7


Зияткерлік ойын 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ескелді ауданы әкімдігінің

Ш.Уәлиханов атындағы орта

мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Сулейменова Айгүл Мақсұтханқызы


Зияткерлік ойын

Тақырыбы: Қазақстанның болашағы-білімді ұрпағында

Мақсаты:

Оқушылардың зеректілік қабілетін дамытып, ой-өрісін кеңейту, іздене білуге, шығармашылыққа баулып, оқушылардың құзіреттілігін, қызығушылығын арттырып, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:постер,

Сабақ түрі:сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын

Сабақтың барысы

Жүргізуші:

Алынбаған асу бар.

Өркендерім алға ұмтылар жасындар.

Сендерсіңдер иелік етер еліме,

Жолдарың ашық,

Ағын бір судай тасыңдар! демекші,-

Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қазақстанның болашағы-білімді ұрпағында» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер!

Қазіргі заман-білім мен ғылым заманы. Ақыл мен сананың, білім мен біліктіліктің бәсекеге түсер ғасыры. Біз осы заман түлектерінің ертеңін ойлайтын, болашаққа үмітпен қарайтын елміз.

Еліміздің келешегі білімді ұрпағында. «Халық кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»,-деп Ш.Уәлиханов айтып кеткендей, болашақ тек білімді жастар екені даусыз.

Олай болса, оқушылар арасында өткелі отырған зияткерлік ойынымызды бастаймыз.

Ортаға ойынға қатысушы оқушыларды шақырамыз.

1.Психологиялық тренинг «Сәлемдесу»

-Балалар, молекула сияқты араласып жүріп,

көзбен (1 бала 5-6 баламен амандасуы керек),

баспен,иықпен ,қолмен, арқамен амандасамыз.

2. Топқа бөлу.

-Балалар, үстел үстінен 1 қағаз қимасын алыңдар. Не байқадыңдар?

Ортаға келіп тұрыңдар.

«Әншілер» және «Ақындар » тобы.

Әншілер бір-бірлеріңнің қолдарын жібермей ұстайды. Екі жаққа қолды үзбей ажыраулары керек.

Әр топ өз орындарына отырады.

Енді ойынымыздың өтілу тәртібімен таныс болыңыздар.

. 1.«Таныстыру» кезеңі. Әр топ өз тобының аты, ұранымен таныстырады. Қазір балалар, қолдарыңдағы суретті постерге орналастырыңдар.

2-кезең. «Әдеби бөлім». Әр топтан бір оқушы тіл туралы көркем шығарма оқиды.



3-кезең. «Шеберлігіңді шыңда» кезеңі.Постерге бас киімнің суретін салады. Таңдау өз еріктерінде. Салған суреттерін қорғайды.

4-кезең. «Заңды білу-заман талабы» тест сұрақтарына жауап беру. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы бойынша.

5-кезең «Ойна да, ойлан!» жағдаятты шешу. Интерактивті тақтадан бейне ролик көрсету. Талдау.

6-кезең. «Ойланайық, кім ойшыл» сайысы. Бұл сайыста әр топқа 3 логикалық тапсырма беріледі.

1-топқа.

1)Түнгі сағат 2200-де жауын жауып тұрса, 48 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жоқ)

2)Төрт таяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)

3)Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың аяқтарын қосып

есептегенде қанша болады? (20)

2-топқа.

  1. күн неше айда бар?(Барлық айда)

2)Үстелде төрт алма жатыр, оның біреуі 2-ге бөлінген, үстелде неше алма жатыр?

3)Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? (5)

7-кезең. «Капитандар сайысы»

(Бұл сайыста «Ақындар» тобының капитаны өлең мәтінін мәнерлеп оқуы керек, ал «Әншілер» тобының капитаны сол өлең мәтінінің әнін айтуы керек).

|Қорытынды кезең.

Кері байланыс. Сұхбат. Балалар біздің сабағымызға «Қазақстан» телеканалынан тілші келіп отыр. Әр топтан бір оқушы сұхбат беруі тиіс.

Сол сұхбатты бейнекамераға түсіріп, интерактивті тақтадан көрсетемін.

8-кезең. «Жанкүйерлер сайысы» әр топтың жанкүйері шығып, өз тобы үшін би немесе ән айтады.

Әділқазы алқаларына сөз беріледі.

3




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал