7


Еңбек түбі – береке

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Еңбек түбі - береке

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.

2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.

3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілік:

Мақал - мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс - жанға тыныс», «Еңбек түбі - зейнет», «Еңбексіз өмір - сөнген өмір», жұмбақтар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: «Жүздің көркі - көз, ауыз көркі - сөз, сөздің көркі - мақал», - дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі - мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі. Олай болса, балалар бүгінгі сынып сағатымызда мақалдар айтып, бір-бірімізбен жарысайық. Сыныпта 24 оқушы болғандықтан 4 топқа бөлінеміз.

І. Әр топ кезектесіп еңбек туралы мақал айтады және мағынасын түсіндіреді.



І топ

Кәусар:

Еңбек мұратқа жеткізер,

Жалқаулық абыройды кеткізер



Мансұр: Айгүл:

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.



Аян:

Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.



ІІ топ

Аруай:

Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең, жерге өкпелеме.



Анель:

Ерінбесең, еңбегің өнеді.



Т.Бекарыс:

Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.





К.Мерей:

Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.





ІІІ топ

Алинұр:

Еңбек ет те мақтан,

Ойнап күл де шаттан.



Рушана:

Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.



Әсемгүл:

Ердің атын еңбек шығарар.



Ақжол:

Ерді намыс өлтіреді,

Қоянды қамыс өлтіреді.

Мәжид:

Ерінбесең еңбегің өнеді.





ІV топ

Көмек:

Еңбек етпеген азады..

Гүлжанат:

Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.

Марина:

Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.



Келесі айналым: Мен мақалдың алғашқы жолын оқимын, ал сіздер әрі қарай жалғастырасыздар. (барлық топтар қол көтеріп жауап береді)

1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).

2. Еңбек түбі - береке,…(көптің түбі - береке).

3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).

4. Отынды шапқанға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).

5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).

6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).

7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).

8. Берген - алар,…(еккен - орар).

9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).



Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еңбек түбі - береке» атты сынып сағатымыз аяқталды.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал