- Учителю
- Урок по казахскому языку на тему 'Зат есім' (1 класс)
Урок по казахскому языку на тему 'Зат есім' (1 класс)
Қазақ тілі
5 «б» сынып
Менің отбасым
Білімділік: Зат есім туралы түсініктерін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасына, грамматикалық белгісіне қарай талдау; сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.
Дамытушылық: сөздік қорларын дамыту
Тәрбиелік: ата-анасын сыйлауға, отанын, туған жерін сүюге тәрбие беру
Сабақтың әдісі: Топтастыру, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: Оқулық. Әдістемелік нұсқау
Сабақтың барысы: 1. көркем жазу
2. жазба жұмыстарын орындау.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу
2.Оқушыларды түгендеу
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
III.Жаңа сабақ:
Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз.
Зат есім кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы:ата, суретші, Амангүл.
Басқа сөздердің ( жанды, жансыз) барлығына не? Нелер? деген сұрақтар қойылады.
Атау септігінің сұрақтары кім?не?Мысалы:кім? аға, не? үй.
Заттардың жеке атаулары жалқы есім деп аталады. Мысалы:Астана, Мәдина,Кентау т.б.
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ
Тәуелдік жалғау заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді екенін білдіреді. Мысалы:
Жекеше түрі Көпше түрі
I жақ. Менің I жақ. Біздің
II жақ. Сенің,сіздің II жақ.Сендердің, сіздердің
III жақ. Оның III жақ.Олардың
Мысалы: менің анам, сендердің аналарың, сіздердің аналарыңыз.
1-тапсырма.Ауызша сұрақтарға жауап беру.
1.Сенің отбасың үлкен бе?
2.Отбасыңда қанша адам бар?
3.Сенің ата-анаң қайда жұмыс істейді?
4.Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің,, қарындасың бар ма?
5.Олар неше жаста?
6.Олар не істейді?
2-тапсырма. Диалог құрып, өздеріңнің отбасыларың туралы әңгімелеңдер.
Менің отбасым.
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасымызда алты адам бар. Біз тату тұрамыз. Мен бесінші сыныпта оқимын. Менің әкем-дәрігер. Анам-мұғалім. Ол мектепте жұмыс істейді. Мен анама үй шаруасына көмектесемін.
-Сенің отбасың қандай?
- Біздің отбасымыз үлкен.
-Отбасыңда неше адам бар?
- Отбасымызда алты адам бар.
-Сендер қандай қарым-қатынастасыңдар?
- Біз тату тұрамыз.
-Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Мен бесінші сыныпта оқимын.
-Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
- Менің әкем-дәрігер.
3-тапсырма.Ережені қайталап өту
4-тапсырма. Кесте бойынша сөйлемдер құраңдар.Қызығушылықты ояту
Менің атым-Айя. Анамның аты-Алия. Апамның аты-Әзипа. Атамның аты-Кенжехан.
Ой толғаныс.
• Зат есім дегеніміз не? Кәне осы зат есімге топтастыру әдісі арқылы тапсырманы орындайық.
Заттың аты Кім?
Не?
Зат есім
Жер-су атауы
Кімдер?
Жануарлар атауы
Нелер?
Адамның атауы
Сабағымызды қорытындылайық: Сұрақтар арқылы сұрақтарға жауап берейік.
• зат есімнің ережесін кім айтады?
• Зат есімнің сұрақтарын атаңыз
• Зат есімге мысал келтір және сұрақ қой
• Сөйлем ішінен зат есімді тап. Далада боран соғып тұр.
• Жылқы суыққа төзімді жануар. Зат есімді тап.
Үйге тапсырма.
Оқушыларды мадақтау, бағалау.