- Учителю
- Қазақ тілінен сыныптан тыс шара
Қазақ тілінен сыныптан тыс шара
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Қазақ тілі- мақтанышым!
Өткізген:Имангалиева К.Б.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Қазақ тілі- мақтанышым!
Мақсаты:Оқушыларға еліміздің елдігін танытатын оның өшпес тілі екендігін ұғындыру,оны көздің қарашығындай сақтауға шақыру,ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал ету.
Міндеттер: 1.Тілдің қоғамдық - әлеуметтік қызыметін таныттыру,тіл мерейін көтеру;
2.Ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру,белсенділіктерін дамыту,шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3.Ізденімпаздыққа,шешендікке,ізгілікке,шапшаңдылыққа,тиянақтылыққа,тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
Сайыс кезеңдері:
-
Таныстыру
-
«Сөз тапқанға»
-
«Ойлан,тап!»
-
«Сен,білесің бе?»
-
«Сөзтізбе»
-
«Кім жылдам»
-
Қорытынды.
Ғалым Халел Досмұхамедұлы былай деген екен: «Мектепте қолданудан қалған тіл - шатасқан тіл.Ол ел сорлы ел.Ана тілін білмей тұрып,бөтенше жақсы сөйлесең,ол күйініш.Ана тілін жақсы біліп тұрып,бөтенше жақсы сөйлесең,бұл сүйініш.Өз тілін білмей тұрып,жат елге еліктей беру - зор қате».Біз тілімізге құрмет жасау арқылы елімізге құрмет жасаймыз.Олай болса достар өз тілімізді құрметтейік,қадірлейік.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар !Қазақ тілім-мақтанышым» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.Алдарыңызда Тұлпар тобы және Болашақ тобы
Ойынның кезеңдерімен таныстыру.
-
Әділ қазы мүшелерімен таныстыру.
-Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Білімдерін паш етіп сайыскерлер,
Сәті келіп қалғандай танысатын - дегендей сайысымыздың 1 кезеңі.
I кезең «Таныстыруды» бастаймыз.
(әр топ өзінің тобын,мүшелерін таныстырады)
-
Жеребе алу.
II кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
-
Әр ойыншыға әріптер беріледі.Берілген сұрақтардың жауаптарын тек сол әріптен бастаймыз.
1 команда сұрақтары.
-
Атың кім?
-
Мектепке немен барасың?
-
Досың қандай адам?
-
Тіл мерекесі қашан?
-
Қазақ тілі сабағы қалай өтеді?
-
Қазақ тілі сабағынан «2» алғанда,не істейсің?
-
Абай Құнанбаев кім?
-
Үйіңде не бар?
-
Бай болғың келе ме?
-
Қыз бала қандай болу керек?
-
Көршіңнің аты кім?
-
Қай қалада тұрасың?
2 команда сұрақтары.
-
Фамилияңды айт.
-
Өзің нешедесің?
-
Қай обылыста тұрасың?
-
Досыңның аты кім?
-
Қазақ тілі сабағы неше рет болады?
-
Қазақ тілі сабағынан қандай баға аласың?
-
Шкафтың ішінде не бар?
-
Ер жігіт қандай болу керек?
-
Қандай тілдер білесің?
-
Ананның ұлты не?
-
Үйде ақша табатын кім?
-
Мектебіз неше қабатты?
III кезең. Ойлан, тап!
Мұнда капитандар шығып,шарды үріп отырып сұраққа жауап береді.
1 капитан сұрақтары.
-
Досың көп пе?
-
Ата - анаңды сыйлайсың ба?
-
Үйде нешінші баласың?
-
Мектептің мекен - жайы?
-
Бақытты жансың ба?
-
Мұғалім болғың келе ме?
-
Ауа - райы бүгін қандай?
2 капитан сұрақтары
-
Ата - анаң қандай адам?
-
Үйіңнің мекен - жайы?
-
Күзде жаңбыр жауа ма?
-
Студент болғың келе ме?
-
Астанада болдың ба?
-
Қалтаңда не бар?
-
Мектеп алыс па?
IV.кезең. «Сен ,білесің бе?»
Тақтада ұпай сандары жазылған ұяшықтарды таңдау.
-
ұяшық.Қазақ тілі қай топқа жатады?(түркі тілдер)
-
ұяшық .Қазақ алфавитінде неше әріп бар?(42 әріп)
-
ұяшық.Тіл мерекесі қашан?(22 қыркүйек)
-
ұяшық. «Ана тілі туралы жыр»әнінің авторлары.
-
ұяшық .Қазақ тілінде неше септік бар?(7)
-
ұяшық. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
-
ұяшық. «Кел,балалар оқылық»өлеңінің авторы.(Ы.Алтынсарин)
-
ұяшық. Арнайы сұрақ. Екі кішкене бала ойнап отыр,бірі екіншісінен қуыршағын тартып алды.Екінші баланың іс -әрекетін көрсет.
-
ұяшық. «Тілін жұтып қойды»фразеологизмінің мағынасын түсіндір.
Әрбір толық жауап 10 ұпай,толық 5 ұпай
V.кезең.«Сөзтізбе»
Екі командаға ортақ бір сөз беріледі:
Тіл -лас -сағат-таза-адам-мектеп.
Сөздің соңғы әріпіне басталатын 10 сөз жазу.
VI кезең . Кім жылдам?
Ойын шарты:1 минут ішінде берілген сөздерді көрерменге ыммен түсіндіру.
Әр нақты жауап 1 ұпай
1 топқа: Аяз ,ай,жүгіру,түн,қалам,көрші,пышақ,тарақ,сағат,көз,әже.
2топқа:шана,ет,жаз,би,жылан,балмұздақ,жұмбақ,көбелек,түйе,бәйтерек,тіл,дүние,100.
VII кезең. «Қазақстан» сөзінен бір түбірлі сөздер құру.
Қорытынды.
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау.
Қолқа салу.
Жеңген топ,жеңілген топқа қолқа салады.(өз өнерін көрсету)
-
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
Сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Асханадағы кезекшілік.
Мақсаты:білімділік:Тақырып төңірегінде сөйлей білу,тақырыпты ашу,толық
меңгерту,сапалы білім беру.
Дамытушылық:Түрлі тапсырмала арқылы оқушының қисынды
ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Қазақ тілін сүйіп оқуға,білімге,оқуға шақыру.
Сабақтың түрі: жаңа ұғым игерту.
Сабақтың әдісі: баяндама,сұрақ - жауап,аударма,сөздік ойын.
Көрнекілігі:интерактивті плакат,карточкілер.
Пән акралық байланыс:дүниетану,еңбек,сурет,орыс тілі.
Ұйымдастыру бөлімі.
А)оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1)Жаттығу.
2) «Күз»суретін әңгімелеу.
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
Мұғалім сөзі:Балалар,өздерің білесіңдер 22 қыркүйек - Тілдер күні.Соған орай мектебімізде «Мемілекеттік тіл - ұлт тірегі» тақырыбы негізінде айлық болып жатыр.
Бүгін, міне бізде де ашық сабақ.Бәріміз атсалысайық.
1.Мәнерлеп оқу.
- Мерует,Даша,Саша,Кирилл,Виолетта өлеңдерін оқиды.
2.Интерактивті плакатпен жұмыс.
- Сұрақтар қою.
а) қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- тексеру.
ә)плакат бойынша сөздерді табу.
3.Оқулықпен жұмыс.
Тақырыбымыз: «Асханадағы кезекшілік»
Сөздік жұмыс
Оқу,сөз тіркесін құру.
Ыстық сорпа,қышқыл алма.ағамның хаты.
4.Суретпен жұмыс.
- сөйлеу
- Мынау Ваня.Ол кезекші.Ваня ыдыстарды тасыды.
-Мынау Даша.
5.Мәтін.
- Оқу,аудару,түсінік айту.
6. «Төртінші артық»ойыны.
Алма картоп
Пияз қызылша
Орамжапырақ шие
Қияр қызанақ
7 «Сөзтізбе» ойыны.
Сорпа - адам -мереке-екінші-ірімшік-кітап-парта-алма-анар-рақмет.
8 Әрі оқы,әрі ойын- ширату кезеңі.
1.вишня- шие 2. помидор -қызанақ
Кобыла - бие лед,горка - сырғанақ
3.язык -тіл 4. Дежурный - кезекші
Слон -піл Трудоголик - еңбекші
5.Столовая - асхана 6. Хлеб - нан
Столица - астана Утро - таң.
9.Сөзжұмбақ шешу.
1.яблоко -алма 4.Нож - пышақ
2.морковь -сәбіз 5.Груша - алмұрт
3.письмо - хат 6.Хлеб - нан
Сабақ бекіту: 1)- қандай жаңа сөздер өттік?
Не естеріңде қалды?
Жаңылтпаш ату.
Шеше,
Неше кесе
Сынды неше?
2)Асханада - Сөздер құру
Ас,сахна,хат,ана,сана,сан,Асан,ахан.
Үйге тапсырма беру: 2 тапсырма (35 бет)
Бағалау.
Қандыағаш қалалық №5 орта мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы:« Асханадағы кезекшілік»
3 «г» сыныбы
Өткізген: Арыстангалиева СС