7


  • Учителю
  • 'Қазақтың Қасымы' тақырыбына тәрбие сағаты

'Қазақтың Қасымы' тақырыбына тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты : 1. Ұлы жеңісті дәріптеу , өз Отанын, елін ,туған жерін сүю , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды біздің жерлес қаһарман жазушы, яғни Қасым Қайсеновтың шығармашылығы мен өмірімен таныстыру. 2. Ұлы Отан с
предварительный просмотр материала

Мақсаты : 1. Ұлы жеңісті дәріптеу , өз Отанын, елін ,туған жерін сүю , туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушыларды біздің жерлес қаһарман жазушы, яғни Қасым Қайсеновтың шығармашылығы мен өмірімен таныстыру.


2. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата -бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту.

Барысы:

Мұғалім: - 1941 жыл 22 маусым фашистік Германия кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды.

Озат: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер азаматтары майданға аттанды.

Маржан: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

«Священная война»

Томирис: «Мен соғысты жек көрем»

Қанат: Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,

Отан үшін талай ерлер мерт еткен.

Болмасыншы,болмасыншы қан соғыс,

Соғыс десе жүрегіміз селт еткен.



Думан: Соғыс өтті жалмап талай өмірді,

Қаншама қан еш жазықсыз төгілді

Соғыс аты естілгенде құлаққа

Елестетер қара тажал өлімді

Келді міне, күндей жайнап гүл көктем

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен.

Диана: Өткізді олар сызды окопта күндерін

Елестетем қанды кешіп жүргенін

Естігендей болам жаудың шебіне

Атой салған сарбаздардың үндерін

Талай жанды қиды ажал балтасы

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы

Ел қорғаған аталардың арқасы!

Маржан: Соғыс деген болмаса екен ешқашан,

Бұлт жаппасын бейбітшілік аспанын.

«Отан үшін!» деп күрескен әрқашан

Батырларды ұмытпайық, достарым!

«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ».


Надежда: Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл-көмей,

Абзал досым, мүгедекті жүр демей!

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей

Озат: Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Маржан: 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Жеңіс күні.

Жеңісбек: Сүйінші, халқым, сүйінші,

Сүйіншіге - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан ата-бабамыз!

Кек қайтарып фашистен ,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!

Эльдар: Жеңістің туы жалтылдап,

Жығылмай мәңгі тұрады.

Сол тумен өскен аршындап,

Ерлердің бізбіз ұланы!

Ерболат: Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұстап туыңды

Жарқыратсын туған елдің таңбасын!


Айдос: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

«Ақ көгершін» әні. Бибосинова Диана


ЖЕҢІС

бақыт

қуаныш бейбітшілік Отанды қорғау 1945жыл 9 мамыр


Елнұр: Жеңіс деген бейбіт таңның нұрлары,

Жеңіс деген ақын жүрек жырлары

Жеңіс деген майданда өлген боздақтың,

Аруларға айтпай кеткен сырлары.


Асан: Жеңіс жазған естелік көп ойымда

Намыс оты әлі де бар ойымда.

Ұрпағыма мақтанышпен айтамын

Жыл сайын мен Жеңіс күнгі тойымда


Ерлан: Барша халық жеңіс күнін тойлайды,

Жас сәбилер думандатып ойнайды.

Ардагерлер көздеріне жас алып,

Ұрпақтардың амандығын ойлайды.


Озат: 9 мамыр - Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.


Маржан:Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.


Озат: Есімдері аңызға айналған, Тарих бетінде «Батыр » деп жазылған Ұлы Отан соғысының ержүрек қандай батырларың білесіңдер?

(Оқушылардың жауабы)


Ерлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?


Маржан: : Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Адам ешқашанда анадан батыр болып тумайды. Айбындылық, батырлық, ерлік аспаннан түспейді. «Табандылықтың атасы - татымды тәрбиеден бастау алады» деген халық қаһарманы даңқты батыр Бауыржан Момышұлы. Соғыста ерен батырлығымен көзге түскен атақты батырымыз, бір туар еріміз, жерлесіміз Қасым Қайсеновтың туғанына 95 жыл толып отыр.

Озат: Қасым Қайсенов - Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.

Маржан: 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген соң Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.

Маржан: Алтайдай алып тұлға - Қасым ағам,

Алмастай отқа салса жасымаған.

Бойында Бұқтырманың бұла күші

Болса да, арна теуіп тасымаған.

Арайын арманымен астартырып.

Шашырап тұрар еді бақ шапағы...

Шаттанса, Қазақстан шаттансын де,

Дүниеде Қасекеңдей бар ақсақалы

Озат: 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отря¬дын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.

Маржан: Қ.Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.

1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизан¬дары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.

Надежда: Қасым ата,

Асыл ата.

Жауыңа болып тидің,

Жасын ата,

Қасым ата,

Батыр ата.

Еліңе мақтан болды,

Атың ата!

Озат: Қасым Қайсенов «Богдан Хмельницcкий», «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Украинаның «За заслугу» ордендерімен, Кеңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты.

Ол 2003 жылы 30 желтоқсан күні 86 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.



Озат:

(Хамит Ерғали)

Әжем айтса ертегінің маңызын,
Тез таусылып қалушы еді таң ұзын.
Ендігіге біздің Қасым Қайсенов -
Ертеңгіден ұзағырақ аңызым.

Ерлерім көп, мен де соның бірімін,
Жөні басқа аңыз болған тірінің -
Жөні басқа оттың, судың, жел құздың
Адамзаттан жаратылған пірінің.

Қасымым көп, мына Қасым - бір Қасым,
Ажалмен де ойын - сауық құрғасын ...
Бір қарасаң, жаны нәзік жауқазын,
Бір қарасаң, балқымайтын қорғасын.

От көрдің бе қар жамылып, сөз төсеп,
Маздап жанған тамызыққа мұз көсеп?
Ондай отты ала алмаған Прометей,
Ондай отты біз табамыз іздесек.

Ол - партизан аталып жүр бертінде,
Бес сөндірсең, он жанатын бір түнде.
Бірін атсаң, ертеңіне - екеу ол!
Жұртым десең, осыларша жұртым де!

Қасым - сол от! Көркі оттың көркінде; -
Жалын жанып тұрады оның бөркінде!
Бақ пен сорға түкірген ол, маңдайдан
Қос шырақтың бірін алсаң - еркіңде...

Құз басынан құласа да бір түнде -
Бәрі бір ол баз баяғы сертінде, -
Халық дейтін періштесі қаққан соң,
Оған ешбір дарымайды дертің де!

Мен отырам осы жайды ойлап қап,
Теңеу іздеп мысқалдап та, оймақтап.
Қасым болса, айғай салып жүреді
Қарлы шыңда машинамен ойнақтап.

Шүкір!.. Аңыз Қасым інім қасымда,
Өлмеу үшін жаралған соң басында...
Саспа, құрбым, шөберең де көреді
Бұл тентекті бір жүз алпыс жасында!..


Маржан: Сонымен қалам мен қару ұстаған Қаһарман Жазушы Қасым Қайсеновтың шығармашылығы терен, көлемді деуге болады. Қасым атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау - біздің қасиетті борышымыз.


Озат: Ал, балалар айтыңдаршы , сонымен Қасым Қайсенов кім?


Маржан: Таяуда Шығыс Қазақстан облысының, Ұлан ауданында «Молодежный» ауылын Қасым Қайсеновтың атына ауыстырылды. Ол туралы мына жаңалықтардан көре аласыздар.

(Бейнефильм)

Сонымен бірге Өскемен қаласында Қасым атамызға арналған ескерткіш бар.

Озат: Мол тартқан қан майданның ғаламатын,

Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын.

Жан аға, жақсы аға - жетпес баға,

Кім сүймес Қасымдай азаматын.


Маржан: Жеңіс күні - 9 мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.


Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер оралмайды

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді


«Әрқашан күн сөнбесін» әні хормен орындалады.






Қарасу орта мектебі










( Қасым Қайсеновтың 95 жылдығына орай өткізілген, бастауыш сынып арасындағы ашық тәрбие сағаты)



Өткізген: Елькенова А.Р

8 мамыр 2013 жыл





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал