7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі

Мақсаты: 1. Оқушылардың М.Әуезов туралы білімдерін толықтыру. «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, әңгімедегі берілген өзекті ойды анықтау.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, іздендіру, өз пікірлерін айта білуге, қорғауға үйрету.

3.Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, пікірлесу, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, суреттер, кітаптар, слаидтар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу, сыныпты түгендеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.Шаттық шеңбері.

Амансыз ба, күн!

Амансыз ба, дос!

Амансыз ба, қонақтар!

Баршаңызға амандық, сәлем!

Сабақтың ережесі:

1.Тыңдау және есіту

2.Белсенді болу

3.Бір-бірін сыйлау

4.Өз пікірін білдіру

5.Өз пікірінде тұру

6. Өз идеяларын, ойларын ұсыну

Оқушыларды топқа бөлу. Ол үшін оқушыларға қызыл, сары түсті қағаздар таратылады. Ол қағаздарда мақал- мәтелдер жазылған. Қызыл түсті қағазды алған оқушылар бірінші топ, сары түсті қағаз алған оқушылар екінші топ болады. Оқушылар мақал- мәтелдерді оқиды, аударады:

1.Қасқыр байлағанға көнбес,

Шошқа айдағанға көнбес.

Волка нельзя на привязи держать, а свинью пасти.

2.Қасқырды сұрлығы үшін ұрмайды, ұрлығы үшін ұрады.

Не за то бьют волка, что он сер, а за то, что он съел.

3.Бөрі баласы бөркіңе салсаң да ит болмас.

Волчонок не станет собакой хоть как его не ласкай.

4. Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды.

Сколько волка не корми, всеравно в лес смотрит.

Мұғалім сөзі:- Балалар, осы мақалдар не туралы жазылған деп ойлайсыңдар?

(Оқушылар жауабы)

-Біз сіздермен қасқыр туралы жазылған қандай көркем шығарманы білеміз және оның авторы кім?( Оқушылар жауабы)

-Біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі. Бұл сабақ қорытынды сабақ болғандықтан, сабақта осы әңгімеге байланысты өз ой пікірімізді айтуға үйренеміз.

Сабақтың эпиграфы: «М. Әуезов - Қазақстан үшін екінші Абай, біз үшін Шығыстың Шолоховы еді» Николай Погодин.(Оқушылар хормен оқиды)

Сабақ үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім- кіріспе бөлімі. Оқушылар үйде дайындап келген тапсырмаларын айтады.

Әдебиетшілер:М.Әуезов туралы әңгімелеу.

1-оқушы. Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Абай ауданының Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Әкесә Омархан мен атасы Әуез көршісі және отбасының досы ұлы Абайды өте жоғары бағалаған. Атасы Әуез немересін тәрбиелеуге көп күш салған. Ол Мұхтарды әдебиетке, Абай поэзиясына деген сүйіспеншілікке баулыған. Алты жасынан Абайдың өлеңдерін жаттап өскен.Мұхтар ауыл молдасынан хат таниды. Сонан соң Семейдегі мұсылман медересесінде, қалалық училищеде, мұғалімдер семинариясында оқиды.

2- оқушы «Абай жолы» роман-эпопеясы Әуезов шығармашылығының ең биік шыңы. Ұлы жазушы «Абай жолын» он бес жылға уақыт жазды. Романның басты кейіпкері қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев.

3- оқушы. «Твои бессмертные труды ставят тебя в ряд лучщих представителей мировой художественной прозы. Я счастлив, что имею честь быть твоим современником и соотечественником» - эти слова адресовал М.Ауезову видный советский писатель Всеволод Иванов

3- оқушы. Ағылшынша әңгімелеу.

Тарихшылар: «Артық болмас білгенің...» айдары бойынша әңгімелеу

1-оқушы: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің тақырыбын таңдап алуының бір себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова былай деп еске алады: «Бірде мен қабырға күнтізбесін(1929 жылы) сатып алдым. Сол күнтізбе Мұхтардың жазу үстелінің тұсында ілулі тұратын еді. Сонда белгілі суретшінің салған суреті бар болатын. Сол суретте қысқы түн, қар жамылған меңіреу дала, алыстан кішкентай деревняның оттары көрінеді. Ең алдыңғы қатарда түнде жорытқан қасқыр тұр. Міне , сол сурет Мұхтар Әуезовтің сонау жас бала кезінде аңшылардан естіген әңгімелерін есіне түсірген болу керек, осы суреттегі көрініс Мұхтардың «Көксерек» әңгімесін жазуына себеп болды»

.2- оқушы.«Көксерек» әңгімесі туралы қысқаша мәлімет беру

«Көксерек» әңгімесі 1928 жылдың желтоқсаны мен 1929 жылдың қаңтар айларында Ташкент қаласында жазылды. Шығарма 1929 жылы «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды. 1973 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Көксерек» драмалық фильмін түсірді.!көксерек» повесі мағыналық жағынан Л Толстойдың «Холстомер» мен «Булька», А.Чеховтың «Аққасқа»,» Каштанка», Джек Лондонның» Ақ азу», У.Флобердің « Аю» атты шығармаларымен деңгейлес.

2-оқушыАғылшынша әңгімелеу.

3-оқушы.«Көксерек» фильмі туралы:

Фильмді Қырғызфильм киностудиясы түсірген. Фильмде кішкентай Құрмаштың рөлін ойнаған-Қамбар Уәлиев. Ол былай еске алады:» Бұл фильмді бір жылдан астам уақыттүсірді. Қасқыр Көксеректі Мәскеуден алып келді. Мен Көксеректі үлкейген кезде жетектеп ертіп жүруім керек болды. Бірақ қасқырларға әлім келмеді. Дегенмен киноға түскен кезде мен көп қиналған жоқпын»

Биологтар: «Табиғатттағы қасқырлар тіршілігі» туралы қосымша мәлімет беру.

1-оқушы.Қасқыр -жыртқыш аң. Басқа атаулары да белгілі: бөрі, бері. Еркек қасқыр шамамен 50 кг, ал ұрғашысы 45 кг болады. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі.Олардың адамға көрінуі де сирек.Қасқыр- қайсар, аса сақ, қу хайуан. Қайсарлығы -оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді.

2-оқушы. Қасқыр- дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол -оның отбасына беріктігі.

Екінші бөлім- негізгі бөлім. Екі топқа мәтін беріледі.Әр топ өзінің ішінен мынадай оқушыны тағайындайды:

1.Спикер

2.Таймер

3.Суретші

4.Шығармашылық топ

5.Қолдау көрсетуші

Бірінші топқа «Көксерек»әңгімесіндегі Құрмаш және ауыл адамдарының бейнесі

Екінші топқа «Көксерек» әңгімесіндегі Көксерек пен қасқырлардың бейнесі

Әр топ 10 минут дайындалады және жұмыстарын қорғайды.Әр топ бір-біріне үш сұрақтан дайындап, жауап алады.

Әр топ бір-бірінің дайындаған тақырыбын бағалайды.

Бағалау критериі:

1.Тақырыптың ашылуы

2.Сөйлеу мәнері

3.Эстетикалық мазмұны

4.Ұжымдық жұмыс

Үшінші бөлім- қорытындылау бөлімі.

Адам мен табиғат арасындағы байланыс қандай болу керек?

«Көксерек» әңгімесі бізге қандай сабақ береді ?

Адам Табиғат

Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сөзі: Сабақты қорытындылай келе, мен сіздерге ұлы жазушыға арнап Елдар Оразалиннің жазған «Ұлылыққа тағзым» өлеңін оқып берейін:

Өр тұлғасы жаралған жылылыққа,

Есімі жүр әлемде- әр құрлықта.

Ұлы Абайды бар халыққа таныстырған,

Бас иемін Әуезовтай ұлылыққа!

Асқақ ойлы, көркем тіл сөз зергерін,

Басқаға емес қазаққа кез бергенін.

Айта алар кім ұлылықпен әлем асқан,

Абай, Мұхтар даналарға тең келгенін.

Құдіретті көркем сөз кезіп бойын,

Паш еткізді дүниеге озық ойын.

Ұлылығын күллі әлем бір ғасырлық,

Қарсы алмақ Мұхтар аға Ұлы тойын!

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Рефлексия «Білім ағашы»

Әр оқушы сабақтан алған әсерлерін «білім ағашы» бойынша нәтижелейді.





























































































Қараман орта мектебі

















Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов.

«Көксерек» әңгімесі





7- сынып

қазақ әдебиеті









Мұғалім Нұрмағамбетова А.Қ.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал