- Учителю
- Поурочный план на тему 'Отбасы мүшелері'3 класс
Поурочный план на тему 'Отбасы мүшелері'3 класс
3 сынып
" "_______________ № 1 қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.Оқылым,тыңдалым,жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып,тілдесім әрекетіне жетелеу.Оқу техникасын жандандыру.Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.Отбасы құндылықтарын қадірлеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Сөздік қорын байыту.Тәуелдік жалғау,сан есім,сілтеу есімдігін тілдесімде дұрыс қолдана білуге үйрету.Жатыс септік жалғауының жалғану тәртібін және орынды қолдана білуді меңгерту. Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ- жауап, Көрнекіліктер: суреттер, кестелер.Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру. Оқушыларды пән мақсаттарымен таныстыру,тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. II. Сөздік жұмысы. Отбасы- семья. Ата-дедушка. Әже-бабушка. Әке - отец. Ана- мать. Аға - старший брат . Әпке -старшая сестра.
1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді оқушыларға қайталату. 2.Оқушыларға жаңа сөздерді тізбектетіп айтқызу. 3. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау: а)Сөздің орысшасын айтып,допты бір оқушыға лақтыру. ол оқушы допты қағып алып,допты өзіме лақтырады.Осылай барлық сөздермен жұмыс жасау қажет.Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады. ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады. б) Жаңа сөздер деректі болса, оларды көрсетіп,оқушыларға сол сөздердің атауларын дәптерлеріне жазғызу.Кейін оқушыларды кезек-кезек тақта алдына шақырып, сөздердің сауатты жазылуын тексеру.
III. Жаңа сабақ
1 тапсырма: "Менің отбасым"Берілген тапсырма бойынша оқылым және тыңдалым әрекеттерін жүргізу. Әр оқушымен жеке жұмыс. Өткен жылғы алған білімдерін жаңғыртып, өз отбасы туралы толық әңгіме құрастырғызып, айтылым әрекетін іске асыру.Сыныптағы барлық оқушыларды тілдесімге жетелеу.2 тапсырма: Үлгі бойынша берілген диалогпен жұмыс жасау.Диалог бойынша өз отбасы туралы жұптық жұмыс ұйымдастырып, тілдесім әрекетін іске асыру. 3 тапсырма: "Сөйлеп үйрен" айдарымен берілген тапсырманы барлық оқушылармен және жұппен орындау. Сергіту сәті: Ал , балалар, тұрайық,Денемізді созайық. Орындыққа отырып, Алақанды ұрайық.4 тапсырма: Сызба бойынша жұмыс.Оқушыларға жұптық тапсырма беру.Бұл тапсырманы оқушының ана тілінде (орыс тілінде) сұрақ-жауап жасап, бекіту.5 тапсырма: Үлгі бойынша І және ІІ жақта сөйлеу дағдысына берілген тапсырманы сыныптағы барлық оқушыларға орындату.Тапсырмадағы "Менің,Сенің" сөздерінің мағынасынпрактикалық жолмен жете түсіндіру. жұмыс.Оқушыларға жұптық тапсырма беру.Бұл тапсырманы оқушының ана тілінде (орыс тілінде) сұрақ-жауап жасап, бекіту. 6 тапсырма: Берілген санамақ бойынша бірінші кезекте оқылым әрекеті арқылы оқушыларға жалпы түсінік беру.Айтылым әрекетін іске асырып, оқушылармен жеке және жұптық жұмыс жүргізу.тапсырманы жазбаша орындап, жазылым әрекетін бекіту.Әр оқушымен жеке жұмыс жасап, оқылым әрекетімен мәнерлеп оқу арқылы тпасырманы қорытындылау.
IV. Сабақты бекіту.
V. Сабақты қорытындылау.Оқушылардың білімін бағалау. VІ. Үй тапсырмасын түсіндіріп беру.