7


  • Учителю
  • Армысың, әз Наурыз! әдеби-сазды кеш

Армысың, әз Наурыз! әдеби-сазды кеш

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Армысың, әз Наурыз!

</<br>

Мақсаты: Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: киіз үйдің макеті, көрме, нақыл сөздер, слайдтар.

Әдісі: сахналық көрініс, әдеби монтаж.

1 - жүргізуші: Ассаламағалейкум ардақты ағайын!

2 - жүргізуші: Армысың, Көктем!

Аман ба, жасыл әлемің?

Алатау ата, саған да тағзым және мың.

Армысың, Көктем! Армысың жасыл әлемім.

1-жүргізуші: Бүгін - ұлыстың ұлы күні. Бүгін - ошақта қазан көтерілетін, үйдің іші - сырты тазарып, көңілдің кірі кететін, жүректе игі тілек туындайтын, бар ниетте ізгілік өріс беретін күн.

2-жүргізуші: Дәл бүгінгі күні күн мен түн теңеліп, суық пен жылылық алмасып қыс пен жаз ауысып, ұлық пен құлық, ұлық пен кішік, бай мен кедей бірдей болатын күн.

Ән «Наурыз думан»

1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні, яғни жаңа жылда наурыздың 21-нен 22-сіне қараған түні даланы Қызыр баба аралайды екен. Қызыр баба үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» - деп, төрге қос шырақ жағылып қойылады. Жақсылықтың жаршысы Қызыр бабаны қарсы алайық ! (Қызыр бабаның сөзі айтылады.)

Қызыр баба: Ақыл ойды асырып, Ата салтын сақтаңдар. Дұрыс сөзге тоқтаңдар.

2-жүргізуші: Наурыз тойында қазақтың ұлттық ойындары ойналмауы мүмкін емес. Наурыз - тоқшылықты, батырлықты көрсететін мейрам. Алдарыңызда ержігіттеріміздің мықтылығын көрсету мақсатында гір көтеру ойынын тамашалаңыздар! ( ұлттық ойын ).

1-жүргізуші: Жаңа жылға нұрлы үміт, ақ арманмен қадам бастық. Әр жылдың өзіндік ерекшілігі бар. Ал биылғы жыл ел тарихы үшін мерекелі жыл болып енгелі отыр. Өлгеніміз тіріліп, жанып, құлаған тауымыз көкке бой түзеп, желбіреп, енкейген еңсеміз жазылды, мемлекетімізді әлем танып, тереземіз өзге жұртпен теңелді. Ерлік пен ездікті, қайрат пен жігерді, парасат пен төзімді сынға салған осы жылдардың біз үшін әр сәті қымбат. Бүгінгі Наурыз тойы айтыс жырларынсыз өтуі мүмкін емес. Келесі тамашалайтындарыңыз ақындар айтысы.



2-жүргізуші:

Мал төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Малшылыққа аңыз боп.

Басталыпты Наурыздан.

Ән: «Дәстүрлер- ай»

1-жүргізуші:

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ

Қалыс адам қалмасын некен - саяқ.

Ән шырқап, би билейік, қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп,-деп келесі кезекті Наурыздан жаңа жылға байланысты сұрақ қойып, залдан жауабын сұрайық.

1.Наурыз көжеге асылатын тағамның бірі?

2. Ұлттық ойын? ( ханталапай )

3. Наурыз көжеге қосылатын 7 түрлі тағам? ( су, сүт, ет, көк пияз, дән, мейіз )

4. Қасиетті ас? ( нан )

Қызыр баба:

Ұлыс күні ұлыстың.

Өкпе назды тастаңдар.

Мынау тұрған халықты.

Ынтымақ пен достыққа,

Жақсылыққа бастаңдар.

Айналайын ел - жұртым.

Орындалсын арманың,

Жайқала берсін орманың. Ал, балапандарым, ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы.Ал, кәне, өнерлеріңді ортаға салыңдар.

2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні таңды, шыққан күнді маңдайын тосып қарсы алған. Ер адамдар қос қолдасып, төс соқтырды, барлығы құшақ жайысады.

Күй «Адай»

1-жүргізуші: Наурыз мерекесінің танымдық қуаты мол, жұмбақ сырлы рәсімдері мен шартты талаптары баршылық. Соның бірі Ұлыстың Ұлы күні Наурызнамаға дайындалатын- наурыз көже. Ол кемінде 7 түрлі тағамнан дайындалу керек деген қазағымда түсінік бар. «Ұлыстың ұлы күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар » деп халық даналығындай ол күні мейлінше көже болу керек.



Сүгірдің термесі

2-жүргізуші : Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсен менше сүй.

Ән «Қазақы дастарханым»

1-жүргізуші:Ұлы халқым есептескен текпенен,

Ата салтын ешкім аттап кетпеген

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген.

2-жүргізуші:Ұлыс күні кәрі - жас,

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өрістен.

Шалдар бата беріскен,

Сақтай гөр деп керістен-деп Қызыр баба сізден бата сұраймыз.

Қызыр баба:

Көпке жаққан елшіл бол

Бозторғайдай төлшіл бол.

Ағайын тұрар сөзді бол.

Өткен өзімен кетіп,

Келген күн жарылқасын!

Аяз әлін біліп,

Күнекей Наурыз жарылқасын!

«Аллау акбар!» - деп батасын береді.

1-жүргізуші: Осымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты кешімізді аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал