7


  • Учителю
  • Сценарий литературно-музыкального вечера КІТАП МЕРЕКЕСІ

Сценарий литературно-музыкального вечера КІТАП МЕРЕКЕСІ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



«Қостанай каласы әкімдігінің білім бөлімінің

М.Хәкімжанова атындағы

№20 орта мектебі» ММ

Кітапхана меңгерушісі Уаисова Б.А.



«Білімнің көзі - кітапта»

кітап мейрамі

1-4 сыныптарға арналған



Мақсаты:

1) Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

2) Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

3) Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулығын күтіп үстауға үйрету.

Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітаптарын, оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакат. Кітап көрмесі.

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті кітап сүйер қауым! «Кітап күні» мерекесімен құттықтаймыз. 1972 жыл - ЮНЕСКО-ның шешімімен «Халықаралық кітап жылы» деп аталса, ал 1995 жылдан бастап, «23 сәуір - Халықаралық кітап күні» деп жарияланды. Міне содан бері бұл күн өте жоғары деңгейде аталып өтілуде.

2-жүргізуші қолына кітаптарды құшақтап келе жатады. Алдынан 1-жүргізуші шығады. Амандасады.

1-жүргізуші: - Қайда жүрсің? Іс-шара басталып қалды. Өзін не көтеріп келесің?

2 - Кітап қой.

1 - Мұнша кітапты не істейсің?

2 - Бұл кітаптарды оқимын.

1 - Осының бәрін қалай оқып бітіресің?

2 - Сол да сөз боп па, кітапқа бір кірсен шыға алмайсың. Іші толған ғажайып.

1 - Сол ғажайыптарды өзің ғана білгенше, мына келген қонақтармен де бөлісейік.

2-жүргізуші: Армысыздар, кітапқұмар достар, кітап жанашырлары! Бүгін біз мектеп кітапханасымен бірігіп дайындаған «Білімнің көзі - кітапта» атты өнегелі кешімізге қош келіпсіздер!

Ән:

1-жүргізуші:

Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз. Бірақ, рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын, өскен сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді. Кітап-жанның емшісі, кітап - теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді, білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге, тәрбиелік әсер аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар»-деген халық даналығы бекер айтылмаған.

1-оқушы: Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тек келмес оған жиған мүлік.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз түпсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.

2-оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Сол кітап тек ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.

3-оқушы: Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап,

Көтеріп күйін көңілдің.

Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Таппасаң нәрін шөлдерсің.

Би:

1-жүргізушы:

Балалар, сендер білесіндер ме, кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.

Ежелгі Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданыла бастады. Қамысқа басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған. Мысыр Фараондары (патшалары) қамысты өңдейтін, кітаптарды көптеп көшіретін шеберханалар ашқан, қамыстан жасалған оқтаушы кітаптар онша төзімді болмады. Біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырда қамыстың орнына тері жаңғақ (пергамент) қолдана бастады. Біздің заманымыздың І ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап дүниеге келді.

2-жүргізуші:

105-жылы, яғни біздің заманымыздың ІІ ғасырында қарапайым Қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. ХІІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай тарады.

Баспа кітап өнерінің тууы, кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы ағаш баспа (ксилография) қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды.

Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты. Бұған дейін қазақ халқының кітаптары көбінесе арап әрпімен жазылып, қолжазба түрінде тарады.

1800 жылы патша үкіметі Россия халықтарының тілдерінде кітап шығаруға рұқсат етті. Осыған орай Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Семей, Омбы қалаларында кітаптар шыға бастады.

Ән.

Кітап: Не деген сұмдық? О, айналайындар сендер менің құрметіне мейрам өткізіп тұрсындар. Менің қайда болғанымды тәртіпсіз оқушыдан сұрандар, мені тығып тастады. Қасындағы оқушыға қарап: Мына бала әдепті екен, тығылып жатқан жерден мені шығарып алды. Парағымнан айырылып, қанатымнан қайырлып, жалғыз қалдым. «Қайғы, мұн - терең құз, түсесінде кетесің. Желкен қайық - үстімен жүзесің де өтесің» - депті ғой бұрынғылар.

1-жүргізушы: Қиын болған екен, бұл балалардың ісі ғой, сабыр сақтаңыз, отырыныз.

2-жүргізушы:

Иә, халық даналығында «Ұяттан Алладан қорыққандай қорық», деген нақыл сөз бар. Оқырмандарда ұят болса, ұят болған жерде халық мүлкі, халық қазынасы тозбай, береке-құты қашпай, келешекке сақталады. Кітапхана оқырмандарына ар тазалығы жарасады. Ұстаған кітапты таза, бүктемей, жыртпай ұстау, яғни оқырман мәдениеті жоғары деген сөз.

Көрініс.

Оқушы: Асыл ойдың иесі, ғылымның жүйесі,

Қуанышты көңілдің, баспалдағы өмірдің.

Жан азығы серігім, ардақтамас сені кім?

Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,

Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін,

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.

Оқушы: Әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,

Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?

Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме,

Сені сыйлар түбінде.

Ән.

1-жүргізушы: Ғұлама ғалым Әбу нәсір Әл-Фараби айтқан екен. «Тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деп, сондықтан, балалар, біз кітапты сүю - өзіңді сүю екенін, әдебиетті ең жақын ақылшым, серігім деп түсінуіміз керек деп ойлаймын.

2-жүргізуші: - Кітап әлемі бүкіл жан-дүниені билеп, еш уақытта көзге көрінбейтін сезім арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелеп әкететін киелі дүние екеніне көз жеткізесің.

1-жүргізуші:- Кітап әлемі адамды арман биігіне самғатады, ақыл, ой, сұлулық әлемін шарлатады, білім-ғылым жолына жетелейді.

2-жүргізуші:- Иә, балалар, кітап әлемі бір ғажайып дүние екеніне таласымыз жоқ. Енді осы кітап қалай шығады, кімдер тер төгеді, соған бір сәт зер салайықшы.

1-оқушы. Саған білім жемісін,

Оқулығын береді.

Талай адам сол үшін,

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аяла,

Алақанын өсірген.

Сансыз ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.

2-оқушы. Ағаш кесіп қанша адам

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған ,

Ағаш тиеп үнемі.

Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған,

Білер ме ең көп ағаны?

3-оқушы. Заводтарда күні-түн,

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адамның кім үшін

Маңдай тері тамады?

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

4-оқушы. Әдемілеп берсем деп.

Бояу жағып не түрлі

Суретшілер көркемдеп,

Қаншама уақыт отырды.

Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

5-оқушы. Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Оқулығың-құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсын ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірме бір бетке.

Би:

Кітап: Бәрін, бәрін білесің, оқи берсең кітапты! Дендей көп оқысаң, көп білесің....Сендердің кітапқа деген құштарлықтарын да арттырсын деген ниетімді білдіремін. Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдында бас иіп, көптеген ақын-жазушы ағаларың да жазған екен. Сол тақпақтарды білесіндер ме, канекей, айтып беріндерші.



Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жатып ап

Көтеріп күшін көңілдің.



Айдыны шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көп дерсің.

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің.



Кітап та алма ағашы,

Жемісін бізгі беретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабының әр бетін.



Пайда ойла, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбе оқып көруге.



Кітабың - сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Олсыз алға бір адым.



Кітабынды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.



Кітап: Жарайсындар, балалар! Ал енді көрейік қалай сендер кітап оқыйсындар, мына сұрақ-жұмбақтарға жауап беріндерші:



Аптап ыстық кең даланы құратқан

Егін күіп, бұлақтарды суалтқан.

Сол кезде

Тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп, Отанын қуантқан,

Ол кім?

(Толағай)



Кіп-кішкентай ғана бойы бар,

Қысылғанда сөз тапқан

Қырық өтірік пе керегі?

Жанылмай айтып береді.

(Тазша бала)



Кедергі еткен масаға,

Адамдар мен дос болып,

Тек жақсылық жасаған.

Айыр еткен құйрығын,

Зұлым жылан тасады

Білесің бе, қандай құс?

(Қарлығаш)



Күн батса, қайта таң атар,

Шуағын арай таратар.

Өлімі - жеңіс пара-пар

Отырарды қорғаған

Хас батырды кім атар?

(Қайыр хан)



Шынғыс хан төгіп қаһарын,

Сөндірген бейбіт, шат әнін.

Айта қойшы, сен қане,

Көне қала атауын.

(Отырар)



Қазақтың «Бес арысын» атандар?

Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. Аймауытұлы, М.Жұмабаев



Қазақтың «үш бәйтерегі» деп кімді атап кеткен?

С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин



2-жүргізушы: Жарайсындар, балалар! Ал сендер білесіндер ме осы 2016 жылында қандай үлкен мерейтой болып жатыр? Ия, Тәуелсіздігімізге - 25 жыл. Бұл мерекені бүкіл ел тойлап жатыр, соның бастамасы біздін мектепте, осы мерекеде орын алды. Сахнаға біздің оқушылар шақырылады, Тәуелсіздігімізге арналған өлендерді оқып береді.

Оқушылар өлен айтады

1-жүргізушы: Міне, балалар, кітаппен достассандар бәрін білетің боласындар, білім нәріне кенелесіндер. Бірде ұялтса, бірде мақтайды, бірде бүкіл әлем сырын алдына жайып салады. «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген осы. Кітап оқысандар қызыққа кенелесіндер, тауды бұзып, тасты жарасындар, бүкіл әлемге саяхат жасайсындар.

2-жүргізушы: Осымен біздін өткізген «Кітап мерекеміз» мәрісіне жетті. Назарларынызға рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал