7


  • Учителю
  • Фокус группада өткен сабақтың кері байланыс есебі

Фокус группада өткен сабақтың кері байланыс есебі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Рефлексивті есеп

Коучинг-тренинг өткен күн: 05.11.2015ж

Қатысқан мұғалімдер:

  1. Ангерелиева П.Б.

  2. Аубакиров А.А.

  3. Сайдахметова Д.Х.

  4. Сайдахметова Д.Х.

  5. Бедилова П.А.

  6. Шинасилова Н.П.

  7. Орманбекова А.А.

  8. Құдайберген Г.У.

Коучинг-тренингте байқалған жетістіктер:

1. Коучингте адамның ойлауына көп түрткі салынды. Бұл коучингте әр адам өз ойын еркін жеткізді.Ұйымшылдықпен,бірлікпен нәтижелерге қол жеткіздік. Назардан тыс қалған ешқандай адам болмады. Сабақтың өмірмен байланысы көп болды.

2.Мұғалім мектептің жүрегі, әдістеме оның тірегі демекші біз бүгінгі отырысымызда өзімізге қажетті жаңа идеялармен таныстық. Оқушының оқуына әсер ететін факторлардың тиімділігін ажыратып, уақытты дұрыс пайдалану жайында дәлелдемелер айттық.

Біріншіден, осы коучинг сабағы мен үшін өте маңызды болды.Осы өтіп жатқан курс бағдарламасы туралы үшінші деңгей тыңдаушыларынан еміс -еміс естідім, тіпті сабақтарына да қатыстым. Дегенмен көзбен көріп, қолмен ұстап, ресурстармен жұмыс жасағанымыз әлде қайда әсерлі де, түсінікті болды. «Әлем өзгеруде, біз де өзгерудеміз» фильмін көргеннен кейін осы курсты оқып келуге қызығушылық танытып отырмын. Бүгінгі коучинг сабағынан өзіме көп мәлімет алдым. Әсіресе оқытуда уақытты тиімді пайдалануды өзім коучинг - тренинг өткізгенде сезіндім. Негізінен менің коучинг - тренингімде топтық жұмыс орындалмады. Топ ережесіне бағына отырып жұмыс істеу әрі тиімді, әрі топ мүшелерінің бір-біріне деген құрметімен ерекшеленеді екен. Дегенмен, менің коучинг-тренингімде өздік тапсырмалар мен жұмыстар болды. Өздік тапсырмаларды орындауда қатысушы мұғалімдердің қасиеттері анықталып жатты. Осы әдісті өз тәжірибемде қолданамын. Әртүрлі тақырыптағы психологиялық тренингтер мен салыстырмалы мысалдар жылы атмосфера туғызды.

Коучинг сабағына қатысқан мұғалімдерімнің пікірлерін ести отыра өзіме деген сенімділігім арта түсті. Коучинг сабағын қалай өткізсем екен деген толғанысым сейілді. Ендігі сабақтарымды аяғымнан нық тұрып өткізе аламын, дегенмен теориялық білімімді үздіксіз жетілдіріп отыруым керек екеніне көз жеткіздім. Көбінесе қарапайым өз сөздерімді қолдандым. Келешекте коучинг сабақтарын өткізуде теориядағы нақты анықтамалармен жеткізуге тырысамын. Сабақ барысындағы ресурстармен жұмыс кезіндегі олардың әрбір қимылын бақылай отыра келесіде мен не істеймін деген алдағы жоспарыма кедергісіз көшіп отырдым. Алдымда отырған әр түрлі санаттағы мұғалімдердің топ ережелерін сақтай отыра, ынтымақтастықта шешім қабылдағандары, тіпті кей кезде балаша қылық танытқандары олардың кеуделеріндегі қаншама проблемаларын ақтарып тастағандай көрінді. Осы мәселелер мазмұны бүгінгі таңда оқу үдерісінде кездесіп жатқан кемшіліктерді толық ашып берді. Оқу үрдісінде кездесетін кемшіліктерімізді осындай отырыстарда ашық айта білуіміз керек. Көкірегінде санасы бар адамға осының өзі де жеткілікті болар деп ойлаймын. Коучинг сабағын өткізуде оқу үдерісінің нәтижесін арттыруда әріптестерімнің жеке мақсаттарын айқындауда көмек бере алдым. Коучингке қатысқан әріптестеріме сабақты жопарлауда көмек ретінде ақпарат бердім деп ойлаймын. Оларға құлақпен естігенше, көзбен көргендері тиімді болар деп өзімнің дайындаған презентациямды көрсеттім. Жаңаша сабақтардың алдына мақсат қойған мұғалімге ешқандай қиыншылығы жоқ екеніне жетелегім келді.

Әріптестерімнің арасында қажетті мақсаттардың орындалуы үшін коучинг сабақтарын өткізуді әлі де жалғастырғым келді. Жалпы коучинг дегеніміз сенімді орта құру деп түсінемін және мұғалімдердің өзіне керекті әрекеттер тәсілін таңдауға, дербес білім алуға көмектеседі.

Менің өткізген коучинг - тренинг тақырыбым келесі болды «Уақытты дұрыс пайдалану қажет пе?»

Коучинг-тренингім келесі бөлімдерден тұрды:

  1. Сәлемдесу, таныстыру, бой сергіту сәті

  2. Жаңа ақпарат ретінде презентация - слайд көрсету

  3. Өздік жұмыс ретінде тапсырмалар:

а) уақытты дұрыс пайдалану мақсатында жеке күн тәртібін жаздырып, онымен таныстыру;

б) сабақ кезінде әр мұғалімнің жеке дара іс-әрекетін жаздырып, онымен таныстыру;

4. Талдау-талқылау

5. Қорытынды



Міндетім :

- оқушылардың оқуына әсер ететін факторларды анықтау;

- оқушылардың оқуға ынтасын арттыру үшін бірнеше тәсілдерді қолдану;

- тәлім алушы ретінде өзіме деген сенімділікті арттыру;

- тәлім алушы ретінде жоғары жетістікке қол жеткізу.

- уақытты барынша тиімді өткізіп, дұрыс пайдалана білуге жетелеу.



Білім сапасын арттыру мақсатында қажетті құндылықтарды іске асырып , білім беру саласында қазіргі жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде жоғары жетістіктерге қол жеткізуге, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға өз үлесімді қосу міндетім деп ойлаймын.





Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мұғалімге арналған нұсқаулық», 2012 жыл.

2. Үлестірмелі материалдар

3. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мұғалімдерге арналған бағдарлама» 2012 жыл.

4. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, «Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар»,

2012 жыл.

5.cpm.kz







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал