңдер.
оқулықпен жұмыс
Әңгімелеу(мұғалімнің сыйы) «Адалдықтың өтеуі» мультфильм көрсету
Талқылау сұрақтары:
Шәкірті ұстазынан не үйренді? Шәкірті медреседен үйренген адалдығын ұстазына қалай жеткізді? Шәкірті мен ұстаздың бір-біріне деген адал ниетін қалай бағалар едіңдер?
Сендердің ойларыңа осылай жасау келер ме еді?
интернеттен алынған
5.Шығармашылық жұмыс , топтық жұмыс
Ойын тақырыбы: «Біздің адал достарымыз» Балалардан өздеріне адал дос деп санайтын барлық адамдарды атап шығуларын сұраймын.Атап болғаннан кейін неліктен олай ойлайтындарын айтады. Мысалы: мен ауырғанда анам мені емдеді, сондықтан ол менің шындықты айтатын адал ақылшым.
</<font face="Times New Roman, serif">әдістемелік құралмен жұмыс
6.Үй тапсырмасы: «Адалдық- адамдықтың белгісі» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
оқулықтан 85 бетте
7.Топпен ән айту.
«Ақ көгершін»
Өлеңі: Н.Баймұхамедов
Әні:А. Жұбанов
Ақ көгершін,көгершін
Қолқанат құс сен едің.
Бар,кезіп қайт,ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.
Көзін сенен алмайды
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап.
Қайырмасы:
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.
интернеттен алынды
8. Соңғы тыныштық сәті.
- Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен адалдық пен әділдік кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Сіздерге көп рахмет!!! Келесі кездескенше сіздерді асыға күтемін!!!!!!