7


  • Учителю
  • Конспект по экологий на тему 'Топырақтың құрамы және экологиялық маңызы' (7 класс)

Конспект по экологий на тему 'Топырақтың құрамы және экологиялық маңызы' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Топырақтың құрамы және экологиялық маңызы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу.
Дамытушылық: Оқушылардың байқағыштығын, ойлау қабілетін, түсінгенін жеткізе білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүюге баулу. Өзіне деген сенімділікке баулу.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын текксеру

Жаңа сабақ барысы:

Құнарлылық - топырақтың ең басты, негізгі қасиеті. Ал ол топырақтың бірқатар басқа қасиеттеріне байланысты болады.

Топырақтың қасиеті де әртүрлі: сулы, ауалық, жылулық және тұздық.

Топырақтың жұту қабілеті. Өсімдік қоректі өзінің тамырлары арқылы топырақ ерітіндісінен алады. Бірақ ол өзіне қажетті заттарды ала алу үшін ерітінді сұйық, былайша айтқанда көп суға тұздың өте аз мөлшерінің (1 литр суға 2-3 г қоректік тұз шамасы) ерітілген болуы керек. Рас, ерітіндіде тұз өте аз болса өсімдік ашығады, бірақ ол ерітінді өте күшті болса да өсімдік өліп қалады. Мұндай концентрациялы сулы ерітіндіден өсімдік тамырлары тұздарды сорып ала алмайды, сондықтан өсімдік аштықтан өлген сияқты, мұндай жағдайда да өліп қалады.

Топырақтың сіңіру қабілеті ең алдымен ондағы өте уақ (коллоидтық) - минералды, органикалық және органикалық-минералдық бөлшектерге байланысты. Топырақтың бұл бөлімі оның сіңіру кешені деп аталады. Мұндай бөлшектер неғұрлым көп болса, топырақтың сіңіру қабілеті солғұрлым жақсы болады

Топырақтың реакциясы. Егер топырақта қышқылдар (мысалы, глее - күлгін топырақтардағы сияқты фульвоқышкылдары) немесе сілтілер (мысалы, сортаң топырақтағы сода) өте көп болса, мәдени өсімдіктер нашар өседі, немесе мүлде өліп қалады. Мәдени өсімдіктердің көпшілігінің жақсы өсуі үшін топырақ ертіндісі қышқыл, немесе сілтілі де болмауы керек. Ол орташа, бейтарап болуы керек.

Топырақтың реакциясы (қышқылдығы, сілтілігі) оның қандай заттарды (элементтерді) сіңіргендігіне де өте тығыз байланысты. Егер топырақ (оның қатты бөлшектері) сутегін немесе алюминийді сіңірсе, ол қышқыл болады; ерітіндіден натрийді сіңірген топырақ сілтілі, ал кальцийге қаныққан топырақтың реакциясы бейтарап, былайша айтқанда, орташа болады.

Табиғатта түрлі топырақтардың реакциясы түрліше болады. Мысалы батпақ, күлгін және қызыл топырақтар - қышқыл, сортаңдар - сілтілі, ал каратопырақ - орташа реакциялы болады.

Топырақтың кеуектілігі. Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болғанмен су немесе ауа жеткіліксіз болса, өсімдік өліп қалады. Сондықтан топырақта қоректік заттармен бірге топырақтың кеуектерінде (скважиналарында) орналаса алатын ауа мен судың болып тұруы өте маңызды болып табылады. Топырақтың бос кеуектері (тесіктер не скважиналар) көп орын алады, олардың көлемі топырақтың барлық көлемінің жартысына жуық болады. Кеуектердің көлемі мен пішіні түрлі топырақтарда ғана емес, тіпті бір түрлі топырақтың өзінде түрліше болады. Уақ кеуектердің тесігі милли-метрдің жүзден, мыңнан бір бөліміндей, не онан да тар болады. Ірі қуыстардың, мысалы топырақ жарықшақтарының тесігі бірнеше сантиметр болуы мүмкін.

Қорытынды

Топырақты көңмен тыңайтып тұру керек, ауыспалы егістерге біржылдық және көп жылдық астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас шөптер танабын енгізу, құм топырақтарға люпин және сераделла егу керек. Бұршақ тұқымдас шөптер топырақты кальций мен азотқа, ал барлық - бұршақ және астық тұқымдас шөптер, егер олардың өнімі жақсы болса, топырақты қарашірікке байытады, өйткені олардың тамыр жүйесі сұлы, қарабидай, бидай және басқа егістік, бақша өсімдіктерінің тамыр жүйесінен бірнеше есе көп болады. Онымен бірге, тамыр жүйесі нашар астық және бақша дақылдарына қарағанда, тамыр жүйесі жақсы дамыған шөптер өзінің торланған қалың тамырлары арқылы топырақты түйіршіктер мен құрткесекшелерге бөледі. Ауыспалы егістерге шөп танаптарын барлық жерде бірдей бір үлгі бойынша енгізуге болмайды. Бақылау жүргізе отырып, ауыспалы егістердің шөптер қоспасына жаңа дақылдарды батыл енгізу керек. Мысалы, қара топырақсыз аймақта жоңышқа, атқонақпен бірге райграс, қойкөде және жима тарғақ, құрғақ далаларда беде және еркекшөппен бірге түйе жоңышқа, ноқат, судан шөбі; дымқыл субтропиктерде - бөрібұршақ (люпин), атбұршақ сияқты өсімдіктер өседі.

Үйге тапсырма:Топырақтың құрамы және экологиялық маңызы баяндама жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал